Талапкерлерге арналған жаңалықтар мен хабарламалар

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

    ХХІ ғасыр білім мен ғылымның жаңаша тұрпатта дамыған ғасыры. Ендеше, жас ұрпақты қалыптастырушы жоғары оқу орындарына да талапты заманның өзі қойып отыр.
    Осы ретте шаңырақ көтергеніне жарты ғасырдан астам уақыт болған М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті алдында да жақын мерзімде шешімі табылуы тиіс бірқатар мәселелер бар. Олар:
- оқу әдістерін жетілдіре отырып, үздіксіз даму. Ол үшін алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын енгізу, әлемдік білім беру кеңістігіндегі озық тәжірибелерді игеріп, оқу үдерісіне енгізу;
- инновациялық типтегі университетке айналу. Яғни, заманауи талапқа сай мамандар дайындау, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін өндіріске кеңінен енгізу, коммерциялизациялау;
- оқытушы-профессорлар құрамы білігерлердің сауатын ашып қана қоймай, мақсатты түрде мамандықтың негізі жайында түсінік беретін, олардың қоғамдық дүниетанымын қалыптастыратын, өмірлік бағытын анықтайтын әмбебап оқу, ғылыми-әдістемелік кешенге айналу.
    Университет есімін иеленіп отырған орта ғасыр тарихшысы, қолбасшы, философ М.Х. Дулати: «Сен әлемді жаулап алма, өйткені онда сансыз қайғы-қасірет бар. Сен одан да адамның жан-дүниесін меңгер, оларда қанша әлем бар екенін көресің», – деген болатын. Университет ұжымының білімгерлерін білім, ғылым, нәрімен сусындата отырып, рухани жан-дүниесін тәрбиелеудегі басты ұстанымы да осы.
    Құрметті талапкерлер! Халықаралық стандарттарға сай сапалы білім алатындарыңызға нық сенімдімін. Сіздерге сәттілік тілеймін!
    
Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов,
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ
ректоры, т.ғ.д., профессор,
ХИА академигі.



Ақылы негізде оқитын білімгерлерге жеңілдіктер

1. Көп балалы жанұядан (18 жасқа дейін 3 және одан көп)
-3 балалы -10%
-4 балалы -15%
-5/6 балалы -20-25 %
-6-дан жоғары -30%

Толығырақ...
 

Талапкерге шығармашылық мамандықтар туралы

Құрметті талапкерлер! М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Дизайн», «Сәулет», «Мәдени-тынығу жұмысы», «Журналистика», «Дене тәрбиесі және спорт», «Бастапқы әскери дайындық» шағармашылық мамандақтарына 20 маусым – 1 шілде аралығында құжаттар қабылдайды. Ұлттық бірыңғай тестілеуде 50 баллдан аз жинаған талапкерлер 2 шығармашылық емтихан тапсырып, жоғары оқу орнына түсуге мүмкіншіліктері бар.

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 60, тел: 45-73-92, 45-22-35

 



Хабарландырулар

 

kusjoly.png