Жұма, 24 Мамыр 2019 00:00

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

 

 

 

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – басты мақсат.

 

Жуырда «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің ұйымдастыруымен «Саналы ұрпақ – елдің жарқын болашағының кепілі!» тақырыбында университеттің №2 студенттік жатақханасында ашық семинар-дискуссия өтті.

 

Жиынға Жамбыл облысы бойынша «Адалдық алаңы» жобалық офисінің басшысы Қайрат Меклисов, Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ Ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің жетекші маманы Қуат Жылқыбеков, «Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшелері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

 

Қазіргі кезде «Саналы ұрпақ» жобасының аясында барлық жоғары оқу орындары, орта кәсіптік білім беру мекемелері, жастар қоғамдық бірлестіктері жұмыс жасауда. Алайда, жастардың көбісінде әлі де осы жобаның мақсат-міндеттері, негізгі қызметі туралы толық хабары жоқ. Осы жағдай студенттермен ашық түрде кездесуді өткізудің басты себебі болды.

 

Ен алдымен, семинардың жүргізушісі Аскар Кадыркулов жиынға қатысушылардың барлығын университеттегі «Саналы ұрпақ» студенттік клубының мақсаттарымен, жұмысымен таныстырып, және де соның қатарына студенттерді кіруге үгіттеді.

 

Қ.Меклисов «Саналы ұрпақ» жобасының Республикалық «Адалдық алаңы» жобасымен тікелей байланысы бар екенің айтты, сонымен қатар бұл саладағы негізгі бағыттары жайлы тоқталып кетті. Нақты айтқанда басты міндет – қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; жемқорлық көріністеріне төзбеушілік психологиясын орнату; сыбайлас жемқорлықты алдын алуға барлық деңгейде жұмыс жүргізу; бұл салада дамыған елдердің озық технологияларын негізге алу және т.б.

 

Ашық әңгімесінде Қайрат Меклисұлы, студенттік кезін есене алып, әртүрлі бастан кешірген жағдайларды мысалға келтірді. Сөздің аяғында жастарды оқыған кезде, ары қарай жұмысқа тұрған кезде өз істеріне адал болуға шақырды.

 

Ал, Қ.Жылқыбеков өз кезегінде, мемлекеттік қызмет саласында жұмыс жасаған кездегі жағдаяттарды еске түсірді. Бұл салада қызмет етем деген азаматтар өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарау, әсіресе өзінің жүріс-тұрысна көп көңіл аудару керектігі туралы айтты. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті адамға жастайынан үйрету қажет, алайда бұл жерде ана-ананың балаларына берітін тәрбиесі біріңші орында тұр деп ойлатының студенттерге жеткізді.

 

Жиынның аяғында қатысушылар тақырып аясында пікір алмасты, келген қонақтарға сауалдарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Осындай түсіндіру-семинарларын ары қарайда өткізіп тұруға келісті.

 

 

 

Аскар Кадыркулов

 

«Саналы ұрпақ» фронт-офисінің үйлестірушісі