М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да Елбасының Жолдауын қолдау аясында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлескен жастар форумы өтті.  М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аясында жүргізілген күрделі жөндеуден кейін 480 орындық студенттер жатақханасы қолданысқа берілді.

Қазақша KAZ
Русский RUS
English ENG

Ректорға сұрақ

gos_simvoli-kaz.png

2007 жылғы Тараз Декларациясы
Жаңалықтар - Соңғы жаңалықтар

Білім мен ғылым сапасы кез-келген мемлекет экономикасының  тұрақты әрі орнықты дамуының негізгі факторы болып табылатыны сөзсіз. Соның ішінде адами капитал ретінде білім саласына инвестициялық басымдық беру ілгерішіл өзгерістердің, инновацияның және елдің өнімділігін арттыратын басты қозғалтқышы болатыны да даусыз. Расында, жаһандану заманында әр ұлттар мен мемлекеттердің өзара бәсекелестігі мен ықпалдастығы артып отырған жағдайда, ең бірінші  кезекте, адамның «ақыл-ойына», оның біліміне  көп күш салынатыны белгілі.

Оның үстіне саналы түрде басқарылатын дамудың ұзақ мерзімді көрінісін қамту үшін де бүгінгі ұрпақтың заман ағысынан кейін қалмай, сапалы білім нәрімен сусындай түсуі қай кезде де өзекті мәселенің бірі болып қала бермек. Осы себепті де, Мемлекет басшысы өзінің соңғы жылдардағы халыққа Жолдауларында білім саласын реформалауға қатысты мәселелерді дүркін-дүркін алдыға міндет етіп жүктеп отыр.  Әсіресе, ел дамуының әлеуметтік бағдары баса қамтылған ағымдағы жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Президент Жолдауында білім мен ғылым саласына ерекше басымдық жүктеліп отырғаны анық.
 Елбасы Н. Назарбаев биылғы Жолдауында білім беруді одан әрі жаңғырту жайына аса мән беріп, елдегі жоғары оқу орындарына, ондағы білім сапасына ерекше назар аудару қажеттігін айтқан болатын. Мәселен, Президент Жолдауында жүктелген міндетке сәйкес, білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында, оқу үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу, педагогтар құрамының сапасын арттыру, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру, мемлекет жеке-меншік әріптестігі арқылы ауыл жастары мен аз қамтылған отбасынан шыққан жастардың өмір сүруі мен жол жүруін субсидиялау, жатақханалар желісін дамыту арқылы білім берудің қол жетімділігін кеңейту, жастарға тек білім беріп ғана қоймай, оларды әлеуметтік бейімделу үдерісіне пайдалана білуге де үйрету және де оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту. «Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс»   деп атап көрсетті Н. Назарбаев.
Расында, қолға алынған ауқымды стратегиялық мақсаттарды тиімді жүзеге асыру үшін сапалы мамандар даярлауда, сондай ақ мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда еліміздегі университеттерге зор жауапкершілік жүктеледі. Осыған орай, Жолдауда көзделген негізгі бағытта табысты жұмыс істеп келе жатқан Назарбаев Университеті мен зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту  керектігі айтылған. Сонымен қоса тоқтала кететін тағы бір жайт, Мемлекет басшысының жүктеген міндеттерін толық жүзеге асыруға мемлекетімізде негізгі алғышарттардың барлығы толық қалыптасып отыр деуге болады. Мәселен, соңғы бірнеше жыл бойы білім саласына қазынадан бөлінетін қаражат қомақты өсіп келеді. Білім берудің сапасы мен мазмұнын жақсартуға қатысты шараларға министрлік тарапынан терең көңіл бөлінуде. Педагогтардың, оқытушы ұстаздардың біліктілігін жоғарылату арқылы ғана біз болашаққа қажетті жақсы маман дайындап шыға аламыз. Осы орайда айтылған педагогтардың біліктілігін арттырып отыру ол уақыт талабы.

«Экономика және бизнес» институты директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Ж.М. Токабаева

 

 

Хабарландыру

Құрметті  пайдаланушылар!

Thomson Reuters  компаниясы Сіздерді  2014 жылдың 28 шілде  мен 30 шілде аралығында өтетін Web of Science платформасы бойынша онлайн-семинарларына қатысуға шақырады.

Семинарлар Web of Science, Journal Citation Reports, Web of Science Core Collection и ResearcherID и EndNote Online ресурстарының  негізгі және кеңейтілген мүмкіндіктері бойынша  өтеді.

Оқыту семинарларының танысу кестесі, сонымен қатар тіркелу (тіркелу міндетті түрде)  бойынша мәліметтерді wokinfo.com/russian/training сайтында ала аласыздар.

Семинарға тіркелу бойынша  видео-нұсқауды және видео жаттықтыруды http://youtu.be/G79f0YZLSIk мына сілтеме арқылы табасыз.

Семинарлар тегін және орыс тілінде өткізіледі. Семинар нәтижелері бойынша қатысушылар сертификатқа ие болады.

Алдыңғы семинарлардың жазбаларын You Tube  каналынан көре аласыздар: youtube.com/woktrainingsrussian.

Сіздерді семинарларда күтеміз!

 

 

Санақ

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін89
mod_vvisit_counterОсы айда2299
mod_vvisit_counterБарлығы171348
Сайтты бағалаңыз
 

Байланыс

Мекен жайы: Тараз қаласы, Төле би көш., 60
Телефон: 8(726)2 45-36-64, 43-15-32
E-mail: info@tarsu.kz

Қабылдау комиссиясы: 45-22-35, 45-73-92