Дүйсенбі, 27 Мамыр 2019 00:00

ПАЙДАЛЫ ТАҒАМДАР ЕЛІНЕ САЯХАТ

Мамыр айының 21 күні технологиялық корпустың фойесінде «Пайдалы тағамдар еліне саяхат» атты қалалық деңгейде тамақ өнімдері жәрмеңкесі өтті.

Аталмыш іс-шараны Жастар жылы және Алтын орданың 750 жылдығы аясында «Тамақ өнімдері мен қайта өңдеу өңдірісі технологиясы және биотехнология» кафедрасы ұйымдастырды.

 Жәрмеңкеге қала ішіндегі жергілікті кәсіпорындардан «Хлебный Дар» ЖСШ, «Галеника» ЖСШ, «Достар» ЖШС, университеттің ПОҚ  шақыртылды. Сонымен қатар, жәрмеңкеде студенттердің ғылыми жетекшілермен бірлесіп жасаған өнімдері ұсынылып, жақсы пікірге ие болды. Жәрмеңкені ұйымдастырудағы басты мақсат - жастарға, жас мамандарға болашақ ұрпаққа қауіпсіз тағам өнімдерін тұтынуды үйрету және аймақтық өндірушілерге өз идеяларын ұсына білу. Қазіргі таңда жәрмеңкенің халыққа пайдасы зор деп ойлаймыз. Оған дәлел келушілердің көптігі, олардың оң пікірі.

 

 

 

 

 

DSC 0300   DSC 0300

DSC 0300   DSC 0300

DSC 0300   DSC 0300

DSC 0300   DSC 0300

DSC 0300   DSC 0300

 

 

 

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

 

 

 

 

Осы категориядағы басқа материалдар: « СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОЛА ЖҮЛДЕ ҚОРЖЫНДА »