«ТарМУ Аруы - 2010»

Наурыз айының 4 жұлдызында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «ТарМУ Аруы - 2010» байқауы өтті. Байқауға оқу ордамыздың әр институтынан  ақылына көркі сай 17 ару қатысып, өзара бақ сынасты.


          Аталған іс-шараны университетіміздің SIFE командасы ұйымдастырды. SIFE (Students In Free Enterprise) – «Білімгерлер жеке кәсіпкерлікте» - бұл халықаралық білімгерлік бағдарлама . 
Арулар бес кезең бойынша сайысқа түсті. Олар өздерінің таныстыруларымен, өн бойындағы өнерлерімен көпшілікті таңдай қақтырды. Сондай-ақ, олар өздерінің ұшқыр ой-қиялдары мен шебер қолдарынан туған алуан түрлі сән үлгілерін көпшілік назарына ұсынды. Бірінен-бірі асып тұрған үміткерлер арасынан ТарМУ аруын анықтау қазылар алқасы үшін оңай соқпағаны белгілі. Десе де, сайыс бар жерде оның топ жарып шығатын жеңімпазы болары заңдылық.
          Сонымен,  «ТарМУ Аруы - 2010» байқауының бас жүлдесін «Технология және ақпараттық жүйелер» институтының 2 курс білімгері Аденова Айгүл жеңіп алды. Және де басқа да номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.
          Сындарлы сынға қатысқан барлық арулар мақтау қағаздарымен және де бағалы сый-сыяпаттармен марапатталды. Кеш соңы оқу ордамыздың өнерпаз жастарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Хабарландырулар

 

kusjoly.png