М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті - Items filtered by date: Қаңтар 2019
Жұма, 01 Ақпан 2019 00:00

ПІКІРЛЕР САЙЫСЫ ӨТТІ

 


Жуырда Жастар ісі жөніндегі комитетке қарасты "Еркін Ойлар Алаңы" ИПК-ның ұйымдастыруымен дәстүрлі "Дүлділдер додасы V" облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар

 

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы бірлесе отырып, 28-31.01.19ж. аралығында Жамбыл облысы аудандарының тұрғындарына латыннегізді қазақ тілі әліпбиі және 2018 жылдың 6 желтоқсанында ұлттық комиссия отырысында мақұлданған емле ережелерін түсіндіру мақсатында көшпелі семинар-тренинг ұйымдастырды. Семинар-тренигті Филология және журналистика кафедрасының доценті, ф.ғ.к. доцент Қарымбаева Күлзинат Мейрамбайқызы мен филология магистрі Мырзабаева Балмира Жүнісбекқызы жүргізді. Жаңа емле ережелерінің жаңалықтарымен таныстырып, көзшалым, оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру үшін жаңа әліпби бойынша тренинг жүргізді. Сонымен қатар Тілдерді дамыту басқармасының тапсырымен оқу ордамыздың оқытушылары, ІТ маманы даярлаған «Qazalipbi.kz»онлайн оқыту бағдарламасының презентациясын жасады. Он аудан бойынша семинар-тренигке 2000-нан астам тыңдарман қатысты. Тыңдармандар белсенділік танытып, жаңа әліпби бойынша тапсырмаларды құлшына орындады.

latyn grafikasy seminar2
Латын графикасын үйретудің
оқу-әдістемелік кабинеті

 

 

 

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 31 Қаңтар 2019 00:00

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, технологиялық факультеті, «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен Тараз қалалық мектеп түлектеріне және колледждің бітіруші түлектеріне арналған ашық есік күні өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 28 Қаңтар 2019 00:00

ЖАСТАР ЖЫЛЫ – ЖАСАМПАЗДЫҚ КЕПІЛІ

 

Күні кеше, яғни қаңтар айының 23 жұлдызы біздің өмірімізде айтулы өзгерістерге толы күн болды. Бүгінде ғылым мен білімде, өнер мен өндірісте еңбек етіп жүрген жастар көп. Елорадамыз Астанадағы «Нұр-Әлем» кешенінде «Тәуелсіздіктің ұрпақтары атты» атауымен Жастар жылының ашылу салтанатына қатысқан Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен тікелей байланыста Onlain режимінде куә болдық. Біздің ойымызша «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеу қажеттігі, ел үкіметіне «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлер үшін грант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есе арттыруды тапсырғаны – қазіргі студент, яғни болашақ мамандар үшін зор мүмкіндік.

Бөлім:  Жаңалықтар

 


Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен Тараз мемлекеттік университеті «Жаңа әліпби және емле ереженің жаңалықтары» атты семинар-тренинг өткізді.

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 25 Қаңтар 2019 00:00

ТАРИХҚА ЖАҢА КӨЗҚАРАС

 

 

Бүгін оқу ордасында «Тарихи сананы қалыптастыру және білімнің салтанат құруында гуманитарлық ғылымдардың рөлі» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 23 Қаңтар 2019 00:00

ЖАСТАР ЖЫЛЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

 

 

2019 жыл – жастар жылы. Осыған орай Астана қаласының «Нұр – Әлем» кешенінде жастар жылының ашылу жиыны өтті. Тікелей эфирде өткен форумды еліміздің барлық ЖОО-ның профессор-оқытушы құрамы, қызметкерлері мен студент жастары тамашалады. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ұжымы мен студент жастары да бас ғимараттың үлкен залында бас қосып, зер сала тікелей эфирде жиынның мән-маңызына қанық болды.

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 21 Қаңтар 2019 00:00

ДЕНСАУЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ АЯҚТАЛДЫ

 

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-да оқытушылар арасында жыл сайын өткізілетін дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы өз мәресіне жетті.

Бөлім:  Жаңалықтар

 


М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде қаңтар айының 14 мен 23 аралығында оқу ордамыздың қызметкерлері мен оқытушыларына арналған «Жаңа қазақ тілі әліпбиін» үйрету бойынша 10 күндік семинар-тренинг басталды.

Бөлім:  Жаңалықтар

 

 

Қазақстанда 2016-2019 жылдарға арналған Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру мазмұны жаңарып жатыр, яғни жаңартылған білімнің негізгі мазмұны үштілділік саясатының шеңберінде жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы 2004 жылдың өзінде былай деп айтты: «Мен бірнеше рет айттым және тағы да қайталаудан тайынбаймын: мен қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, үш тілде сөйлейтін қазақстандықтардың жаңа буынын көргім келеді. Бұл – мемлекеттің, экономика мен ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің кілті». 2018 оқу жылынан бастап барлық жерлерде жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту басталды.

Бөлім:  Жаңалықтар
«В началоАртқа123АлғаВ конец»
Страница 1 из 3