Бейсенбі, 30 Мамыр 2019 00:00

ТАРМУ ЖАСТАРЫ ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАЙДЫ

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын біздің қаламыздажалғастырды. Мұнда партиялықтар мен штабтың «Team Qazaqstan» жастар қанаты қаладағы «Жастар аллеясына» жиналған қала тұрғындарына Президенттікке кандидаттың сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

         Аталмыш шараға университет ректоры Махметғали Сарыбеков және студенттер қатысып, бір ауыздан Тоқаевты қолдайтындарын жеткізді. Сондай-ақ, университет басшысы барша жастарды сайлауға қатысуға шақырды.

   Қасым-Жомарт Тоқаев өз бағдарламасы арқылы жастар саясатын ары қарай да сапалы жүргізуді көздеп отыр. Мәселен, 180 мемлекеттік колледжді жаңғыртып, сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандар дайындауда заманауи оқыту бағдарламасын енгізу қарастырылған.

   Іс-шарада барысында үгіт насихат жұмыстары қала тұрғындарынан біраз ұсыныстар жасалып, талап-тілектер талқыға салынды.

Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері кандидаттың тәжірибелі саясаткер екенін айтты. Тоқаевтың штаб мүшелері ішінде танымал өнер жұлдыздары да бар. Жастар аллеясында өткен концертте Азамат Сатыбалды, Мадина Садуақасова, Алтынай Жорабаевалар өнер көрсетіп, жастарды дұрыс таңдау жасауға шақырды. Өнер жұлдыздары өз сөздерінде бүгінде елімізде әрбір қазақстандықтың табысты болуы үшін бар жағдай жасалғаның айтты. #TeamQazaqstan жастар қанатының мүшесі, блогер Ерғазы Әзімханұлы Тараздық жастарды жауапкершілікті сезінуге, әркімнің сөзіне ермей, нақты әрекетпен еңбек етуге шақырды. «Қандай адам болмағымыз тек өз қолымызда. Осы бейбіт елімізге, ашық аспанымызға ризамын және мен тұрақтылықты таңдаймын!» – деп түйіндеді ол.

Сапаржамал Оразбекова,

Журналистика мамандығының 3-курс студенті

Осы категориядағы басқа материалдар: « Балаларға базарлық Ақпарат »