Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жұмысы қорытыланды /www.inform.kz/           Алматы іргесінен ежелгі адамдар тұрағы табылды /www.nur.kz/

Русский RUS
Қазақша KAZ
English ENG

Ректорға сұрақ

gos_simvoli-kaz.png

2007 жылғы Тараз Декларациясы
Жаңалықтар - Соңғы жаңалықтар

Технология және ақпараттық жүйелер институтында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Таразым тал бесігім» атты  ашық тәрбие сағаты өтті.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының даму тарихында Тараз қаласының алатын орны мен оның қалыптасу тарихын насихаттау, тарих тағылымынан мәлімет беру. Студенттердің бойында өз туған өлкесіне деген патриоттық сезімі мен махаббатын ояту.
Көрнекілігі: Слайдтар, кітаптар, газет – журналдар, буклеттер көрмесі, нақыл сөздер жазылған плакаттар, бейнетаспалар мен бейнеөнімдер, хронологиялық кесте.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ әдісі.
Сабақтың барысы: Ежелгi Тараз - Ұлы Жiбек жолын жалғап жататын турақты дипломатикалық және сауда-саттық қарым-қатынас жасалатын күре тамыры iспеттес. Бұл байланыс көпiрiнiң маңызы дүниенiң екi бөлiгi арасындағы материалдық ауыс-түйiспен ғана шектелiп қалмай, оның шеңберiнен алысқа кетiп жатты. Ол алуан түрлi мәдениеттер мен халықтарды бiр-бiрiмен байланыстырып, сонау ежелгi заманнан берi идеялар алмасудың тұрақты да маңызды факторы ретiнде қызмет етiп келдi. Тараз - Қазақстанның ортағасырлық қалаларының iшiндегi ең белгiлiсi, ең көнесi.
4-курс студенті Оңғарбаева Шолпан «Таразым – тал бесігім» атты баяндамасын оқыды.
Өнерден ешқашан да жалықпаған
Әндеткен өнерменен қалықтаған
Тыңдайық халық күйін «Көне Тараз»,
3-курс студенті Асанбаева Мақпал «Көне Тараз» атты күйін орындады.
4-курс студенті  Қарғабаева Назерке «Таразым – тал бесігім» атты қара өлеңді мәнерлеп оқып өтті.
Салем, саған ұлылықтың мекені
Атақ пен даңқ абыройың жетеді.
Жырларымды жұпар иісі аңқыған,
Байғазы қып байлағым кеп кетеді.

Жер жаһанды жаулап алған атағы,
Қарахандай бабамыздың Отаны,
Өзіңдегі түнде нұрлы пейіштей,
Ару таң да, айшықтанып атады.

Қыдыр қонып бақ дарыған киелім,
Төбең көкке тимей тур ау бір елі
Егеменді ел жұртыммен жасай бер,
Әсем ән-би, күмбірлеген күй елі.

4-курс студенттері Кеулимжаева Жанардың, Изтилеуова Ақботаның орындауларында «Тараз – тарихи тал бесік» атты көрініс ұйымдастырылды.
Қала 1856 жылы - Әулиеата деп аталды, 1936 жылы - Мирзоян аты берiлдi, 1938 жылы жыр алыбы Жамбыл есiмiн иелендi. Ал 1997 жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республика Президентiнiң жарлығымен ежелгi аты қайтарылып, Тараз аталды. Тараз тарихы таусылмайтын тағлымға бай, тамыры тым тереңде жатқан көне қала. Ол әсiресе X - XII ғасырларда зор даму, гүлдену дәуiрiн басынан өткердi. Қарахан әулетi билеген тұста, ол осы бiр ертеғасырлық алпауыт мемлекеттiң астанасы болған. Тап сол кезеңде Тараз, түрленiп, түлеп күллi әлемнiң құрылымдық жүйесi, көше жолдары қала стилiндегi терең де бедерлi, сән - сәулетке ие болды.
4-курс студенті Рахманова Ақжарқынның өз шығармашылығынан «Мен Таразбын әлі мың сыры ашылмаған» тақырыбындағы өлеңін оқыды.
4- курс студенті Алмуханова Гулбану «Таразым – тарихым» әні орындады.
Тәрбие сағаты көздеген мақсатына жетті. Сабақ барысында әр білімгер өзінің туған жері, сүйікті, әсем қала - Тараз қаласы туралы толығырақ мәліметтер мен жаңа ақпараттармен танысты. 

Технология және ақпараттық жүйелер институты директорының орынбасары Д. Хажгалиева

 

 

Хабарландыру

Құрметті оқытушылар! Сіздерді 20.05.13ж. сағ. 15.00-де 2.3-103 акт залында өтетін ЖОО-ның инновациялық жетістіктерінің VIII презентациясына және ЖОО-ның үздік мультимедиалық өнімі ІV байқауына қатысуға шақырамыз.

 

Құрметті студенттер! 2013-2014 оқу жылына тіркелу, алғаш рет, электронды портал жүйесімен жүргізіледі. Ол үшін келесі алгоритмге назар аударыңыздар. Толығырақ

 

Университеттің күндізгі бөлімін 2013 жылы бітіруші студенттерге сұраныс білдіріп отырған кәсіпорындар мен мекемелердің тізімін ұсынамыз.

Normal 0 false false false MicrosoftInternetExplorer4

Санақ

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін79
mod_vvisit_counterОсы айда1923
mod_vvisit_counterБарлығы127661
Сайтты бағалаңыз
 

Байланыс

Мекен жайы: Тараз қаласы, Төле би көш., 60
Телефон: 8(726)2 45-36-64, 43-15-32
E-mail: info@tarsu.kz

Қабылдау комиссиясы: 45-22-35, 45-73-92