М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті - Items filtered by date: Мамыр 2019

№1 студенттер жатақханасында Аналар кеңесінің төрайымы Ә.А. Халиева, технологиялық факультетінің Аналар кеңесінің төрайымы  К.Т Маханбеталиева және «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу»  орталығының аға үйлестірушісі С.Усенованың ұйымдастыруымен  «Әйелдердің қазіргі қоғамдағы орны» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шара   «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығының аға үйлестірушісі С. Усенованың «Сәлемдесу» тренингімен басталды.  Жиында  технологиялық факультетінің  аналар кеңесінің төрайымы  К.Т. Маханбеталиева  «Әйелдердің қазіргі қоғамдағы орны» тақырыбында баяндама жасады. 

 «Психология және педагогика» кафедрасының аға оқытушысы М.Ә. Мыркасымова «Қазақстандағы гендерлік саясат» тақырыбында баяндама және «Саясат және әйел» тақырыбында тренинг өткізді.  Осыдан кейін «Психология және педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Р.Ө. Райкулова «Әйел және қоғам» тақырыбында тренинг өткізді.

Әр баяндама, тренинг өткізілгеннен кейін студенттер  арасында  сұрақтарға жауап беріліп отырды.  «Қазақстандағы әйелдердің қоғамдағы орнын қалай бағалайсыз?» тақырыбында пікір-талас ұйымдастырылды.

 Іс-шара Технологиялық  және гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеттерінің  «Аналар кеңесінің» төрайымдары К.Т. Маханбеталиеваның және С. Усенованың қорытынды сөзімен аяқталды.

index 2   index 3   index 4

index 5   index 6   index 7

index 8   index 9   index 10

 

PhD доктор,

Маханбеталиева Камшат Торғайбайқызы

                                                                                Технологиялық   факультетінің

                                                                                Аналар кеңесінің төрайымы

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 06 Мамыр 2019 00:00

Құттықтаймыз!

25-26 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Заманауи білім беру; сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» атты Жаңашыл педагогтардың  II Халықаралық форумы болып өтітті. Форумға қатысқан  «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы  Молдазимова А.Е «Үздік электрондық оқулық» бойынша III дәрежелі , Ахмедшина З.Р «Үздік видеолекция»  бойынша II дәрежелі дипломмен  марапатталды.  Еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз.

«Мәдениет және өнер» кафедрасының ұжымы

Бөлім:  Жаңалықтар

Күні кеше М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында жастардың бизнес-жобаларына арналған «Menin armanym» ұлттық байқауының ашылу салтанаты өтті.
Байқау ұйымдастырушылары: ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Болашақ» Ассоциациясы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ, «SUCCESS K» стратегиялық коммуникация агенттігі.
Төртінші маусым ұйымдастырылып отырған бұл шара жастар жылымен тұспа-тұс келіп отыр. Аталмыш бизнес жобалар байқауы төрт кезеңнен тұрады. Іріктеу кезеңінде үміткерлерге тренингтер өткізіліп, олар өз жобаларын қорғайтын болады. Ал менторлар ширек финалға жолдама алатын стартапшыларды іріктейді. Ширек финалда үздік 150 жоба таңдалынып, олар да іріктеуден өтеді. Нәтижесінде 32 қатысушы телевизиялық ойынға қатысу үшін таңдалынады. Сөйтіп ең мықты 4 жоба супер финалда 1-орын үшін таласатын болады. Бұл байқауға 16-29 жас аралығындағы кез-келген бизнес идеясы бар үміткер қатыса алады.
Тараз жастарының басын қосқан кездесуде университет ректоры алғы сөзімен жиынды ашты. Өз сөзінде бұндай жобалардың жастар үшін аса маңызды екеніне тоқталды. Сондай-ақ, жуырда Алматы қаласында өткен студенттердің кәсіпкерлік, стартап және инновоциялық ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2019 байқауынан 1-орынды жеңіп алған университетіміздің жастарын жеңістерімен құттықтап, бір айлық шәкіртақымен марапаттады.
Облыс жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен сөз алып, жастар кәсіпкерлігін дамытуда жол картасы әзірленгенін, осы мақсатта жастарды қолдау үшін 303 миллион қаражат бөлінгенін хабарлады. Бұл қаражат талапты жас үшін үлкен мүмкіндік беретініне де ерекше тоқталды.
Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің жетекшісі Самат Үрпеков өз құттықтау сөзінде Мәди Мейірбекұлының сөзін жалғастыра келе, қайтарымсыз грант шағын бизнесті бастауға және дамытуға жақсы мүмкіндік сыйлайтынын айтты. Қарапайым идеялардың өзі назардан тыс қалмайтынын, бастысы кері тартпай кеңесе отырып өз ісін бастауға шақырды.
Келесі сөз тізгінін алған Оңтүстік өңірдің ұйымдастырушысы, бизнес-жоба жаттықтырушысы Жандос Оразмаханов байқаудың мән-маңызын түсіндіріп, қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берді. Тіпті жобасы жоқ, идеясы бар үміткерді де қатысуға шақырды.
Жастарға мүмкіндік сыйлайтын бұл жобаның Тараздағы іріктеу кезеңі 5-мамырға дейін жалғаспақ.

2   3   4   

5    6

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 03 Мамыр 2019 00:00

ӘСКЕРИ ЭСТАФЕТА ӨТТІ

 

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әскери кафедрасы жыл сайынғы дәстүрге сай Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысы Жеңістің 74 жылдығы мерекесі алдында жалауы желбіреген эстафета ұйымдастырды.

Бөлім:  Жаңалықтар

Сәуір айының 29-шы жұлдызында университет қабырғасында дәстүрлі "ТарМУ Көшбасшысы VI" атты интеллектуалды ойынды "Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу" кафедрасының жанынан құрылған "Фемида" ЖК ұйымдастырған болатын. Факультет аралық бұл ойын 3-кезеңнен құралған. Бірінші кезең бойынша әрбір қатысушыға жеке 5 сұрақтан қойылып, 10 баллмен бағаланды. Екінші кезеңде, сиқырлы ұяшықтарды таңдау арқылы қатысушылар өз қанжығаларына 100 ден астам ұпайларын жинаған болатын. Екі кезең бойынша жоғарғы ұпайды жинаған екі қатысушыларымыз финалға шығып (3-кезең), берілген тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді, ұсыныстарын жасады. (Тақырып: БК Қазақстандағы бір проблеманы шешу жолымен көрсетеді. (Өз мамандығына байланысты).) 

Осындай кезеңдерден жоғарғы ұпайды жинап, көптің арасынан суырылып шыққан Мұнай, газ және механика факультетінің 3 курс студенті Айтжанов Ерлан Бас жүлдені иеленіп, сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі екінші орынды Су шаруашылығы, экология және құрылыс факультетінің 1 курс студенті Сейтбек Нұрсауле иеленді.
Интеллектуалды ойынның қолдаушысы болған Заң факультетінің деканы З.Т.Абдукаримоваға алғыс білдіреміз.

WhatsApp Image 2019-05-03 at 16.19.06

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 03 Мамыр 2019 00:00

БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ және «Әулие ата» қазақ мәдени орталығы 1 мамыр – Халықаралық ынтымақ пен бірлік мерекесіне орай іс-шара өткізді.

Қаламызда «1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі атап өтілді. Бұл жолы «Жастар әлемі Қазақстан!» атты іс-шара «Жастар» аллеясында ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға облсы әкімі Асқар Мырзахметов қатысып, алаңға жиналған халықты мерекемен құттықтады.  

 Университетіміз аталмыш іс-шараға белсене атсалысты. Алғаш болып «Қазақ ауылы» көрінісімен облыс әкімі және облысымыздың құрметті азаматтарын қарсы алдық.  Мереке қонақтарын, университет ректоры Махметғали Сарыбеков күтіп алып, ұлттық «Жеті дәммен» тағамын ұсынды.  Мереке аясында университеміз дайындаған  бағдарлама бойынша келген қонақтарға сый көрсетіліп, ұлтымыздың дәстүрі бойынша «Ұйқы ашар», «Ұрын бару» салты сахнадан көрсетілді.  Сондай-ақ, гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің 1 курс студенті ЕРбол Ерхат қазақтың ұлттық домбырасымен арнау оқыды. Одан ары концерттік бағдарлама және ұлттық қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

Соныменқатар «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» «Жастар» аллеясында да мерекелік думан өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарын,  облыс әкіміі Асқар Исабекұлы құттықтап,«Құрмет грамотасымен» этномәдени бірлестіктер өкілдерін марапаттады.
Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымағы, бейбітшілігі - біздің еліміздің ең басты байлығы. Еліміз тыныш, тату-тәтті болсын!

WhatsApp Image 2019-05-03 at 16.18.28   WhatsApp Image 2019-05-03 at 16.18.29

WhatsApp Image 2019-05-03 at 16.18.31 (1)   WhatsApp Image 2019-05-03 at 16.18.31

WhatsApp Image 2019-05-03 at 16.18.32 (1)   

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Бөлім:  Жаңалықтар
«В началоАртқа123АлғаВ конец»
Страница 3 из 3