М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті - Items filtered by date: Ақпан 2019
Жұма, 01 Наурыз 2019 00:00

ЖАЙДАРЛЫ ЖАЙДАРМАН

 

 

 

 Марс Үркімбаев атындағы «Жастар сарайында» факультет аралық жайдарманның жартылай финалы өтті. Қатысушылар «Жастар – болшаққа жол бастар» тақырыбы аясында жастарға ой салар, салмақты әзілдер ойнады.

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 01 Наурыз 2019 00:00

1 - НАУРЫЗ. АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

 

 

Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 28 Ақпан 2019 00:00

ҚҰТТЫҚТАУ



М.Х.Дулати атындағы гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты, доцент Алтаева Гульнар Абдуллақызын айтулы 50 жас мерейтойымен құттықтаймыз!

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 28 Ақпан 2019 00:00

ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ

 

 

2019 жылы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясына Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділдә Тәжібаевтің өлеңдері таңдап алынды.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 00:00

ТӘЖІРИБЕЛІК ТРЕНИНГ

 

 

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық кітапханада Жастар ісі жөніндегі комитеті жанындағы «Қазақстан Студенттер Альянсы» РСҚ мен Кәсіби даму және карьера орталығы бірігіп бизнес-тренинг өткізді.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 00:00

ЖАСТАР ЖЫЛЫ ЖАСАЛАТЫН ЖҰМЫС КӨП


Жуырда Жастар жылына арналған жиын өтті. Жиынға Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Арнат Ұлтанбаев, Студенттік Парламент ұйымының депутаттары, спикер Индира Сардарова және Тараз қалалық маслихат депутаты Серікбол Берікқожа қатысты. Мұнда Жастар жылында өткізілетін ауқымды іс-шаралардың жоспары талқыланды.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 00:00

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ТАҒЫДА АРТТЫ

 

«Нұр Отан» партиясы бүгінде халықтың сенімінен шыққан үлкен партиялық күшке айналып отыр. Сондықтан да Тәуелсіз еліміздің дамуы мен бүгінгі жетістігінде оның орны ерекше. Елбасының басқаруымен өткен бүгінгі ХVІІІ съезде де елдің ең көкейкесті мәселелері жан-жақты айтылуда. Соның бірі - әлеуметтік салаға бөлінетін қаржының артатыны туралы айтылуы. Қазына шығындарының 45 пайызының әлеуметтік салаға бағытталған болса, съезде Елбасы бұл қаржының алдағы уақытта тағы да арта түсетінін мәлімдеді. Шын мәнінде, халық бұдан үлкен жақсылық күтеді. Тұрғын үй мәселесі, әсіресе жастардың үймен қамтылуы мәселесі бұл мемлекет тарапынан үлкен қолдауды күтетін өткір мәселе болып тұрғаны сөзсіз. Сондай-ақ көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын арттыруды тапсыруы да, оларға арналған 40 мың арендалық тұрғын үйдің салынуы туралы айтылуы да елдің ең өзекті мәселелерін шешуін қамтамасыз етеді деп білеміз.

 

С.ҚҰЛБАРАҚ, Ф.Ғ.Д., «ДУЛАТИТАНУ» ҒЗО ДИРЕКТОРЫ

                                                                                               

 «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ СЪЕЗІНЕН ХАЛЫҚТЫҢ КҮТЕРІ МОЛ


Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өз жұмысын бастады. Съез өткізілетін Тәуелсіздік сарайына 2000-ға жуық делегат жиналды. Съезге партияның төрағасы, Казақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысады. Съездің күн тәртібіне алдын ала белгіленгендей 4 мәселе ұсынылып отыр: 1. «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасын талқылау; 2. Партияның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; 3. Партияның саяси кеңесінің және Орталық бақылау-тексеру комиссиясының есептік кезең бойынша жұмысының қорытындылары; 4. Партия саяси кеңесінің және Орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау.
Қазіргі кезеңде қоғам үшін маңызды мәселе – халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруы болып отыр. Бұл мәселені Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің 2019 жылдың 5 қазан күнгі «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына арқау еткен болатын. Белгілі дәрежеде Үкіметтің отставкаға кетуі де осы Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру барысындағы нәтижелердің мардымсыздығына байланысты деп айтуға болады. Енді жаңадан тағайындалған үкімет осы бағытта қарқынды жұмыстар атқарып, орын алып отырған олқылықтарды түзетулері тиіс. Әрине, бұл оңай шаруа емес, дегенмен де бұл міндетті атқару ел алдында тұрған жауапкершілігі мол өзекті әрі мақсаты биік маңызды мәселеге айналып отыр.
Өткен аптада Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан үкіметін отставкаға жіберу жайында мәлімдеме жасай отырып, алда болатын «Нұр Отан» партиясының съезінде әлеуметтік қолдауды күшейту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін шаралар ұсынатынын айтқан болатын. Мемлекет басшысы тұрмысы нашар азаматтарға әлеуметтік қолдауды күшейту және халықтың әлеуметтік осал топтарының баспана жағдайын жақсартуға бағытталған мүмкіндіктерді кеңейту үшін республикалық бюджет пен Ұлттық қордан қаржы бөлінетіндігін мәлімдеген еді. Аталған іс-шаралар партияның съезінде қаралып, делегаттардың қолдауына ие болары сөзсіз. Одан әрі қарай бұл іс-шаралар «Нұр Отан» партиясының мүшелері тарапынан басшылыққа алынатын маңызды міндетке айналады. Партияның абыройы да осы міндеттің сапалы орындалуына тікелей байланысты болмақ. Ендеше осы абыройлы міндеттің сәтті орындалуына тілектес болайық!

 

«Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы
Баярисов Режеп

Бөлім:  Жаңалықтар
Сейсенбі, 26 Ақпан 2019 00:00

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

 


ЖАҢА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ «ӨНЕР» ШЕБЕРХАНАСЫ АШЫЛДЫ!

Жастар жылына орай М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің «Мәдениет және өнер» кафедрасында «Өнер» шеберханалары ашылды. Ашылу салтанаты 13.02.2019. 1.2 4 қабатында өтті. Іс-шараның салтанатты ашылу лентасын Университеттің бірінші проректоры Абдулы Асқар Бегаділұлы, Қ.Р. Халық әртісі. Еңбек ері Асанәлі Әшімов атындағы музейдің меңгерушісі Қ.Р .Мәдениет қайраткері Талғат Сұлтангерейұлы қиды. Іс-шараға студент жастар және ұстаздар қауімі қатысты, әр шеберханада студенттердің шеберлік сабақтары келген қонақтардың назарына ұсынылды.Соның ішінде: К.Гольдонидің «Екі қожаға бір қызметші» спектакілінің дайындық жұмысы көрсетілді.

shygarmawylyk kabinet awyldy1

Бөлім:  Жаңалықтар

 

Оқу ордасында студенттер арасындағы факультет аралық спартакиада мәресіне жетті.

Бөлім:  Жаңалықтар

 

 

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры», «Жастар жылы -2019» деп ерекше назар аударуы көптеген игі шаралардың көрініс табуына әкеліп отыр. Сондай шаралардың бірі келешек ұрпаққа өздерінің жылдар бойғы жинаған өмірлік тәлім тәрбиелерін табыстау, ізбасарларын тағайындау.

Бөлім:  Жаңалықтар
«В началоАртқа1234АлғаВ конец»
Страница 1 из 4