М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті - Items filtered by date: Қазан 2018
Бейсенбі, 01 Қараша 2018 00:00

ЖҮЛДЕЛІ ЕКІНШІ ОРЫН ӘДІЛЕТТЕ

Тараз қаласында қазан айының 26 және 27 күндері микс комбат және каратэ комбаттан ашық Республикалық турнир өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар

 


2018 жылдың 31 қазанында «Экономика және бизнес» факультетінде студенттік парламентке сайлау өткізілді. Бұл сайлаудың мақсаты - студент жастардың университеттің қоғамдық өміріне тиімді араласуын қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік, интеллектуалдық, шығармашылық, рухани, экономикалық мүдделерін қанағаттандыру үшін қолайлы ортаны құру болып табылады. Жастардың студенттік өзін-өзі басқаруға қатысуы олардың бойында дербес, белсенді, жауапкершілік, бастамашыл сынды қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Студент үшін өзін-өзі басқару – ол бос уақытын тиімді және үнемді пайдалану, қоғамдық жұмыстарға атсалысу, студенттердің ғылыми және басқа да бастамаларын қолдау мен дамытудағы көмек. Сайлауға факультет деканы С.С. Қожабеков және ректордың жастар ісі жөніндегі көмекшісі А.Б. Ұлтанбаев қатысты.
Студенттік парламентке 3 студент үміткер болды. Дауыс беру жасырын түрде жүргізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша студенттік парламент қатарына 1-курс студенті Әбілжан Жанәбіл қабылданды.
Факультет деканы қатысқан барлық үміткерлерге сертификаттарын табыстап, істеріңе табыс тіледі.


ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

 

 

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 01 Қараша 2018 00:00

ҚАЗАҚТЫҢ ШЕРАҒАСЫ

     

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қ.Р Халық жазушысы, қоғам қайраткері, публицист Шерхан Мұртазға арналған шығармашылық кеш өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар

 

Күні кеше гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті кешеніндеКітапханалық-ақпараттық орталығы көркем әдебиет секторы мен «Көзайым» шығармашыл жастар үйірмесінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жазушы, ғалым Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» шығармасына арналған дөңгелек үстел өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 31 Қазан 2018 00:00

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ


Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы және оқу ордасының ұйымдастыруымен «Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби» атты семинар-тренинг өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар

 

Марс Үркімбаев атындағы жастар сарайында студенттер арасында халықаралық бизнес форум өтті. Шараның ұйымдастырылуына университетіміздің Enactus Dulaty ұйымының озаттары мен «Эканомика және бизнес» факультеті ерекше атсалысты. Форумға еліміздің 18 ЖОО бөлек Қырғызстан Республикасынан болашақ эканомика және бизнес саласының майталмандары келді.Форум барысында университетіміздің бірінші проректоры Асқар Бегәділұлы мен ENACTUS KAZAKHSTAN жобасының президентіаталмыш жобаның эканомика және бизнес саласындағы студенттер үшін маңызы зор екенін айтты.

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 29 Қазан 2018 00:00

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ


Университетте «Жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары мен жобаларын түсіндіру және жүзеге асыру бағытында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының дамуы» атты семинар тренинг өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар

 

 

Ағымдағы жылдың 24 қазанында Жас ғалымдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Аталған іс-шара университет магистранттары мен докторанттары және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор С.М. Қойбақовтың қатысуымен өткізілді.

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 25 Қазан 2018 00:00

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жастар ісі жөніндегі комитеті жанындағы студенттік парламентіне сайлау өтеді.

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 25 Қазан 2018 00:00

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 

«Психология және педагогика» кафедрасының оқытушысы, доцент доцент Р.Қ.Керимбаева жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

Бөлім:  Жаңалықтар
«В началоАртқа1234АлғаВ конец»
Страница 1 из 4