«Тараз университеті» баспасы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және арнайы әдебиеттерді, сондай-ақ, сұранысы жоғары, бұрын шығарылған әдебиеттерді қайта басып шығаратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады. «Тараз университеті» баспасы 2002 жылы құрылған.
Баспа қызметінің құқығы ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Академиясы президиумының №3 06.10.2000ж. шешімі бойынша берілген.
«Тараз университеті» баспасының негізгі мақсаты ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін университеттің Ғылыми Кеңесінде бекітілген жылдық тақырыптық жоспар бойынша мемлекеттік білім беру стандартына сай оқу құралдарын, оқу-әдістемелік әдебиеттер, ғылыми жұмыстар, анықтамалар, ақпараттық-жарнамалар және т.б. әдебиеттер түрлерін, сонымен қатар, оқу үрдісін қамтамасыз ету және М.Х. Дулати атындағы ТарМУ ПОҚ ғылыми деңгейін жоғарылату мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспарына енгізілген ведомствалық әдебиеттерді басып шығару болып табылады.  Басылымдар орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде шығарылады.
«Тараз университеті» баспасы мерзімді басылымдар – «ТарМУ хабаршысы», «Технологиялық процесстерді механикаландыру және үлгілеу» ғылыми журналдарын дайындап баспадан шығарады. Баспа университет ішінде де және өзге де сыртқы ұйымдарға ақылы полиграфиялық қызмет түрлерін көрсетеді.
«Тараз университеті» баспасы қаланың және аймақтың жоғары, арнайы орта оқу орындарымен белсенді  қарым-қатынас жасайды.
Баспа директоры - Наурызбекова  Альмара Еркінқызы, экономика ғылымдарының кандидаты, «Қаржы» кафедрасының доцент м.а.. Оқу құралдарының, монографиялардың және 31 ғылыми мақалалардың авторы.
Баспада құрамына баспа және полиграфия ісінің мамандары кіретін, кітап өнімдерін қабылдап, басып шығаратын компьютерлік және өндірістік топ (9 адам) жұмыс істейді. Баспа жоғары білікті мамандармен, жаңа компьютерлік техникалармен және полиграфиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Компьютерлік терім және беттеу тобы:
Баспа редакторы Боранбаева Ғалия Бектеновна, филология магистрі (қазақ тілі және әдебиеті). Қызметтік міндеті – мемлекеттік жалпылай білім беру стандарттарына сай оқу, оқу-әдістемелік құралдарды және ғылыми әдебиеттердің оригинал-макеттерін дайындау және редакциялау, сонымен қатар орыс және қазақ тілдерінде шығарылатын басылымдарды компьютерде теру, беттеу.

Өндірістік топ:
Топ жетекшісі Құттыбаева Асель Ахановна, филология бакалавры (қазақ-ағылшын тілдері), екінші мамандығы – құқық бакалавры. Қызметтік міндеттері – шығарылатын баспа өнімдерін көбейту және басқа да полиграфиялық жұмыстарды орындау. 
«Тараз университеті» баспасының негізгі қызметі жылдық тақырыптық жоспар бойынша сапасы жоғары жаңа ғылыми, әдістемелік және арнайы әдебиеттерді дайындап,  басып шығаруға негізделген. Қазіргі уақытта М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің баспасы – Жамбыл аймағына танымал.
ТарМУ баспасының жоғары мәртебесі, негізінен, жұмыстарының қорытындыларымен анықталады. Соңғы 5 жыл ішінде 600 баспа табақты көлемде 70-тен аса кітаптар мен брошюралар басып шығарылды. Осы бағыттағы қойылған мақсаттарға жету үшін университетте барлық жағдайлар жасалған. Бүгінде «Тараз университеті» баспасында басылымдарды алдын-ала дайындайтын, құрамына компьютерлік дизайн, беттеу және өңдеу кіретін редакторлық-корректорлық сектор жұмыс істейді. Баспаның полиграфиялық базасы жоғары сапалы өнімдермен тек қана Тараз Мемлекеттік университетін ғана емес басқа да тапсырыс берушілерді қамтамасыз етеді. Баспа қызметіндегі негізгі өзгерістер тақырыптық жоспардың  құрастырылуын және орындалуын бақылап отыратын Университеттің Редакциялық баспа Кеңесінің құрылуымен байланысты. Сондай-ақ, «Тараз университеті» баспасының техникалық базасы күшейтілген. Типография қазіргі заманның құрал-жабдықтарымен жабдықталған сондай-ақ, баспаның компьютерлік паркі жетілдірілуде.
ТарМУ хабаршысы
Тіркеу № 2128-Ж
«ТарМУ Хабаршысы» - «Вестник ТарГУ» ғылыми журналы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің органы болып табылады. Журналдың мақсаты – ғылым мен техниканың түйінді мәселелерін, жаңа идеяларын, мамандардың жаңа жұмыстары мен зерттеулерін жариялау. Материалдар қазақ және орыс тілдерінде жарияланады, мерзімділігі – жылына 4 нөмір. Журнал кең ауқымды ғылыми жұмысшыларға, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, докторанттарға, аспиранттарға және коммерциялық мамандарға және инвестициялық құрылымдарға есептелген.
Механика және технология процестерін үлгілеу

 

 

Тіркеу № М 4244-Ж
«Механика және технология процестерін үлгілеу» - «Механика и моделирование технологических процессов» ғылыми-теориялық журнал 1994 жылдың қаңтарынан жылына 2 рет шығарылады. Редакциялық алқаның құрамына ТМД және АҚШ өкілдері кіреді.

 

 

 

 

Прайс - лист 2010

 



Хабарландырулар

 

kusjoly.png