Сейсенбі, 21 Мамыр 2019 00:00

Ағылшын тілін «OpenEnglish»-пен үйреніңіз

Жастар жылы жаңа әлемдік қоғамдастыққа Егеменді Қазақстанда жаңа қалыптағы адамдардың алғашқы ұрпағы тәрбиеленіп келе жатқандығын көрсетіп отыр. Жастар жылының басты түйіні - жастар экономиканың және әлеуметтік дамудың драйвері екендігінде, мемлекет жастарға мол мүмкіндік жасауда, сондықтан ендігі кезде жастар өздерін дамытып, еңбек етулері қажет.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында Үкімет жастардың әлеуетін іске асыру және дамыту үшін жағдай жасау, қоғамдық өмірдің барлық салаларында бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Жастар жылына арналған Жол картасын бекітті. Ол сондай-ақ 11 негізгі бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Ондағы бағыттардың бірі «Open English» жобасын жүзеге асыруды қарастыратын «Білім беру» бағыты болып табылады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап көктемгі сессияға дейін, №1 жатақхананың студенттері, сондай-ақ тілек білдіруші студенттердің барлығы тегін ағылшын тілі курсынан өтті. Бұл бастаманы «Шет тілдері» кафедрасының еріктілері жүзеге асыруда, олар бағдарламаны шығармашылықпен орындауда және өздерінің курстарында студенттерге негізгі лексика мен қарапайым грамматикалық құрылымдарды таныстыру үшін шет тіліндегі музыка мен әндерді пайдаланады.Тілді өлеңдер арқылы оқып үйрену студенттерге жақсы көңіл-күй мен жайлы атмосфера сыйлап, тілді көңілді қолдануға мүмкіндік береді. Өлеңдер жастар өмірінің бір бөлігі болып табылса, шет тіліндегі әндер студенттерді тілдік ортаға тарту мен ынталандырудың бірден-бір тәсілі. 

«Imagine dragons - Demons», «Boyce Avenue – We can’t stop», «Taylor Swift – Back to December» сияқты заманауи әндер Present Simple, Present Continuous, Future Simple, Comparatives and Superlatives және т.б. грамматикалық материалдарды енгізуге және нығайтуға, Sport, FoodandCooking, Transport, FailureandSuccess сияқты лекскалық тақырыптарды оқып білуге көмектесті.

Қазіргі кезге дейін курсқа университеттің Технологиялық корпусы мен №1 жатақханасының студенттері қатысты. Еріктілер келесі жылы осындай курсты Гидрокомлекс студенттеріне де арнап өткіземіз деп жоспарлауда. 

Осы тұста кітапхананың оқу залында кешкі сабақтарды өткізу үшін курс жұмыстарын өткізуді ұйымдастырудағы КАО директоры Г.Д.Иржанованың үлкен көмегін атап өту керек.

Біздің студенттеріміз осылайша ағылшын тілін ары қарай біртіндеп түсініп, осы керемет тілді жетік меңгеретін болады деп үміттенеміз.

 

IMG 6200

«Шет тілдері» кафедрасының оқытушылары

М.А.Байтелиева, С.А.Кенжемуратова

Осы категориядағы басқа материалдар: « ТАРМУ 12 ОРЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ »