Сенбі, 01 Маусым 2019 00:00

Балаларға базарлық

 

 

 

Университетіміздің жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті қаламызда оналасқан №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығына барып 1-маусым Балаларды қорғау күнімен құттықтап қайтты.

 

Факультет деканы Құдайберген Бейсембиннің бастауымен магистранттар және оқытушылар университет атынан балаларға қайырымдылық ретінде қажетті заттарды сыйға тартты. Осылайша университет ұжымы бір сәт болсада балаларға қуаныш сыйлай алды.

Мерекелік іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжунов, «Рухани жаңғыру» кеңесінің өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, мерекеге арналған «Нұрлы болашақ» республикалық акциясы аясында мерекелік концерт өтті. Онда орталықта емделуші балар өз өнерлерін ортаға салып, келген қонақтарды таланттарымен таң қалдырды. Сонымен қатар «Әрқашан күн сөнбесін» атты асфальтқа сурет салу байқауы, «Бүкіл әлем балалар көзімен» атты сурет және мүмкіндігі шектеулі балардың өз қолымен ағаштан және табиғи материалдан жасалған әр-түрлі бұйымдармен көрмесі ұйымдастырылды.

 

 

BALALAR KUNI 1

 

BALALAR KUNI 3 

 BALALAR KUNI 4

 

BALALAR KUNI 5

 

 

 

 BALALAR KUNI 6

 

 BALALAR KUNI 7

 

BALALAR KUNI 8

 

 BALALAR KUNI 9

 

 

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ