2010 жылдың ақпан айынында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өткізілген Халықаралық ғылыми практикалық конференцияға «Геоэкология» мамандығының 1, 2, 3 курс PhD докторанттарының шақыруымен АҚШ-ң Денвер қаласы, Колорадо университетінің, химия ғылымының докторы (PhD), профессор Джин Лерри Андерсон қонақта болды.
Профессор, (PhD) философия ғылымдарының докторы Л.Андерсонның Тараз қаласына бұл алтыншы реттік сапары. Әр келген сапарында Лерри Андерсон осы мамандықтықтың PhD докторанттарына диссертациялық тақырыптары бойынша жеке-жеке консультациялар беріп, жалпы лекция курстарын өткізіп отырды.
Сонымен бірге, «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институтының директоры т.ғ.д., профессор М.Н.Сенников және «Экология» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессоры Ә.С.Сейтқазиевтің ұйымдастыруымен, институттың ОПҚ-ы, докторанттары, магистранттары және бакалавр білімгерлерімен «Биологиялық жанармайдың тиімділігі және экологияға қауіпсіздігі», «Дизельді жанармайдың озон қабатының жұқаруына қауіпті әсері және оны алдын-алу мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс тақырыптары қазіргі экологиялық проблемалардың негізгі өзегі болғандықтан, оқытушылар мен білімгерлер аса қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып пікір талас өткізді.
«Заң институты» білімгерлерінің сұранысы бойынша «Глобальное потепление на земле» тақырыбында ағылшын тілінде профессор Лерри Андерсонның қатысуымен дөңгелек стол өткізілді.
Докторанттар: З.Е. Бимурзаева, Л.А. Альжанова., Г.К.Ахауова, К.Ә. Акилова., Г.К. Матниязова, Б.Б. Успанова өздерінің диссертациялық тақырыптары бойынша жинақталған әдеби деректері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды. Осы аралықта өткізілген кездесулердің барысында Лерри Андерсон докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзектілігі мен маңыздылығын, қазіргі кездегі экологиялық проблемаларды шешуге көп себептігін тигізетіндігін, көп саланы қамтитындығын және өзінің шәкірттері мен әріптестерінің ғылыми жұмыстарымен салыстырғанда өте кең көлемде, ауқымдылығын ерекше атап өтті.
Іс-сапардың соңғы күні 1,2,3 курс «Геоэкология» мамандығының PhD докторанттарының ұйымдастыруымен «Біліктілікті жетілдіру және жоғары оқу орнынан кейінгі институттың» директоры т.ғ.к., профессор М.Ш. Жүнісбеков, т.ғ.д., профессоры Ә.С.Сейтқазиевпен кездесу өткізді.
Кездесуде т.ғ.к., профессор М.Ш.Жүнісбеков, т.ғ.д., профессоры Ә.С.Сейтқазиев профессор Лерри Андерсонға докторанттармен бір апта бойы өткізілген кеңестері, дәрістері, ой-пікірлері мен ұсыныстарын, тұжырымдарын және берген қосымша материалдары үшін шексіз ризашылығын білдірді.
«Геоэкология» мамандығының PhD докторанттары



















