Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс инcтитутының 1980 жылғы түлектерінің кездесуі

2010 жылы  18 маусымда М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Жастар Сарайында  Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының 1980 жылғы түлектерінің кездесуі болып өтті.

 

Сонау Кеңес Одағының тұсында ірі жоғарғы оқу орындарының бірі болған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында 4 факультет болған: гидромелиоративтік (ГМ, ГТС) – 9 топ; механика (ММР) – 4 топ; құрылыс (СХС, ВК) – 4 топ; экономика (ЭВХ) – 2 топ. Қазіргі таңда бұл институттың түлектерін егеменді еліміздің түкпір-түкпірінен, шет мемлекеттерден кездестіруге болады. Ал бүгінгі  сағына күткен бас қосуға жиналған 30 жыл бұрынғы түлектер бұл күнде қоғамның  әр саласында: құрылыста, өндірісте, ауыл шаруашылығында, білімде, ғылымда, қарулы күштер қатарында жемісті қызмет атқаруда. Түлектердің арасынан 4-5 аудан және қала әкімдері, ірі мекеме басшылары, 30-дан астам ғылым кандидаттары, 10-нан астам ғылым докторлары, аудандық және облыстық маслихаттың депуттары бар. Бүгінгі 30 жылдық кездесуге келіп отырған 1980 жылғы түлектердің географиясы да ауқымды. Олар Қазақстанның түкпір-түкпірінен Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарынан және Астана, Ақтөбе, Ақтау, Атырау,  Жезқазған, Қарағанды, Талдықорған қалаларынан алтын уақыттарын қиып келіп отыруы үлкен өмірге жолдама берген білім ордаларына деген сағынышы. Өмірден ерте кеткен түлектерді 1 минуттық үнсіздікпен еске алумен басталған кездесуде Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында ұзақ жылдар бойы ректор қызметін атқарған, бүгінде Тараз мемлекеттік университетінің Құрметті ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, академик М.Ф. Үркімбаев, сол уақытта дәріс берген оқытушылар, бүгінде аталмыш университеттің профессорлары Л.Ә. Байсерке, Б. Әлімбаев, Ә. Ақжанов, А.Т.Әймен, М.Н. Сенников, Н.С. Абдуллаев және т.б. түлектерге ізгі ниеттерін жеткізді. Түлектер өз кезегінде білім ордасына, ұстаздарға алғысын білдіріп, сый-сыйапаттарын жасады.
Қорыта айтқанда аталған кездесу мәні жағынан кейінгі ұрпаққа берер тәрбиесі мен өнегесі мол болды.
ТарМУ баспасөз қызметі

 

Хабарландырулар

 

kusjoly.png