Мухамед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Мемлекетімізде ең ірі ЖОО-ның бірі.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Республикамыздағы ең ірі мемлекеттік жоғарғы оқу орындарының бірі. Университет 62 мамандық бойынша бакалавриат, 31 мамандық бойынша магистратура және 6 мамандық бойынша рһD – доктарантура мамандарын дайындайды. ТарМУ-да барлық мамандықтарға гранттар бөлінген. Сонымен қатар, университетте әскери кафедра жұмыс істейді.
Университетте 41 кафедраны біріктіретін 9 институт бар. Олар: Мұнай газ ісі; Су шаруашылығы, экология және құрылыс; Ақараттық жүйе және технология; Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар; Экономикалық және бизнес; Заң институты; Жоғарғы оқу орнынан кейінгі; Қашықтан оқыту институты; Каратау қаласында орналасқан Инженерлік қашықтан оқыту институты. Студенттердің контингентті 10 мыңнан астам, оның ішінде мыңнан астамы мемлекеттік грант бойынша оқиды.
Біздің университеттің ең басты екрекшелігі 600 оқытушының 29-ы ғылым докторлары, профессорлар, 179 ғылым кандидаты, доценттерден, 6 PhD докторлар, яғни ғылыми-педагогикалық деңгейі жоғары профессор-оқытушылар құрамынан тұрады. Оқытушылардың 95% сабақты мемлекеттік тілде жүргізеді. Елбасының тапсырмасы бойынша, 2006 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінде «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атты конкурс өткізіледі. Осы уақытқа дейін біздің университеттің 15 оқытушысы осы құрметпен марапатталды.
Университеттің алдыңғы қатарлы ғылым кадрлары доктарантура бойынша республикалық мемлекеттік білім стандартын жасауға қалтықсыз қатысты. Осыған орай біздің университетте ғылым деңгейінің жетістігі мен талпынысына қарай Қазақстандағы ғылыми мамандықтардың докторлық (PһD) бағдарламаларын жасауға тапсырылған бес ЖОО-ның құрамына кіреді.
2006 ж. 15 қыркүйекте Болон қаласындағы университеттің Ұлы Хартияның президиумының шешімі университеттің ең үлкен жетістігі болып табылады, яғни М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Ұлттық білім беру аясындағы әлемдегі 600-ден астам алдыңғы қатарлы ЖОО-н біріктіретін Хартия Коллегиясының толық мүшесі болды. ТарМУ-дың Ұлы Хартия университетінің құрамына кіруі оқу процесінде жаңа иновациялық технологияларды, алдыңғы қатарлы білім стандартын енгізу жолында университеттің көп жылғы қызметінің қорытындысынан көрінеді.
Қазақстанның ЖОО қызметінің негізгі принциптері көрсетілген. Қазақстан университеттерінің мемарандумына біздің университеттің бастамасымен М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың қабырғасында біздің мемлкетіміздің 2007 жылғы Халықаралық ұстанымын әрі қарай бекітуге әрекет ететін қазақстандық университеттердің бірлесіп қызмет етуі мен дамуының жалпы стратегиясын анықтау мақсатында еліміздің ірі ЖОО-мен қол қойылды. Қазақстандағы ЖОО ұжымының ынтасы мен бірлескен еркін білдіретін қол қойылған меморандум отандық білім беру жүйесін әрі қарай жетілдіру жолындағы сапалы жаңа этап болып табылады.
Меморандумда берілген принциптер әлем стандарттары мен қазіргі талаптарға сай. Бұл барлық Қазақстандағы ЖОО арасында біздің республикамыздың гүлденуіне, білім интеграциясына, ғылым мен өндіріске, европалық білім кеңістігіне шығуға, жемісті еңбек етуіне тіреледі.
Университет 2004 жылдан бастап кредиттік технологиямен оқытуды енгізген алдыңғы қатарлы оқу орнының бірі. Біздің университет негізінде кредиттік жүйемен оқытуды енгізу бойынша Республикалық консалтинг орталығы жоғары деңгейде қызмет етеді.
2005 жылы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ИСО – 9000-2001 Халықаралық стандартына сәйкес сертификатталған. Жан-жақты басқару «Университет» интегривті білім жүйесін жасау мен ендіру, яғни Visual FoxPro және Delphi бағдарламалау тілімен SQL Server платформасының базасы жолымен сапалы және үздіксіз ақпарат алмасуға қол жеткізді.
2008 жылы басқару үрдісіне «Tamos University Suite» білім порталы енгізілді. Соның көмегімен білімгерлер сабақ кестесін, сабақ үлгерімін жылдам көре алады және силлабустарын on-lineға аударып алады.
Инженерлік нано құрылымдық материалдар зертханасының құру үздіксіз жоба болып табылады. Оған ҚР Білім және ғылым мигнистрлігінен 200 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта университет ғалымдары шетел мамандары мен ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеуге белсенді ат салысуда. Зертханалар ашу – ғылыми зерттеу интенсификациясына, ұғылым мен білім интеграциясына, өнім мен инновациялық технологиялар коммерциализациясына мүмкіндік береді.



















