М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті - Items filtered by date: Мамыр 2019
Сенбі, 18 Мамыр 2019 00:00

МЕРЕЙЛІ МЕХФАК

2019 жыл тарихи маңызы зор жыл болды. Оның ішінде біздің факультет үшін де бұл жылдың алар орны ерекше. Себебі, Мұнай, газ және механика факультетінің құрылғанына биыл 50 жыл толып отыр.

         Факультет атауы әр жылдары «Гидромелиоративтік жұмыстарды механикаландыру», «Мелиоративтік жұмыстарды механикаландыру», «Инженерлік -механика», «Механикаландыру және энергетика», «Мұнай-газ ісі, энергетика және технологиялық машиналар», «Мұнай-газ ісі, энергетика және транспорт», «Мұнай, газ және механика» институты, «Мұнай, газ және механика» факультеті деп аталған.  Ол Орта Азия және Қазақстанда қалыптасқан жағдайларға, әсіресе су мелиорациясы саласындағы құрылыс және мелиорация машиналарын жөндеп, тиімді пай­даланатын инженер-механиктердің жетіспеуіне байланысты КСРО Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінің бұйрығына сәйкес 1965 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының «Гидротех­никалық құрылымдар» факультетінде  «Гидромелиоративтік жұмыстарды механика­ландыру» мамандығының ашылуынан бастау алады.Бұл еліміздің бар аймағына инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын мамандар дайындауға септігін тигізді.

Факультеттің алға қойған мақсатына жетуі және дамуы үшін Б.Х. Иманқұлов, Ю.С. Перфи­льев, Ж.О. Қадыр, Г.М. Местер, М.И. Мусина, Ә.Ә. Әлмұханов, Д.М. Ыбырай, М. Әбдіғалиев, П.З. Кузьменко, З.М. Жұмабаева, А.У. Кенжебаев және зертхана меңгерушісі С.У. Пан, т.б. оқытушы ардагерлер көп еңбек сіңірді. Ең алғаш «Құрылыс және мелиора­тивтік машиналары» кафедрасы құрылды. Ка­федраның бірінші меңгерушісі қызметін Юрий Сергеевич Перфильев атқарды. Кейінірек ка­федра «Құрылыс және мелиоративтік маши­налары», «Тракторлар және автомобильдер», «Металдар технологиясы және машиналар­ды жөндеу» кафедраларына бөлініп, олардың меңгерушілігіне Беницион Маркович Местер, Юрий Сергеевич Перфильев және Әбілда Әлмұқанов тағайындалды.

Факультеттің материалдық негізінің то­лығуына, білікті ұстаздармен қамтамасыз еті­луіне, ғылыми әлеуетінің күшеюіне ерен еңбек еткен академик, техника ғылымдарының докторы, профессор Марс Фазылұлы Үркімбаевқа тоқталмаса болмас.

Марс Фазылұлы Үркімбаев 33 жастағы ең жас ректор инсти­туттың өсіп-өркендеуіне, Кеңес Одағында ғана емес, әлемдік аренада да танымал болуына зор еңбек сіңірді.

1974 жылы Қ. Сәтбаев көшесі бойынан жер телімі беріліп, Марс Фазылұлының басшылық етуімен Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты кешенінің қабырғасы қалана бастады. Институтта еліміздің ауыл шаруашылығы, эко­номика, гидромелиорация, құрылыс саласына қажетті бірнеше жаңа мамандықтар ашылып, профессор-оқытушылар құрамының әлеуеті арт­ты. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының материалдық, рухани әлемінде көп­теген тың жобалар пайда болды.

Бүгінгі күні ғалым ұстаздың ғылыми мұрасын жастар арасында насихаттау мақсатымен М.Ф. Үркім­баев атындағы қоғамдық қор құрылып, дарынды жас зерттеушілерге арнайы стипендия тағайын­далды.

Факультет тарихында әр жылдары алты декан жемісті жұмыс атқарды. Олар: Иманкулов Болат  Халимбетович, Кучмистый Борис Иванович, Емелянов Геннадий Владимирович, Крещик Василий Андреевич, Антимонов Виктор Петрович және Сағатбек Мырзашев.

Факультетті алғаш рет 38 түлек бітіріп шықты. Алғашқы түлектер қатарында т.ғ.д., профессор Ж.Қ. Қасымбеков, т.ғ.к., профессор Ә.Т. Раимбаев, т.ғ.к., доцент М.М. Маханов және т.б. белгілі азаматтар бар.

Университетіміз аймақта мұнай-газ саласына маман дайындайтын еліміздегі бірден-бір жоғары оқу орны. Сол кезде кафедраның нық тұруы және өркендеуіне үлкен үлес қосқан ғалымдар С.Мырзашев, А.Т.Раимбаев, Ю.Н.Курляндский, И.С.Тілегенов, Д.М.Мадиев, Г.А.Саршаева және Ш.М.Отарбаевтарды атап өту қажет.

Қазіргі уақытта факультет құрамына «Ме­ханика және машина жасау», «Машиналар мен жабдықтар», «Көлік техникасы және технологиялары», «Мұнай-газ ісі», «Электрэнергетикасы», «Дене тәрбиесі» кафедралары кіреді.

Факультет деканы қызметін 2016 жылдың 1 қыркүйегінен тех­ника ғылымдарының кандидаты Кенжеғали Шилібек атқарып ке­леді.

Бүгінгі күні факультет ұжымы мұнай-газ, тау-кен, энергетика, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларына бәсекеге қабілетті білікті мамандар дайындау үшін ТМД құрамына кіретін жетекші ғылыми мекемелермен және жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Олардың ішінде РФ қатынас құрылыстары ғылыми зерттеу институ­ты, Мәскеудің Губкин атындағы Мұнай-газ уни­верситеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Н.Э. Бауман атындағы МЖТУ және т.б. бар.

1973 жылы жас, талантты ректор М. Үркімбаевтың басшылыққа келуімен факультет­тің екінші тынысы ашылғандай болды. Марс Фазылұлының біліктілігінің арқасында сол жылдары фаультетті дамыту жұмыстары өз жемісін бере бастады. М. Үркімбаев барлық жас оқытушыларды Мәскеу, Ленинград, Киев сияқты үлкен қа­лалардың ЖОО-дағы мақсатты аспиранту­раға оқуға жіберіп отырды. Үш-төрт жылдың ішінде факультетте ғылыми дәрежесі бар ПОҚ құрамының саны күрт өсті. С.И. Шотанов, Ә.Т. Раимбаев, В.П. Антимонов, В.И. Козли­кин, С.А. Алиев, А.Н. Семернин, М.Д. Аязбай, Ө.Т. Қасымов, С.Ж. Жашен, А.Қ. Мәлібеков, Д.Қ. Жақияев, С. Жүнісбеков, Б. Естілеуов, Б.Қ. Ибылдаев, М.Х. Ибылдаев кандидаттық диссертацияларын қорғады. Сонымен қатар басқа жақтан да жас ғалымдар шақырылды, олар­дың ішінде ғылым кандидаттары Есенжанов, К.И. Кубаев, Ю.Н. Курляндский, Ю.В. Дубский, И.Н. Хе, А.В. Огрызков және т.б. болды.

Факультет профессоры, техника ғылымдары­ның докторы С.С. Жүнісбеков Қазақстандағы алғашқылардың бірі болып мемлекеттік тіл­де арнаулы-техникалық оқулық жазды. Оның және басқа қызметкерлермен бірлесіп жазған еңбектері «Серпімділік және пластикалық тео­рия негіздері», «Материалдар кедергісі», «Машина бөлшектері» және т.б. оқулықтары еліміздің тех­никалық оқу орындары мен колледждерінде кеңінен қолданылуда.

Оқу үрдісі мен мемлекеттік бюджеттік және басқа да  ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін факультетте ғылыми-зерттеу лабораториялары, оқу кабинеттері, компьютерлік класстар, интерактивті тақтамен жабдықталған аудиториялар мен зертханалар, арнайыландырылған аудиториялар мен оқу-ғылым зертханалары бар.

Оқу процесі мен студенттердің қатысуымен жүргізілетін зертханалық және нақтылық ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бөлігі қаланың және облыстың үздік кәсіпорындары мен мекемелерінде жүргізілуде.

2018 жылы құны 35 млн. теңге тұратын «Мұнай бергіштікті арттыру» аппаратты тренажер модулі бар «Ұңғыларды күрделі жөндеу» тренажер-имитатордың оқу классы алынды. Бұл тренажер келешекте мұнай-газ өндірісінің мамандары үшін біліктілікті жоғарылату курстарын ашуға септігін тигізеді. Алдағы уақытта да зертханаларды өндіріске қызмет ұсыну бағытында қажетті жабдықтармен жабдықтау жалғасын таппақ.

Білім мен ғылым саласындағы жемісті еңбектерінің арқасында факультет ғалымдары Т.М.Жүнісбеков,  С. Мырзашев, И. Тілегенов, Р. Бакиров, А. Асқарова, А. Семернин, М. Ибылдаев, М. Бекмұра­тов, К. Шилібек, С. Орынбаев Қазақстан Республи­касы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО Үздік оқытушысы» атағын алса, ғалымдар Б.Манапбаев, М. Ибылдаев, С. Орынбаев ҚР БжҒМ ғылым мен техникаға елеулі үлес қосқан ғалымдар мен ма­мандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипен­дияның иегерлері атанды. Техника ғылымдары­ның кандидаты К. Шилібек 17 өнертабысы үшін «Шапағат – 2012» байқауында «Үздік өнертапқыш» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының алтын медалімен және арнайы дипломымен мара­патталды.

Факультет жастары «Online EXPO-2017», «Rolex», «EXPO-2017 – Қа­зақстанның болашағы», «Science Slam – Ка­захстан», «Startup Bolashak», «Молодежный конкурс инновационных проектов «Nurintech» сынды республикалық байқауларға тұрақты түрде қатысып келеді.

Соңғы үш жылда студенттер Ж. Қошқарбай ҚР Тұңғыш Президенті Қорының стипендиан­ты болса, Ә. Бекболова, И. Васин, А. Серікова, И. Дямуршаев, Н. Самойленко және Б. Туман Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры жариялаған «Болашақтың ғалымдары» байқауының жеңімпаздары. Ал С. Жалғасов, А. Сартай, А. Аманкелді, Б. Құдайқұл, С. Рамазанов – Халықаралық және республикалық ғылыми жұмыстар байқауының жеңімпаздары, ал М. Апсаматов, Г. Ақшапанова, Ж. Әбілмәжін – республикалық пәндік олимпианың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. 

Факультетте «Жас мұнайшы», «Тұлпар», «Механик», «Радиомаяк», «Компьютерлік технологиялар», «Машинажасаушы» студенттердің ғылыми үйірмелері жұмысы негізінде әртүрлі  ғылыми-техникалық өнімдер шығарылады. Оқу процесінде тәжірибелік қондырғылар мен зерттеулердің әдістемесі енгізілген.

Мерейлі МехФак-тың қысқаша тарихы, жеткен жетістіктері осы. Әрине, айтылмаған өзге де мақтан тұтарлық жетістіктер баршылық. «Елу жылда ел жаңа» дейді халқымыз. Бүгінгі факультетіміздің келбеті, тыныс-тіршілігі жаңарып, жаңғырған. Мақсатымыз – ел ертеңіне елеулі үлес қосатын білікті маман даярлау. Ендеше осы мақсатта өз үлестерін сіңіріп келе жатқан барша әріптестерімізді факультетіміздің 50 жылдығымен құттықтаймыз!

1   DSC 0140

Арман КАБДУШЕВ,PhDдокторы

Бөлім:  Жаңалықтар
Сенбі, 18 Мамыр 2019 00:00

ЖЫР ДОДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

2019 жыл «Жастар жылы»  деп жариялауына байланысты М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Көк бөрі- Ұраным, Айбыным!» атты әлеуметтік желідегі жас ақындар мүшайрасы ұйымдастырып, марапаттау салтанаты 17 мамыр күні өтті.

Мүшайраның мақсаты - халықтың салт-дәстүрлерін дәріптеп, ұлттың ерлік ісін келешек ұрпаққа насихаттауға байланысты туған жерге, елге деген жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен ұлтжандылық қасиеттерін  дәріптеу, Тәуелсіздіктің өткені мен келешегіне жыр арнау және жас ақындардың өз шығармашылығын шыңдауға, дамытуға мүмкіндік беру.

Мүшәйра үстіміздегі жылдың ақпан айында басталып, сәуір айының соңында аяқталды. Мүшәйраға еліміздің түкпір-түкпірінен бірнеше жас ақындар қатысып, өздерінің тұнық та, нәзік жырларын әлеуметтік желілерге жолдай отырып, сөз өнерінің құдіретін тағы бір көрсеткендей болды. Олардың өлеңдеріне университет қабырғасында тағайындалған сыншылардан бөлек өзге де оқырмандар өз көзқарастарын білдіріп жатты. Бір ерекшелігі, мұндай мүшәйра өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылды. Мүшайраға Қазақстанның 5 облысынан  жас ақындар қатысты.

Мүшайраның жеңімпаздарына келсек:

Бас жүлде, 1 орын  -  Сарманов Рамазан (Қостанай облысы, Арқалық қаласы)

2-орын -  Баймат Меруерт (Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавловск қаласы) және Әмәлиятұлы Арқалық  (Түркістан облысы ,Түркістан қаласы)

3-орын - Тәжібай Ұлпан (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы), Нұрдаулет Сұлтансиық (Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласы) және Тайжан Гүлнар (Тараз қаласы).

 Жеңімпаздар тек дипломмен ғана емес, қаржылай сыйлықтармен де марапатталды. Айта кетейік, мүшәйра университет ректоры М.Н.Сарыбековтың  қолдауымен өтті.

«Өлең сөздің патшасы»  дана Абайдың осы теңеуі өлең құдіретінің барлық табиғатын ашып тұрғандай. Рас, жолданған өлеңдердің барлығы үздік деп айта алмаймыз. Біз ең бастысы, еліміздің келешегі, жастардың сөз өнеріне деген құлшынысын аңғардық. Сөз өнері болғанда, сезіммен өрілген, махаббатпен тербелген, алақанмен аяланған, жүрегінен жарып шыққан, түрі мен мазмұны өз деңгейіне сай жауһар жырларды айтып отырмыз. Демек, біз мүшәйраға қатысқан барлық ақындарға басымызды иіп, үлкен ризашылғымызды білдіреміз.

Әсима НУСУПОВА, доцент 

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 17 Мамыр 2019 00:00

ПАЛУАНДАР АЙҚАСЫ

 "Төрткүл" керуен-сарайы аумағында ұлттық күрестің көне түрлерінің бірі - белдесуден "ОҚУШЫ АРЛАНЫ" атты облыстық турнир өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы білім басқармасы, республикалық қазақ күресі федерациясы, Жамбыл облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ұйымдастырды. 

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 16 Мамыр 2019 00:00

Құттықтаймыз!

11.05.2019ж. Шымкент қаласында өткен «Жұлдыз арт» Республикалық байқауында «Мәдениет және өнер» кафедрасының студенттері Әсетова Айдана - Гра-при, Боранбаев Алишер - 1 орын, Кемалов Сүйінш - 2 орындарға ие болды. Кафедра ұжымы мен студенттері конкурсанттарға шығармашылық табыстар тілейді.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 15 Мамыр 2019 00:00

ТАЛАПКЕРЛЕР ТАРМУ-МЕН ТАНЫСТЫ

 

 

15 мамыр күні М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында Тараз қаласы мектептерінің түлектеріне арналған «Ашық есік» күні өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Гидро кешенінде

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 13 Мамыр 2019 00:00

Спорттық кешен ашылды

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің "Фосфорит" спорттық кешені күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, пайдалануға берілді. Кешен барлық қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Спорттық кешеннің ашылуына байланысты "Жастар жылына" орай Талас ауданындағы техникалық және кәсіптік білім беру орындарының арасында спартакиада өтті. Жарыс спорттың 5 түрінен ұйымдастырылды: кіші футбол, волейбол, қол күресі, асық ату, үстел теннисі. Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубок, медаль және дипломдармен марапатталды. Демеушілер тарапынан үздік спортшыларға арнайы бағалы сыйлықтар тапсырылды.

1   1

1   1

1   1

1   1

1

Бөлім:  Жаңалықтар

Құрметті талапкерлер! Биыл ҰБТ форматы мен тиісті пән комбинациялары өзгеріссіз қалды. Жаңалық — 2019 жылдан бастап мамандық емес білім беру тобы таңдалатындығында. Ол жайында толығырақ әңгімелейміз. 

Алдымен барлық өзгерістер туралы айтайық. Ол бойынша сіздер қалаған оқуларыңызға оңай түсе аласыздар: 
1. ҰБТ-ны жыл бойы 4 рет ақылы түрде тапсыруға болады. 
2. ТжКО түлектері ҰБТ тапсырмай-ақ, жоғары оқу орнына ақылы түрде түсіп, оқуларын қысқарған бағдарлама арқылы жалғастыра алады. Оқуға қабылдану үшін бар болғаны ЖОО сынағынан өтуі керек. 
3. Кешенді тест ҰБТ-мен бірікті. 

Сондай-ақ «Педагогика ғылымдары» бағыты бойынша балл шегі алпысқа дейін көтерілді. 

Енді әр бөлімге толығырақ тоқтала кетсек. 

2019 жылдан бастап ҰБТ-ны төрт рет тапсыруға болады. Жоғары оқу орнына ақылы түрде түскісі келетіндер қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айында тест тапсыра алады. ҰБТ тапсырған сайын пәнді өзгертіп тұруға да болады. 

Тек 20 маусым мен 5 шілде аралығында ҰБТ тапсырып, шекті балл алған талапкерлер ғана білім беру гранттары байқауына қатыса алады. 

Бейінді пәндер комбинациясы өзгерген жоқ. 


1. Математика — Физика (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 25). 

2. Математика — География (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 9). 

3. Биология — Химия (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 16). 

4. Биология — География (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 9). 

5. Шет тілі — Дүниежүзі тарихы (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 5). 

6. География — Шет тілі (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 2). 

7. Дүниежүзі тарихы — Адам. Қоғам. Құқық (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 2). 

8. Дүниежүзі тарихы — География (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 5). 

9. Қазақ тілі/ Орыс тілі — Қазақ әдебиеті /Орыс әдебиеті (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 4). 

10. Химия — Физика (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 1). 

11. Шығармашылық емтихан — Шығармашылық емтихан (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 19). 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН БЕЙІНДІ ПӘНДІ ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК? 

Бұрын гранттар мамандық бойынша бөлінетін. Енді - білім беру баңдарламалары бойынша бөлінеді. Барлығы 97 топ бар, тізімі ҰТО сайтында берілген: 
https://www.testcenter.kz/ru/entrants/ent/index.php

Ұлттық тест орталығы видео да дайындаған (
https://vk.com/video-120804658_456239213). Онда тиісті пәндер тізімі мен оған сәйкес келетін білім беру бағдарламалары берілген. Бұл тізімді көре салып сіздер тиісті пәнді қалай таңдау керегін бірден ұғасыздар. 

Мысалы, маусым айындағы ҰБТ кезінде сынақты «Биология» + «Химия» комбинациясы бойынша тапсырасыз делік. Ендеше, білім беру бағдарламасын 16 бағдарлама ішінен іздейсіз (тізім ҰТО сайтында тұр: 
https://www.testcenter.kz/ru/entrants/ent/index.php). Бір ескерерлігі, бакалавриатқа түсетіндер төрт топтан артық таңдай алмайды. 

Осылайша, «Биология» + «Химия» таңдағанда сізде мынадай оқу бағдарламалары тізімі шығады: 
1. «Химия пәнінің мүғалімі». 
2. «Биология және аралас ғылымдар». 
3. «Ветеринария». 
4. «Жалпы медицина». 

Егер шығармашылық мамандық таңдар болсаңыз және осы бағытта грант ұтып алу ойыңызда болса тек бір ғана білім беру бағдарламасын таңдай аласыз. 

Мысалы, «Аудиовизуал құралдар және медиаөндіріс» пәнін таңдай отырып, тиісті пән бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырасыз. Бүл ретте білім беру бағдарламасы мынадай болады: 

1. «Операторлық өнер». 
2. «Баспа ісі». 
3. «Полиграфия». 

ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖОО-ға ҚАБЫЛДАУ 

ҰБТ тапсырып шекті балл алған соң білім беру грантын тағайындау байқауына қатыса аласыз. Өтінімдер 13-20 шілде аралығында қабылданады. Құжат тапсыру барысында ЖОО мен 4 білім беру тобын көрсетесіз (қалай таңдау керектігін жоғарыда түсіндірдік). 

Грант білім беру бағдарламасына бөлінеді. Ал білім беру бағдарламасының өзін сіз жоғары оқу орнына барған кезде таңдайсыз (бұрын ол — мамандық таңдау деп аталатын). 

Мысалы, «Химия пәні мұғалімдерін дайындау» білім беру бағдарламасы тобының грантын ұтып алған жағдайда — жоғары оқу орнына қабылдану барысында оқу орнының білім беру бағдарламалары тізімін қарайсыз. Жоғары оқу орнында «Химия» немесе «Химия-Биология» пәндері болса — екеуінің бірін таңдайсыз. 

Оқуға қабылдау 10-20 тамыз аралығында өтеді. Оқуға түскені жайлы бұйрық нақты білім беру бағдарламасына орай шығады. Оқу бітірген соң дипломды сол бойынша аласыз. 

Білім беру бағдарламалары топтары бойынша грант саны нақтыланған соң, тізім БжҒМ мен ҰТО сайтында жарияланады. ЖОО жүзеге асыратын білім беру бағдарламалары реестрі де сол жерде ілінеді. 

ШЕКТІ БАЛЛ 

Шекті балл деңгейі өзгеріссіз: 
- Ұлттық ЖОО — кем дегенде 65 балл; 
- Басқа жоғары оқу орындары — кем дегенде 50 балл. 

Дей тұрғанмен, «Педагогика ғылымдары», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» — кем дегенде 60 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» — кем дегенде 65 балл. 

Оның ішінде: 
- Қазақстан тарихынан, математикадан сауат, оқу сауатынан (қай тілде оқығанына байланысты) кем дегенде 5 балл; 
- Тиісті пәндердін әрқайсынан 5 баллдан кем емес (бұдан тек шығармашылық дайындықты қажет ететін білім беру бағдарламаларына түсушілер ғана босатылған). 

КЕШЕНДІ ТЕСТ 

2019 жылы ҰБТ мен кешенді тест біріктірілді. Дегенмен әр санаттағы талапкерлер әр топқа бөлінеді және сынаұқты бір күнже тапсырмайды. 

Тағы бір жаңалық: ТжКО түлектері Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай-ақ өз пәні бойынша қысқартылған бағдарламаға сәйкес ақылы бөлімге түсе алады. Ол үшін сол ЖОО сынағын ғана тапсырады. 

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ 

2017-2018 оқу жылында жоғары оқу орнына түсу сынағы мектеп бітіру емтихандарынан ажыратылды. Енді ҰБТ-ның мектеп бітіру сынағына қатысы жоқ. Тест нәтижесі мектеп рейтингіне әсер етпейді. 

ҰБТ — талапкерлердің жеке жұмысы. Мектеп бітірушілер тест тапсыру үшін онлайн немесе жазбаша тіркеліп, ЖОО-ға сынаққа барады. Мектеп ҰБТ тапсыратын күні оқушыларды оқу орнына тасымайды, мұғалімдер тест тапсыратын бала санын өткізбейді. 

Бүл материал сіздер үшін пайдалы болды деп сенеміз. Жоғары оқу орнына тапсыру, түсу жайлы көкейлеріңіздегі сауалдарға жауап ала алды деп үміттенеміз. Талапкерлерге сынақты сәтті тапсыруды тілейміз!

      5VjR3Vngc40

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 09 Мамыр 2019 00:00

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 74 ЖЫЛ

9-мамыр Ұлы Жеңіске  74 жыл толуына орай облысымызда мерекелік іс-шара өтті. Шаралар легі қаладағы ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.

Шара барысында университет ректоры Махметғали Сарыбеков және кәсіподақ төрағасы Берік Хұсайынов А.Суханбай ескеркішіне гүл шқатарын қойды.  

Сондай-ақ, гүл қою рәсімі Ы.Сүлейменов, З.Космодемьянская, Т.Тастандиев ескерткіштерінде және Әл-Фараби көшесінде орын алды. Рәсімге облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма, мекеме басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағалары, Ассамблея хатшылығы, зиялы қауым өкілдері және тағы басқа барлығы 5 мыңға жуық адам қатысты.
Бұдан кейін «Қаһарман ұлт-Бессмертный полк» шеруі өтті. Шеруге қатысқан 2 мыңнан аса адам А.Сухамбаев ескерткішінен Д.Қонаев - І.Жансүгіров көшелері арқылы Жеңіс саябағына дейін жүріп өтті

Жеңістің 74 жылдығына арналған шеруге көпшілікпен бірге облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы қатысты.
Бұдан соң өңір басшысы Асқар Исабекұлы, облыстық мәслихат хатшысы Бағлан Қарашолақов, облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері бас қолбасшысы генерал-майор Марат Құсаиновтың қатысуымен «Мәңгілік алау» және Бауыржан Момышұлы ескерткішіне салтанатты
гүл қою рәсімі өтті. Ол «Ерлік» мемориалды кешеніндегі мерекелік шарасына жалғасты. Мерекелік шара барысында қатысушылар Ұлы Отан соғысы құрбандарын, жерлес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Облыс әкімі жиналғандарды Жеңіс мерекесімен құттықтап, бейбіт күннің бағасын білуге шақырды.
Сондай-ақ, бұл күні Жеңіс саябағындағы «Данқ» залының ашылу салтанаты өтті

DSC 7997   DSC 8009   DSC 8028

DSC 8037   DSC 8073   DSC 8080

                                                                                   DSC 8135

 

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 08 Мамыр 2019 00:00

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Университетімізде Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлеріне арналып ақ дастархан жайылды.  

Ардагерлер кеңесі мен Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өтетін бұл дәстүрлі мерекелік жиынға осы жылы 15 ардагер қатысты.

Құттықтау сөзін алған университет ректоры, п.ғ.д., профессор Махметғали Сарыбеков қонақтарды Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жыл сайын қатары сиреп жатқан қазыналы қарттарға денсаулық тіледі. Сондай-ақ, бұл жолғы  кездесу қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келгенін айтып, барлық мұсылман қауымды ұлық мерекемен құттықтады.

Үлкен құрметке ие болған әрбір ардагер назардан тыс қалмады. Қаржылай сыйлық пен гүл шоқтары тарту етілді. Ал Мәдениет және өнер кафедрасының студенттері өз өнерлерін ортаға салып, әннен шашу шашты.

DSC 9040

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Бөлім:  Жаңалықтар
«В началоАртқа123АлғаВ конец»
Страница 2 из 3