«Экономика және бизнес» институтының «Экономика» мамандығы бойынша екінші курс студенті Калдыбаева Әсельді «Тараз аруы – 2010» конкурсында «Гран-при» жүлдесінің иегері болуымен құтықтаймыз! Табиғаттың аялы алақаны сыйлаған әдемілік, әсемдік, биязылық, тартымдылық, ғұмыр бойы серігің болып, таңдаған мамандығыңның қыр-сырын жетік меңгеруіңе тілектеспіз. Мақтаныш сезіммен «Экономика және бизнес» институтының оқытушы-профессорлар құрамы мен білімгерлері.



















