Құттықтаймыз !

2010 жылдың 23-24 ақпан күндері Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде экономика, қаржы, бағалау, бухалтерлік есеп және аудит пәндері бойынша пәндік олимпиаданың екінші туры өтті.

 

Олимпиадаға Қазақстанның 11 аймағынан командалар қатысты. Пәндік білімгерлер олимпиадасы қазақ және орыс тілдерінде екі кезеңде өткізілді : жоғарғы оқу орындарының ішінде және республикалық. Бірінші кезеңде біздің университетте оқитын білімгерлер арасында өткізіліп, нәтижесінде «Экномика», «Қаржы», Бухалтерлік есеп және аудит» мамандықтары бойынша ең үздік командалар құрылды. Финалдық тур алдын-ала бекітілген конкурстық тапсырмалар бойынша  өткізілді. Әрбір турдағы номинациялар бойынша тапсырмаларға нақты кәсіпорынның қызметін экономикалық талдау бойынша жобаны жариялау, жазбаша тапсырма (мысалы «Экономика» мамандығы бойынша «Кәсіпорын экономикасы», Кәсіпкерлік», «Өндірістік сфера экономикасы» пәндерінен тестілеу жүргізілді). Үшінші турға бірінші екі турдан өткен командалар жіберілді.
Біздің университеттің командасы үш кезеңді ойдағыдай өтіп, өздерінен кейін «Тұран», МАБ, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ сияқты командаларды қалдырды. Құрамында Гоголева А, Адилов А, Байназарв Е. бар «Экономика» командасын «Ең үздік аналитикалық жұмыс» номинациясын жеңіп алуымен құттықтаймыз. 
«Ең үздік ораторлық мүмкіншіліктері» номинациясы бойынша жеңісі үшін «Қаржы» командасын (Ергали А, Токей Е., Аскарбеков А.). құттықтаймыз. Әділ қазылар алқасы біздің білімгерлердің білімі мен мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Э.ғ.д., профессоры Исакав У.М. айтуы бойынша «ТарМУ-ің командасы ораторлық мүмкіндіктері үшін ең жоғары бал алған жалғыз команда» және бұл жетістікте қаржы мамандығының 4 курс білімгері Ерғали Айғанымның үлесі өте зор. Біз өз тарапымыздан университет білімгерлерін шын жүректен құттықтай отырып алдағы уақыттарда табыс тілейміз.
        Болашақта да осындай конкурстар өткізіледі және де біздің «Экономика және бизнес» институтының білімгерлерін жеңімпаздар қатарынан көруге мол мүмкіншіліктеріміз бар.

 

Хабарландырулар

 

kusjoly.png