М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да Елбасының Жолдауын қолдау аясында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлескен жастар форумы өтті.  М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аясында жүргізілген күрделі жөндеуден кейін 480 орындық студенттер жатақханасы қолданысқа берілді.

Қазақша KAZ
Русский RUS
English ENG

Ректорға сұрақ

gos_simvoli-kaz.png

2007 жылғы Тараз Декларациясы
Жаңалықтар - Соңғы жаңалықтар

2010 жылдың 30 қарашасында ТарМУ-дің «Студенттік Парламентінің» Білім және ғылым комитетінің ұйымдастыруымен «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» атты «дөңгелек үстел» болып өтті.

«Дөңгелек үстелдің» модераторы – «Студенттік Парламенттің» Білім және ғылым комитетінің төрайымы, ТарМУ-дің ЭКО-329-3 тобының білімгері А. Айнаева, аталмыш іс-шараны алғы сөзімен ашып, сөз кезегін «Қылмыстық құқық» кафедрасының аға оқытушысы А. Бауберіковаға берді. Айжан Бауберікова құқық бұзушылықтың мәселелері, олардың негізгі себептері туралы, құқық бұзушыларға қолданылатын арнайы шаралар жайлы айтып өтті. Осындай қызықты, әрі пайдалы баяндамадан кейін білімгерлер мен қатысушылардың тарапынан сауалдар қойылды.
Сонымен қатар, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының нәтижелілігін арттыру мақсатында, университеттің белсенді жастары да өз үлестерін қосуда. Мәселен, олар университеттің білімгер-жастарының арасында құқық бұзушылыққа байланысты сауалнама өткізіп, «Жастарды қылмыс жасауға не итермелейді?», «Бос уақытыңызды калай өткізесіз?», «ТарМУ-де қылмыстық оқиғалар жиі кездесе ме?», «Университетте құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жиі жүргізіле ме?», «Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керек?» т.б. сұрақтар қойып, білімгерлердің пікірін бейнетүсірілімге түсірген. Осы сауалнама нәтижесінде, білімгерлер құқық бұзушылықты болдырмау үшін мынадай ұсыныстар білдірді:
1. университетте бейнекамералар орнату керек;
2. білімгерлер бос уақытын тиімді пайдалануы керек;
3. әлеуметтік жағдайы төмен білімгерлерге көмек көрсету керек;
4. университетке келгеннен бастап, жастардың өмірге деген дұрыс көз-қарасын қалыптастыру керек.
Міне, осындай қорытындыдан кейін, «Студенттік Парламенттің» депутаты, Білім және ғылым комитетінің төрайымы Айнаева Адина сауалнама нәтижесі бойынша, білімгерлердің ұсынысын қайта қарастырып, толығымен жетілдіріп, басшылыққа жеткіземіз деп, «дөңгелек үстелді» бекітті.
Білім ордамызда аталмыш іс-шаралар жиі болып тұрады. Дегенмен де, атқарылып жатқан істерден нәтиже шығып жатса, сонда көп мәселелердің шешімі табылар еді...   

ТарМУ Баспасөз қызметі

 


 

 

 

Хабарландыру

Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтының алғашқы ректоры Рахмет Жанғазыұлы Жолаевтың атындағы стипендия тағайындалды. Толығырақ...


Жас ғалымдар кеңесі жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына  байқау жариялайды. Үздік жұмыстар «Theoretical & applied science» ғылыми журналында тегін жарияланатын болады. Байқауға М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың 35 жасқа дейінгі жас ғалымдары, магистранттары мен докторанттары қатыса алады. Жұмыстарыңызды 15.04.2014 – 28.06.2014 аралығында патенттік-ақпараттық секторға немесе jiboj@mail.ru электронды мекен-жайы бойынша жіберулеріңіз қажет. Талаптарды Public (Паблике) (Структурные подразделения – КОНКУРСЫ-2013-2014 – Требования – Научный журнал «Theoretical & applied science») немесе www.T-Science.org сайтынан біле аласыздар

 

Үстіміздегі жылдың 11 ақпанында елімізде орын алған теңге девальвациясына байланысты, М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРМУ РЕКТОРАТЫ ХАБАРЛАЙДЫ:
Университетте білім алып жатқан студенттер, магистранттар үшін оқу төлемақысы өзгеріссіз қалады.
Университетке 2014-2015 жаңа оқу жылында қабылданатын студенттер мен магистранттар үшін оқу төлемақысы ҚР мемлекеттік білім беру тапсырысында 1 студентке немесе магистрантқа мемлекет тарапынан жұмсалатын бір жылдық қаражаттың бөлінуіне сәйкес қайта қарастырылады.

 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Департаменті келесідей іс-шараларды өткізуді жоспарлап жатқандығы туралы хабарлайды: 1) Студенттер арасында «Қазақстанның «Жасыл экономикаға» бағытталған жолы: ол қандай?» тақырыбында эссе жазу байқауы; 2) «Жасыл экономика» тұрақты дамуға жетудің жаңа экономикалық моделі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция. 2014 жылдың мамыр айының 21-23 аралығында Астана қаласында Астаналық экономикалық форум аясында ТМД және Грузия елінің Жастар форумы өтеді. Осында байқау жеңімпаздары марапатталады. Толығырақ...

 

Үнді университеттерінде оқығысы келетін, сонымен қатар,  пост-докторлық зерттеу жүргізгісі келетін Қазақстанның студенттеріне 2014-2015 оқу жылына Үнді үкіметі стипендия ұсынады. Толығырақ: http://www.iccrindia.net/scholarshipschemes.html

 

Бішкектегі ЕҚЫҰ академиясы 2014-2015 оқу жылына «Саясат және қауіпсіздік» магистрлік бағдарламасына грант жариялайды. «Саясат және қауіпсіздік» магистрлік бағдарламасы – оқытудың халықаралық стандарттарына негізделген саясат, жалпыға ортақ қауіпсіздік және халықаралық қатынас салаларындағы пәнаралық оқу бағдарламасы.Толығырақ

Санақ

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін64
mod_vvisit_counterОсы айда1872
mod_vvisit_counterБарлығы161844
Сайтты бағалаңыз
 

Байланыс

Мекен жайы: Тараз қаласы, Төле би көш., 60
Телефон: 8(726)2 45-36-64, 43-15-32
E-mail: info@tarsu.kz

Қабылдау комиссиясы: 45-22-35, 45-73-92