| Көп салалы колледж Директор - Сейдахметов Марат Қанымбекұлы экономика ғылымдарының кандидаты, доцент E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript тел.: 8(7262) 45-68-93 Тараз қ., Сүлеймен көшесі, 9 |
Қазіргі кезде колледжде 3,5 мыңнан астам білімгер оқиды. Жоғарғы білікті оқытушылар ұжымы мен ғылыми қызметкерлер еңбек нарығындағы бәсекеге төтеп беретін, өзінің білім қорын әрқилы жағдайларға байланысты тез бейімдей алатын, бастамшыл, кәсіпкерлік және іскерлік қасиеттері жоғары дәрежедегі жаңа типті, білікті мамандар даярлауды жүзеге асырады.
Айрықша атап өтетін бір мәселе, ТарМУ-дың көпсалалы колледжің өзге орта арнаулы оқу орындарынан бір айырмашылығы, оқу орнына қабылданған білімгерлер колледждің оқу-өңдірістік базасына қосымша университеттің Жамбыл облысында теңдесі жоқ бай мүмкіндіктерін де пайдалана алады.
Колледжде табысты білім беру жолында инновациялық, педагогтік және жаңа ақпараттық технологиялар, халықаралық тәжірибелер кеңінен қолданылады. Колледждің негізгі мақсатын жүзеге асыруда, яғни ТарМУ-дың көпсалалы колледжден алынатын білімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуге, оқу орнының қуатты материалдық-техникалық базасы, оның халықаралық байланыстарының дамуы, ғылым мен білімнің бірігуі жағдай жасайды.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың Көпсалалы колледжіне қош келдіңіздер!
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың Көпсалалы колледж директоры э.ғ.к., доцент Сейдахметов Марат Қанымбекұлы.



















