«Қош келдің, көктем»

2010 жылдың 26 ақпанында Білімгерлер үйінде «Экономика және бизнес» институтының білімгерлері ұйымдастырған «Қош келдің, көктем» концерттік бағдарламасы өтті.

Бұл концертте білімгерлер ән, би, күй, КВН және қызықты ойындар өткізді. Жатақхана тұрғындары арасында «Ең таза бөлме», «Ең жайлы бөлме» және «Ең үздік бөлме» атты байқау ұйымдастырылды. Мерекелік кештің концерттік бағдарламасында білімгерлер өмірінен көріністер көрсетілді.  Жатақханада өткен бұл мерекелік кешті ЭжБ институты директорының орынбасары э.ғ.к. доцент Көшербаев Қ. ашып берді. Көңілді өткен бұл іс-шараға жатақхана тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлап, ұйымдастырушылардын бағалы сыйлықтар ұсынылды. Аталмыш іс-шаралар білімгерлер мен жатақхана тұрғындары арасындағы байланысты кеңейтуге өз үлесін қосқаны сөзсіз. Жатақхана тұрғындары университет басшылығы институт басшысы э.ғ.д. профессор Әймен Ә.Т. және осы институттың белсенді білімгерлеріне алғысы зор. «Экономика және бизнес» институтында осындай іс-шаралар жиі өткізіліп отырылады. Болашақта бұндай іс-шаралар жалғасын таппақ.

 

Хабарландырулар

 

kusjoly.png