Сейсенбі, 21 Мамыр 2019 00:00

«Polyglot» клубына қош келдіңіз!

Тараз мемлекеттік университетінде «Полиглот» лингво-елтанымдық клубы 10 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Клуб ағылшын тіліндегі деңгейін жоғарылатып, одан әрі оқып үйренгісі келетін және ағылшын тілін сүйіп оқитын адамдармен бірге уақыт өткізуге дайын студенттерге әрдайым есігіміз ашық. Клуб өз жұмысын «Шет тілдері» кафедрасының бастамасымен жүргізе бастады. «Полиглот» лингво-елтанымдық клубының мақсаты жан-жақты қарым-қатынас арқылы ағылшын тілінің дағдыларын жетілдіру.Студенттер клуб отырыстарында басқа мемлекеттің өмірі мен салт-дәстүрлері туралы жаңа мәліметтерді біле алады, қызықты адамдармен танысады.

Клуб атмосферасы – бұл қатысушылар өздерінің ағылшын тілін жетік білмейтіндігі туралы алаңдаушылықтарын ұмытып кететін, еркін сөйлесу үшін ыңғайлы алаң. Лингво-елтанымдық клубтың кездесулеріне қатысқан студенттер шет тілінен білімдерін тереңдетіп қана қоймай, жаңа достар табады, өйткені барлық қатысушыларды - өз білімін өмірде еркін қолдануды үйрену деген бір мақсат біріктіреді. Бүгінгі таңда клубқа ТарМУ-дың 45-тен астам студенті, оның ішінде ТарМПУ студенттері де белсенді қатысады.

Клуб отырыстарының тақырыптарына келер болсақ, олар әртүрлі: адамдар арасындағы қарым-қатынас тақырыптарына, моральдық-этикалық нормаларға және мінез-құлық ережесіне, әртүрлі ұлттардың дәстүрлері мен өмірлік құндылықтарына қатысты болып келеді.Қоғам мен табиғатты үйлестірудің, қоршаған ортаны қорғаудың өткір жаһандық мәселелері талқыланады.

Сәуір айында клубтың 3 отырысы өтті. Олардың бірінде студенттер әлемнің түрлі елдерінің банкноттарын қарап шықты. Өйткені банкноттар төлем құралы ғана емес, сонымен бірге адамзаттың мәдени мұрасы, оның тарихи жады мен мұрағаты болып табылады. Студенттер әртүрлі ұлттардың ақшаларын әкеліп, мұғалімдермен бірге олардың тарихы мен қызықты фактілерін зерттеді.

«Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ-тың шай ішу мәдениеті» тақырыбындағы отырысына «Знамя труда» газетінің журналисті Темиргали Ахат келіп қатысты. Студенттер қазақ халқының ерте заманнан бері сүт қосылған шайды нағыз қазақтың шайы деп ұнататындығы сияқты, ағылшын халқының да дәстүрлі шайы сүтпен ішілетіндігі туралы, ағылшындар лимон қосылған шайді нағыз орыстың шайы деп атайтындықтарын білді. Кездесу барысында қатысушылардың барлығы дәстүрлі ағылшын шайын ішу салтанатына шақырылды.

Биылғы кездесулердің бірінде студенттер клуб туралы өз көзқарастарын білдіре отырып,  «Клубтың» эмблемасын әзірледі.

«Шет тілдері» кафедрасының оқытушылары

М.А.Байтелиева, С.А.Кенжемуратова

Осы категориядағы басқа материалдар: 1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ »