ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК

КРЕДИТТІК ҰТҚЫРЛЫҚ

 


Халықаралық қоғамдастықта болып жатқан интеграциялық процестер адам қызметінің барлық бағыттарына және білім саласына зардап тигізіп отыр. Бұл интеграциялық процессте әлемдік білім беру кеңістігінде өте маңызды орын студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығына берілу болып табылады. Қазіргі уақытта, әлемдік білім беру кеңістігінде, әсіресе дүние жүзі елдерінде, білім беру стандарттарын, тәсілдердін, оқу бағдарламаларын үйлестіруді қалыптастырады.
«ХХІ ғасырдағы жоғары білім беру: тәсілдер және практикалық шаралар» (Париж 1998г.,ЮНЕСКО) Бірінші дүниежүзілік конференциясының Декларациясында - жоғары білім беру сапасын арттыруды талап етіп жаңа ғасырдың басты міндеттерін атап өтті.
Бұл интерактивті желіні құру, оқытушылар мен студенттердің ұтқырлығын, халықаралық ғылыми жобаларды және өз білімдерімен алмасуды ұсынады.
«Оқү мақсатындағы жастардың ұтқырлығы бойынша Жасыл кітап» 8 шілде 2009 жылы Еуропалық комиссия жарияланғаннан кейін студенттердің академиялық ұтқырлығы бірінші кезекте болуға және жоғары білімді интернационалдандырудың формалары болды.
Халықаралық студенттік ұтқырлық тақырыбы мамандарды шетелде жіберу тұрғысынан, және ғылым саласындағы жоғарғы біліктілігі бар потенциалды иммигранттар сияқты елге тарту тұрғысынан, көптеген елдердің негізгі саясаты болып табылады.
2020 жылға дейін 20% -тен кем емес студенттердің жоғары білімі болуы тиіс деген идеясын Левен мырза /Лувен-ля-Нев (Бельгия) 2009 жылы Болон процесінің қатысушы елдерінің білім министрлерінің отырысында тұжырымдаған. Жоғары оқу орындарының белсенді және жаппай қатысуын және студенттердің академиялық ұтқырлығын жандандыруын іске асыру миссиясы болып табылады.
Академиялық ұтқырлық Еуропада ең керекті әлеуметтік, экономикалық және саяси процесс болып табылады. Сондықтан Еуропадағы студеттердің академиялық ұтқырлық деңгейінің дамуы қызығушылық тудырады. «Study on Mapping mobility in European higher education. Brussels, 2011» ЮНЕСКО статистика институтының және Academic cooperation Association «The Bologna Process in Higher Education in Europe. Key indicators on the social dimension and mobility.Brussels, 2009» статистикалық жинағында зерттеу қорытындыларының көбісі жарияланған. Осы жарияланған ақпараттарға сәйкес соңғы 10 жылда ұтқырлық студенттер 2 есеге көбейген. Шет ел студенттерінің қызығушылығын тудыратын елдер Испания, Мальта, Польша, Словакия, Португалия және Финляндия, ал ең аз студенттер Ұлыбритания, Болгария, Кипр және Румыния елдерінде оқиды. Зерттеулер барысында «ұтқырлы» мамандықтар анықталды, олардың ішінде гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, бизнес, құқық, құрылыс және техникалық ғылым. Еуропада орташа есеппен кіріс және шығыс ұтқырлық қатынасы 10: 1 көресетеді және Бельгия, Австрия және Эстония тек абсолютті ұтқырлықты көрсетеді. Кіріс ұтқырлық бойынша басқа елдерге қарағанда үш есе көп студенттер қабылдайтын Швеция және Дания болып табылады.
Барлық Еуропалық елдер шығыс ұтқырлыққа көп көңіл бөледі, әртүрлі бағдарламаларды жасай отырып академиялық ұтқырлыққа маңызды қолдау көрсетеді.
Зерттеу қорытындыларына ерекше мән боліп академиялық ұтқырлықтың дамуына кедергі келтіретін негізгі себебтерді бөліп көрсетті. Олар
- Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша ақпараттың болмауы
- студенттер арасында ынталандырудың болмауы
- қаржылық қолдаудың болмауы
- шет тілдерін төмен деңгейде меңгергендері
- Академиялық ұтқырлық бағдарламалардың сапасына сенбеушілік
- оқу бағдарламаларының сәйкессіздігі
- Виза мәселелерінің туындауы.
Осы мезгілде академиялық ұтқырлықты дамытуға ықпал жасалды, ол жеке қаржылықты қолдау,
білім беру бағдарламаларын нақты жобалау (мысалы, ECTS және DS, «Ұтқырлық терезелер» құру) және бағдарламалар туралы хабарлап отыру.
Еуропалық студенттер Одағы дайындаған «Студенттер көздерімен Болон процессі» есепте шешілмеген негізгі мәселелер барын көрсетеді.
- Көп елдерде оқу нәтижелерімен кредиттің байланыс процесстері жүргізілмеген.
- Оқу жүктемелерін есептеуде студенттер пікірлері ескерілмей мұғалімдер пікірлері ескеріледі.
- Кредиттер санын есептеуде оқу жүктемесін ескермей пән маңыздылығын есептейді.
- Кредиттер санын анықтау үшін негізгі құрал байланыс сағат болып қалған.
- ECTSке өткенде студенттер жүктемесі көбейіп Әрбір пән бойынша компоненттерінің үлкен санына байланысты болады.
Заманауи білім беру саласында студенттер мен оқытушыларының академиялық ұтқырлығы негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: қала ішіндегі ұтқырлық, ел ұтқырлық, халықаралық ұтқырлық.