ҚР Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің қоғамдық бірлестігінің Жарғысына сәйкес, Кәсіподақ Кеңесі Атқару комитетінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген «Кәсіподақтық шәкіртақы тағайындау туралы» Ережеге сәйкес Атқару комитетінің шешімімен Кәсіподақтың Жамбыл облысы аумағындағы жоғары білім беру ұйымдарындағы құрылымдық бөлімшелері – Филиал мәртебесіндегі және тікелей бағы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің « Экономика және бизнес» мамандығының 2 курс білімгері, білімгерлер кәсіподақ ұйымының белсендісі Бабаева Жансая Базарбайқызына кәсіподақтық шәкіртақы тағайындалды.
Кәсіподақтық шәкіртақының әр ай сайын берілетін мөлшері 8 айлық есептік көрсеткіш, яғни 2010 қаржылық жылға 11352 (он бір мың үш жүз елу екі) теңге көлемінде белгіленді. Кәсіподақтық шәкіртақы 2010 жылдың 1 наурызынан бастап, 2009-2010 оқу жылының аяғына дейін төленеді.
Шын жүректен құттықтаймыз!




















