М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 2010 жылы 8-9 қазанда Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының тұңғыш ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚазССР-нің еңбегі сіңген гидротехнигі Рахмет Жанғазыұлы Жулаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақстанда су қорларын тиімді пайдаланудың қазіргі таңдағы мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференция аясында төмендегі секциялар жұмысы жоспарланып отыр:
• Гидротехникалық құрылымдар;
• Гидравликалық машиналар және қондырғылар;
• Су қорларын интеграциялы басқару;
• Мелиорация және и ресурссақтау технологиялары.
Сонымен қатар ҚР Жаратылыстану ғылымдарының академигі, т.ғ.д., профессор Әбдіраманов Әбдіманап Әбдікәрімұлының 70 жасқа толуына арналған «дөңгелек үстел» мәжілісі өткізіледі.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Конференция материалдары жинақ түрінде басылып шығады. Қатысу өтініштері және мақалалар осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар :
• Қаріп түрі Times New Roman, KZ Times New Roman (12 кегль); интервал – 1, жиектері: жоғарғы – 2 см; төменгі – 2 см; сол жағы – 3 см; оң жағы – 2 см.
• Мақала көлемі 3-4 бет.
• Азат жол – 0,9 см.
• Бірінші жолда міндетті түрде - ӘОЖ қойылады (сол жақ шегініссіз).
• Бос жолдан кейін ортада бас әріптермен мақала тақырыбы (қою).
• Бос жолдан кейін ортада автордың фамилиясы және аты жөнінің бірінші әріптері(қою).
• Келесі жолда ұйымның толық аты, қала атауы
• Негізгі мәтін бір бос орыннан кейін басталады.
• Әдебиеттер мақала соңында сілтемелер ретін сақтай отырып квадрат жақшаларда санмен көрсетіледі.
• Бір автор 2 мақаладан артық бере алмайды. Телавторлардың саны 2-ден аспауы тиіс.
• Мақала мәтінінің электрондық және жазба нұсқалары (2 дана) ұсынылуы тиіс.
• Мақала мәтіні мұқият тексерілуі тиіс.
• Мақала мәтіні және тіркеу үлгісі алғашқы автордың аты-жөнімен аталған бір файлда ұсынылуы тиіс.
• Ұсынылған мақалалар өзекті және бұрын жарияланбаған болуы керек.
• Ұйымдастыру жарнасы 2000 теңге.
Көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған және талаптарға сай орындалмаған материалдар қарастырылмайды және кейін қайтарылмайды. Ұйымдастыру комитеті мақалаларды іріктеуді өз құзырына қалдырады. Іс-сапар шығыны жіберуші жағынан төленеді.
• Конференцияға дейін мақалалар сараптамадан өтеді және іріктелініп алынған мақалалар авторларына электрондық поштамен шақыру жіберіледі.
Тіркелу үлгісі
Автордың аты-жөні (толық)
Жұмыс орны (қызметі) / оқу орны (мамандық, курс)
Ғылыми дәрежесі, атағы
Мекенжайы (жұмыс орнының), телефон/факс
Автордың электрондық адресі
Мақала тақырыбы
Секция атауы
Конференцияға қатысуын растау
Баяндамаға керекті техникалық құралдар
Қонақ үйдің қажеттілігі
Баяндамаларды мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұранамыз:
Ғылыми-бағдарламалар орталығы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Төле би көшесі, 60, Тараз қаласы, Қазақстан, 080012 («Халықаралық конференцияға» белгісімен)
Конференцияға қатысу туралы барлық сұрақтар бойынша
Кенжеғали Шилібекке ( тел. +8 726 2 222540) немесе
Алима Ибрашеваға (тел. +8 726 2 222656) хабарласуларыңызға болады. .
Е- mail: targuconf0810@ mail.ru
Мақаланы ресімдеу үлгісі:
УДК 539.3:534.1
ЭКОЛОГИЧЕСКИЙ БЕЗОПАСНЫЙ РЕЖИМ ОРОШЕНИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ КУЛЬТУР ГОРОДСКИМИ СТОЧНЫМИ ВОДАМИ
Мусаев А.И.
ТарГУ им. М.Х. Дулати, Тараз
Режим орошения сельскохозяйственных культур ........................................................
Әдебиеттер
1. Алексеев В.И., Гершунов Э.В. Справочник гидротехника. – Алма-ата: Қайнар, 1972. – 240 с.
Есеп шотымыз :
ТарГУ им. М.Х. Дулати МОиН РК, , БТА банк филиал в г. Тараз,
МФО 191401338, ИИК 000609490, РНН 211500084952, КБЕ-16
с пометкой «Для конференции»
немесе
ТарГУ им. М.Х. Дулати МОиН РК, , ЖФ АО «Народный Банк Казахстана» г. Тараз,
МФО 191 401 624, ИИК 008 609 737, РНН 211500084952, КБЕ-16
с пометкой «Для конференции»



















