М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті облыстық «Жасыл Ел» штабымен бірлесе жастар еңбек жасақтарының қалыптасуы және «Жасыл Ел» мемлекеттік бағдарламасының 6 жылдығына арналған «Ақсақалдар батасы жастарға күш береді» және «Көктемгі Жасыл Ел қарлығаштары» атты акция өткізді.
Аталмыш акция наурыз айының 12 жұлдызында «Қарахан» тарихи-мәдени ескерткішінің аймағында өткізілді. Мұндай пайдалы және маңызды акцияға ТарМУ-нің әлеуметтік және тәрбие бөлімі, жастар ісі жөніндегі комитет, ТарМУ-нің білімгерлер Альянсы, институттардың білімгерлер директораты және 150 білімгер қатысты. Акция барысында 25 ағаш отырғызылды, аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді.



















