Жұма, 31 Мамыр 2019 00:00

ТАРМУ 12 ОРЫНДА

 

«ҚР-ның сұранысқа ие ЖОО-ры 2019 ұлттық рейтінгінде» ТарМУ 12-орынды иеленді.


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің баспасөз қызметі сайтының мәліметтері бойынша "ҚР жоғары оқу орындарының сұранысқа ие ұлттық рейтингі-2019" бойынша біздің оқу орны 12 орынды иеленді.
Сонымен қатар, біздің ЖОО-мен бірге Рудный индустриялық институты, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті бар. Бірінші орынды Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті иеленді, ал рейтінгтіңтің соңын Мардан Сапарбаев атындағы университет , Атырау мұнай және газ, Астана университеттері тәмәмдап тұр.
Жалпы байқауға, еліміздің 87 ЖОО қатысқан. Оның ішінде 28 ЖОО дұрыс емес ақпарат бергені үшін қатыса алмай қалды. Ал қалған 59 ЖОО-ры өз бағын сынады. Оның ішінде 8 Ұлттық университет, 21 Мемлекеттік, 10 акционерлік және 20 жеке меншік жоғары оқу орындары қатысқан.
Жоғары оқу орындарының рейтингісін анықтау Берлиндік қағидаларға сүйене отырып жасалған.
Тәуелсіз аккредитациялаy агенттігінің және (HAAP, IAAR) рейтингісінің басты мақсаты, ЖОО-ның мамандар даярлауда бәсекеге қабілеттілігін жақсарту. ЖОО-ды бағалау үшін қолданылып отырған цифрлық технология автоматты түрде 456 білім беру бағдарламасы бойынша, бакалавриат - магистратура - докторантура және басқада 13 маманды дайындау бойынша қорытынды есеп беруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «TOP-20» жалпы рейтингі барлық бағыттар мен деңгейлерде (бакалавриат, магистратура және докторантура) білім беру бағдарламалары бойынша алынған жалпы нәтиже бойынша анықталады. Айта кету керек, ЖОО-ды бағалау әдістемесі мынадай критерийлерге негізделетінін атап өту керек: біріншісі - оқыту деңгейі бойынша институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу туралы ақпарат, түлектерді жұмысқа орналастыру және олардың еңбек нарығындағы өзектілігі, адам ресурстарын дамыту, білім беруді интернационализациялау және академиялық ұтқырлықты дамыту, оқытушылар, магистранттар мен докторанттардың белсенділігін дамыту.

 

Сапаржамал Оразбекова, журналистика мамандығының 3 курс студенті