М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да Елбасының Жолдауын қолдау аясында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлескен жастар форумы өтті.  М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аясында жүргізілген күрделі жөндеуден кейін 480 орындық студенттер жатақханасы қолданысқа берілді.

Қазақша KAZ
Русский RUS
English ENG

Ректорға сұрақ

gos_simvoli-kaz.png

2007 жылғы Тараз Декларациясы
Жаңалықтар - Соңғы жаңалықтар

Наурыздың 9-ы күні «Экономика және бағалау» кафедрасының ұйымдастыруымен «Бағалау» және «Экономика» мамандықтарының білімгерлеріне «Суицид – қоғам дерті» тақырыбында тәрбие сабағы жүргізілді.

Іс-шараға қалалық салауатты өмір салты орталығының өкілдері, психологтар, «Экономика және бағалау» кафедрасының оқытушылары мен білімгерлер қатысты. Мақсаты – білімгерлерге суицид туралы толық мағлұмат беріп, оның шығу мәселелерін түсіндіріп, болдырмау жолдарын үйрету.
Тәрбие сағаты барысында кафедра оқытушысы Д.С. Теңізбаева адамның өз-өзіне қол жұмсауының шығу тарихына тоқталып, статистикалық мәліметтерге шолу жасады. Содан кейін, аталмыш шараның қонақтарына сөз беріліп, олар суицид жайлы толық мағлұматтар айтып, білімгерлердің сауалдарына жауап берді. Сонымен бірге, психологиялық тұрғыдан болатын суицидтің сипаттамасына арнайы ақпараттар арқылы терең тоқталды. Осы орайда, білімгерлерге елімізде белең алып отырған мәселені видеороликтер, слайдтар арқылы ақпараттар беріліп, талқылау жүргізілді.
Тәрбие сағатының нәтижесінде білімгерлерге жаман қылықтардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану керектігі айтылып, қонақтарға алғыс білдірілді.

ТарМУ баспасөз қызметі

 

Хабарландыру

Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтының алғашқы ректоры Рахмет Жанғазыұлы Жолаевтың атындағы стипендия тағайындалды. Толығырақ...


Жас ғалымдар кеңесі жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына  байқау жариялайды. Үздік жұмыстар «Theoretical & applied science» ғылыми журналында тегін жарияланатын болады. Байқауға М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың 35 жасқа дейінгі жас ғалымдары, магистранттары мен докторанттары қатыса алады. Жұмыстарыңызды 15.04.2014 – 28.06.2014 аралығында патенттік-ақпараттық секторға немесе jiboj@mail.ru электронды мекен-жайы бойынша жіберулеріңіз қажет. Талаптарды Public (Паблике) (Структурные подразделения – КОНКУРСЫ-2013-2014 – Требования – Научный журнал «Theoretical & applied science») немесе www.T-Science.org сайтынан біле аласыздар

 

Үстіміздегі жылдың 11 ақпанында елімізде орын алған теңге девальвациясына байланысты, М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРМУ РЕКТОРАТЫ ХАБАРЛАЙДЫ:
Университетте білім алып жатқан студенттер, магистранттар үшін оқу төлемақысы өзгеріссіз қалады.
Университетке 2014-2015 жаңа оқу жылында қабылданатын студенттер мен магистранттар үшін оқу төлемақысы ҚР мемлекеттік білім беру тапсырысында 1 студентке немесе магистрантқа мемлекет тарапынан жұмсалатын бір жылдық қаражаттың бөлінуіне сәйкес қайта қарастырылады.

 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Департаменті келесідей іс-шараларды өткізуді жоспарлап жатқандығы туралы хабарлайды: 1) Студенттер арасында «Қазақстанның «Жасыл экономикаға» бағытталған жолы: ол қандай?» тақырыбында эссе жазу байқауы; 2) «Жасыл экономика» тұрақты дамуға жетудің жаңа экономикалық моделі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция. 2014 жылдың мамыр айының 21-23 аралығында Астана қаласында Астаналық экономикалық форум аясында ТМД және Грузия елінің Жастар форумы өтеді. Осында байқау жеңімпаздары марапатталады. Толығырақ...

 

Үнді университеттерінде оқығысы келетін, сонымен қатар,  пост-докторлық зерттеу жүргізгісі келетін Қазақстанның студенттеріне 2014-2015 оқу жылына Үнді үкіметі стипендия ұсынады. Толығырақ: http://www.iccrindia.net/scholarshipschemes.html

 

Бішкектегі ЕҚЫҰ академиясы 2014-2015 оқу жылына «Саясат және қауіпсіздік» магистрлік бағдарламасына грант жариялайды. «Саясат және қауіпсіздік» магистрлік бағдарламасы – оқытудың халықаралық стандарттарына негізделген саясат, жалпыға ортақ қауіпсіздік және халықаралық қатынас салаларындағы пәнаралық оқу бағдарламасы.Толығырақ

Санақ

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін69
mod_vvisit_counterОсы айда2074
mod_vvisit_counterБарлығы162046
Сайтты бағалаңыз
 

Байланыс

Мекен жайы: Тараз қаласы, Төле би көш., 60
Телефон: 8(726)2 45-36-64, 43-15-32
E-mail: info@tarsu.kz

Қабылдау комиссиясы: 45-22-35, 45-73-92