Жарты ғасырлық тарихы бар білім ордамызға әр кезеңде түрлі тұлғалар, шетелдік меймандар көптеп келіп жатады. Келген қонақтар университетімізге өз қолтаңбаларын қалдыруда. Сол қолтаңбалар өткен күндеріміздің алтын әріптерімен жазылған шежіресіндей сақталары да хақ. Газетіміздің осы санынан бастап «Қолтаңба» айдарын тұрақты түрде беріп отырмақпыз.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті
              НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

 

 

 

 

 

 


Құрметті Тараз мемлекеттік университетінің ұжымы

 

  
Сіздерді облыс орталығындағы қара шаңырақтың бірі – университеттің құрылғанына 50 жыл толу торқалы тоймен шын жүректен құттықтаймын.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту», - деп атап көрсеткен болатын. Бұл міндеттің орындуында М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің ғылыми ұжымының алар орны ерекше. Өйткені, ұлт болашағы – жас ұрпақ десек, сол ұрпақтың білімді де білікті, тәрбиелі де талапты болып өсуіне ширек ғасырлық  тарихында тәрбиелеген шәкірттерінің саны жүздеп, мыңдап саналған аталмыш оқу орнының ұлағатты ұстаздарының сіңірген еңбегі зор. Бүгінгі күні университеттің алғашқы түлектері құрмет демалысында болса, кейінгі түлектері жас маман ретінде білім мен біліктілікті ұштастыра ел абыройын асқақтататуда, ерен еңбек етуде. Облысымыздағы іргелі оқу орындарының бірі – ғалым М.Х.Дулат атын иеленген Тараз Мемлекеттік Университетінің мерейтойы құтты болсын! Еңбектеріңіз жанып, мемлекет сұранысын қанағаттандыратын салалар бойынша ұрпақ тәрбиелеудегі ерен еңбектеріңіз жемісті болсын!
Ізгі ниетпен Тараз қаласының әкімі І.Ә.Тортаев   
 

 Жарты ғасырлық жасампаз оқу орны

Биыл ежелгі Тараз жеріндегі киелі шаңырақ Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің құрылғанына 50 жыл толып отыр. Кез келген жетістіктің түп негізі, бастау бүлағы болады. Ол - өткен тарихы, жүріп өткен жолы. Бүгінде іргелі білім, ғылым ордасына айналған М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қол жеткізген табыстарын да өткен тарихпен байланыстырмасақ асьлық болар еді. Өйткені өткеннен сабақ алмай, бүгінге қол жеткізу мүмкін емес. Шындап келгенде, бүгінгі биіктік өткенді саралау мен електен өткізудің, сол арқылы дэстүрді жаңарта отырып, бүгінгі заман талабына сәйкестендірудің нәтижесі. Ендеше, мерейтой үстінде бір сәт өткен тарихымызға көз жіберсек.

 

Нақтырақ...

 

Хабарландырулар

 

kusjoly.png