«Жыр алыбы – Жамбыл»

«Экономика және бизнес» институтының «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының ұйымдастыруымен «Есеп және аудит 329-3» топ білімгерлерінің ұйтқы болуымен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты дөңгелек стол өткізілді.

Дөңгелек стол Жамбыл Жабаев атамыздың туылғанына 164 жыл толғанына орайластырылды. Білімгерлер Жамбыл Жабаев өмірінен үзінділер оқып, жыр алыбының өлеңдерін жатқа айтты. Ақынның айтыстық шеберлігінің мысалы ретінде, қырғыз ақыны Қатағанмен айтысынан үзінді келтірілді. Кафедра оқытушылары түгел қатысқан бұл іс-шарада «Есеп және аудит 329-2,3» топтарының эдвайзері Әбдіманапов Мұратқали, Жамбыл атамыздың соғыс жылдарындағы жазған «Ленинградтық өренім» өлеңін, блокадалық Ленинград тұрғындарымен қорғаушыларына жігер беріп, жалпы Кеңес Одағының жауынгерлерінің рухын көтеруге ықпалын тигізгені туралы айта кетті.
          Мұндай іс – шаралар қазіргі заманның жас буындарын жігерлендіру мақсатында ұйымдастырылды және патриоттық сезімдерін арттыратына септігін тигізері анық. 

 

Хабарландырулар

 

kusjoly.png