М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 2010 жылы 26-27 наурызда ТарМУ профессоры Тұрғанәлиев Рахметулла Тұрғанәліұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Математика ғылымы және оның қолданбалы ғылыми-зерттеулерді дамытудағы үлесі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференция аясында төмендегі секциялар жұмысы жоспарланып отыр:
• Математика саласындағы қазіргі заман жетістіктері
• Экономика, әлеуметтану және экологиядағы математикалық әдістер
• Техника мен технологияларда математиканың қолданылуы
• Жаратылыстану ғылымында математикалық аппараттарды қолдану
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Ұйымдастыру комитеті материалдары жинақ түрінде басылып шығады. Қатысу өтініштері және мақалалар осы жылдың 26 ақпанына дейін қабылданады.
Материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар :
• Қаріп түрі Times New Roman, KZ Times New Roman (12 кегль); интервал – 1, жиектері: жоғарғы – 2 см; төменгі – 2 см; сол жағы – 3 см; оң жағы – 2 см.
• Мақала көлемі 3-4 бет.
• Азат жол – 0,9 см.
• Бірінші жолда міндетті түрде - ӘОЖ қойылады (сол жақ шегініссіз).
• Бос жолдан кейін ортада бас әріптермен мақала тақырыбы (қою).
• Бос жолдан кейін ортада автордың фамилиясы және аты жөнінің бірінші әріптері(қою).
• Келесі жолда ұйымның толық аты, қала атауы
• Негізгі мәтін бір бос орыннан кейін басталады.
• Әдебиеттер мақала соңында сілтемелер ретін сақтай отырып квадрат жақшаларда санмен көрсетіледі.
• Бір автор 2 мақаладан артық бере алмайды. Телавторлардың саны 2-ден аспауы тиіс.
• Мақала мәтінінің электрондық және жазба нұсқалары (2 дана) ұсынылуы тиіс.
• Мақала мәтіні мұқият тексерілуі тиіс.
• Мақала мәтіні және тіркеу үлгісі алғашқы автордың аты-жөнімен аталған бір файлда ұсынылуы тиіс.
• Ұсынылған мақалалар өзекті және бұрын жарияланбаған болуы керек.
Көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған және талаптарға сай орындалмаған материалдар қарастырылмайды және кейін қайтарылмайды. Ұйымдастыру комитеті мақалаларды іріктеуді өз құзырына қалдырады. Іс-сапар шығыны жіберуші жағынан төленеді.
• Конференцияға дейін мақалалар сараптамадан өтеді және іріктелініп алынған мақалалар авторларына электрондық поштамен шақыру жіберіледі.
Тіркелу үлгісі
Автордың аты-жөні (толық)
Жұмыс орны (қызметі) / оқу орны (мамандық, курс)
Ғылыми дәрежесі, атағы
Мекенжайы (жұмыс орнының), телефон/факс
Автордың электрондық адресі
Мақала тақырыбы
Секция атауы
Конференцияға қатысуын растау
Баяндамаға керекті техникалық құралдар
Қонақ үйдің қажеттілігі
Баяндамаларды мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұранамыз:
Ғылыми-бағдарламалар орталығы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тһле би кһшесі, 60, Тараз қаласы, Қазақстан, 080012 («Республикалық конференцияға» белгісімен)
Конференцияға қатысу туралы барлық сұрақтар бойынша
Кенжеғали Шилібекке ( тел. +8 726 2 222540) немесе
Алима Ибрашеваға (тел. +8 726 2 222656) хабарласуларыңызғболады. .
Е- mail: targuconf2603@ mail.ru
Мақаланы ресімдеу үлгісі:
УДК 539.3:534.1
МАТЕМАТИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ НЕКОТОРЫХ ПРОБЛЕМ ГЕОДИНАМИКИ
Коксалов К.К.
КазНПУ им. Абая, Алматы
Под термином математическая модель понимается система математических уравнений, в рамках которой можно изучать класс ........................................................
Литература
1. Шейдеггер А.Е. Основы геодинамики. М.: Недра, 1987, 383 с.



















