Педагогикалық тәжірибеден өтті

Университеттің «Қолданбалы және есептеу математикасы» кафедрасының магистранттары өздерінің педагогикалық тәжірибесін сәтті аяқтады. Магистрлер практика соңында «Математика» мамандығының бірінші, екінші және үшінші курс білімгерлерімен «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында дәрігер Қ.Ә.Медеуовамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында дәрігер Қуанкүл Әбдуәлиқызы қазіргі таңда орын алып отырған жұқпалы аурулар, атап айтқанда, туберкулез, вирустық гепатит, тері аурулары, нашақорлық сияқты ғасыр дерттеріне байланысты баяндама жасады. Білімгерлер де өздерін мазалап жүрген сұрақтарға жауап алып, соңынан ескерткішке суретке түсті.
        ХХІ ғасырдың жастары қоғамда ең шешуші роль атқаратынын, еліміздің болашағы білімді және салауатты ұрпақ екендігін баса атап өткен білімгерлер кездесуден мол мағлұмат алып қайтты.
Айжан С әтекбаева,
ТарМУ-дың 2 курс магистранты

 

Хабарландырулар

 

kusjoly.png