Жұма, 31 Мамыр 2019 00:00

ТАРМУ – ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГТЕ 7-ШІ ОРЫНДА!

 

Білім сапасын қамсыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің Қазақстан Республикасы үздік ЖОО-ның Ұлттық рейтингісі – 2019 нәтижесінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті көпсалалы жоғары оқу орындары арасында 7-ші орынды иеленді.


2019 жылдың 27-ші мамырында Қазақ өнер академиясының қабырғасында өткен салтанатты жиында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті марапатталды.
Аталған рейтинг 2008 жылдан бері он бірінші рет өткізіліп келе жатыр. Университеттің қызметін бағалауда профессор-оқытушылар құрамының сапасы, студенттердің құрамы мен оларды оқыту нәтижелері, университеттің ғылыми және инновациялық қызметі, халықаралық ынтымақтастық пен университеттің сайты сияқты бағыттар алынды. ЖОО-ның деңгейін бағалау үшін отандық және шетелдік сарапшылар мен университеттің жұмыс берушілері жұмылдырылды.
Мұнымен қатар, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 5 бірдей білім бағдарламасы (мамандық) көш бастап тұр! Атап айтсақ, бакалавриат бойынша су ресурстары және суды пайдалану мамандығы 1-ші орынннан көрінсе, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау мамадығы 1-ші орын алды. Магистратура бойынша су ресурстары және суды пайдалану, гидротехникалық құрылыс және ғимарат, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау -1-ші орыннан көрінді.

 

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Осы категориядағы басқа материалдар: « ҚОЛА ЖҮЛДЕ ҚОРЖЫНДА Балаларға базарлық »