Көктемнің алғашқы мейрамына байланысты наурыз айының 1-6-сы аралығында ГӘҒ институтының студенттік директораты бұрымды қыздардың арасында «Шашбаулым» байқауын өткізген.
Бұл күнде жастардың, әсіресе қазақ қыздарының әдептілігіне, ұлтжандылығына көп сын айтылуда. Ал ГӘҒ институтында, негізінен, қыз балалар көп оқиды.
Байқаудың ең басты ерекшелігі – қыз балаларға үлгілі, қазақ қызына тән тәрбие беру, ұлтжандылықты насихаттау, қоғамның қате пікірін жоққа шығару болып табылады.
«Шашбаулым» байқауының қорытынды кеші наурыз айының 11-ші жұлдызында өткізілді. Аталмыш байқауға ГӘҒ институтының 12 қызы қатысып, 3 қыз жеңімпаз атанды:
1. «Психология» мамандығының 1-курс студенті – Жоланова Хамида, шашының ұзындығы 112 см;
2. «Филология: қазақ тілі» мамандығының 1-курс студенті – Баймұратқызы Ақнұр, шашының ұзындығы 101 см;
3. «Екі шет тілі» мамандығының 1-курс студенті – Қабылбекқызы Айдана, шашының ұзындығы 96 см.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болып, шаш күтімдерінің құпияларымен бөлісті. Университеттің ең ұзын шашты мұғалімдерінің бірі, ГӘҒ институты директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Серікбаева Дариға Рахметуллақызы кешімізге ерекше көрік берді.



















