Бейсенбі, 30 Мамыр 2019 00:00

ҚОЛА ЖҮЛДЕ ҚОРЖЫНДА

 

 

Халықаралық «Сұңқар» спорт кешені аумағында белдесуден турнир өтті. Аталмыш дода қазақ күресі федерациясының мұрындық болуымен «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылды. 

Мұнда “Халық барысы-2019” турнирінің қатысушы палуандары кілем үстінде өзара күш сынасты. Мыңға жуық Халық барысына үміткерлер өз шеберліктерін шыңдап, жеңіске жету құлшынысын байқатты.

Биылғы жылы жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрап, үкімет тарапынан қаржыландырылды. Турнирге 18 жастан 50 жасқа дейінгі ер азаматтар қатысты. Жарыс Қазақ күресі федерациясының бекіткен ережесі бойынша өтті. Ең бастысы қатысушылар салмағы 70 келіден асуы керек.

Осы жарысқа М.Х.Дулати атындығы Тараз мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт мамандығының 2 курс студенті Ғалымжан Керікбай қатысты. Ғалымжан 100 келі салмақ бойынша белдесіп, нәтижесінде қола жүлдегер иесі атанды.

Айта кетейік, бұған дейін палуанымыз 100 келі салмақта күресетін қазақстанның бірнеше дүркін чимпионы және әртүрлі халықаралық турнирлердің жеңімпазы, еліміздің ең күшті палуандарымен алты күрес өткізген. ( Оның ішінде ҚР чимпионы Виктор Диаменкомен өткен белдесуді ерекше атап өткен жөн).

Жаттықтырушысы Бахтияр Ақбергеновті және Чемпионымызды құттықтай отыра, үлкен белестерден көріне беруіне тілекшіміз.

 

 

Әсем Сансызбаева, журналистика мамандығының 1-курс студенті