Сенбі, 18 Мамыр 2019 00:00

СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ - 2019

 

 

Мамыр айының 17-18 күндері университетімізде «Студенттік көктем» атты аймақтық байқау-фестивалі өтті.

Іс-шара еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан жоғары оқу орындары студенттерінің шығармашылығына қолдау көрсетуге бағыттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Байқауға оңтүстік жоғары оқу орындары арасынан барлығы 9 университет қатысты. Олардың ішінде Қажа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Педагогикалық университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Тараз инновациялық гуманитарлық университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеттері бар.

Қатысушылар эстрадалық вокал, халықтық хореография, заманауи хореография, күйшілік өнер жанрлары бойынша сынға түсті. Әділ қазылар құрамында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,  Парасат және Құрмет ордендерінің иегері,  «Қазақ ұлттық өнер универ­ситетінің Құрметті профессоры, «Ерке сылқым» күйінің авторы, қазақтың атақты күйші-композиторы Әбдімомын Желдібаев, «Көне Тараз», «Тай Шолпы», «Ғаламат», «Мұңды саз», «Шоқай датқа», «Мұңлы тамшылар» күйлері мен «Шырайлым», «Жалын кешкен», «Жастар маршы», «Наз сезім» атты әндердің авторы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, күйші-композитор Аман Малдыбаев, «Айша бибі» би ансамблінің көркемдік жетекшісі, балетмейстер,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Байдәулет Сазабеков,
Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Маралбек Бабақұловтар болып, сынға түсушілердің әділ бағасын берді.

Байқау үш күннен тұрды. Бірінші күні қатысушылар қаламызға орнығып, тіркелді. Екінші күні байқаудың салтанатты түрде ашылуы болып, өнерлілер өзара сынға түсті. Сондай-ақ, тарихи Тараз қаласына саяхат жасады. Үшінші күні фестивальдің Гала-концерті өтіп, онда байқау жеңімпаздарын марапаттады.

Гала-концертте облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Сәтбекқызы сөз алып, барша қатысушаларға жылы лебізін білдірді.

Келесіде университет ректоры Махметғали Сарыбеков сөз алды.

       Бұл фестиваль университетіміздің ұйымдастырылуымен екі жылда бір рет өтеді. Ал, биылғы байқау Жастар жылына арналып отыр. Біздің шақыруымызбен оңтүстік өңірден 9 университет қатысуда. Оның әрбірі ерекше дайындықпен келген.

Фестивальдің негізгі мақсаты дарынды, талапты, талантты жастарды іріктеу. Соның нәтижесін осы Гала конценрттен көруге болады. Еліміздің атын бар әлемге танытып жүрген таланттылар жетерлік. Осындай университет ректоры қолдауының арқасында көптеген ұл-қыздарымыз үлкен сахнаға қадам басуына бірден-бір себепкер болу. Бұл байқауда өнерлері таудай жастарды көзіміз көріп отыр. Кез-келген жоғарғы оқу орындары ректорлары осындай талантты жастарға іріктеу, оларға қолдау жасау керек. Келешекте бұл қатысушылардан халық әртісі, жарық жұлдыздардың шығатынына сенім білдіремін, – деді университет басшысы Махметғали Нұрғалиұлы.

Байқау нәтижесі «Күй өнері» жанры бойынша ІІІ дәрежелі дипломымен Тараз мемлекеттік педагогикалық университінің Қазақ ұлттық аспаптар ансамблі, ІІ орынды Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Қазақ Ұлт аспаптары» оркестрі, жүлделі І орынды «Тұмар» қазақ ұлттық халық аспаптар ансамблі марапатталды. Бас жүлдені М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті « Алтай Ұран» тобы иеленді.

Ал, «Күй өнері» жеке орындаушы жанры бойынша екі үшінші орын ТИГУ-дің студенттері Ұлдана Тайжанова, Ағаділ Нұртаев, ІІорын Нұржас Жарылқап (ТарМПУ), Жаслғас Күрес (ОҚМУ), І орын Ерлан Джексембаев (ТарМу), Бас жүлде Нұрбол Қуанышев (ҚҚМУ) марапатталды.

«Халық хореографиясы» жанры бойынша ІІІ орынды «Томирис» би ансабліне бұйырса (ТАРМУ), ІІ дәрежелі дипломды «Ақ кербез» (ТИГУ), «Дидар» (ҚҚМУ), «Айгерім» (ОҚМУ), би ансамблдері иеленсе, ТарМу-дың «Асылай» би ансамблі І орынға ие болды. Байқаудың жеңімпазы «Би Сұлтан» тобының бишілері І дәрежелі Лауреаты атағына ие болды.

«Заманауи хореография» жанры бойынша ІІІ орын «Дидар», «Ақ кербез», ІІ орын «Гауһартас», І орын «Tarsu.kz» би тобы марапатталды.

   Сондай-ақ, «Эстрадалық вокал» жанры бойынша ІІІ Дәрежелі дипломмен Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінен Дидар Ақылбек және Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетінен Мырзағали Ұлжан марапатталды. ІІ Дәрежелі дипломды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенді Айбек Тенизбаев иеленді. І Дәрежелі Диплом ТарМу-дың студенті Айбек Жапсаровқа бұйырды. ІІІ Дәрежелі лауреат атағын алған ОҚМУ-нің әншісі Саламат Абатхан және ОҚМПУ-і Әуесхан Разия жеңіп алды. Дәл осындай ІІ дәрежелі марапат ТАРМПУ студенті Ақзер Әшіралинаға берілді. Сонымен қатар І дәрежелі Диплом ОҚМУ-дың керемет дауыс иесі Асан Садықов ие болды. 

 

 

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ