М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті - Items filtered by date: Шілде 2019

ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетов XXX Дүниежүзілік жазғы Универсиадада xалықаралық деңгейде ел намысын қорғап, көк байрағымызды көкке көтерген спортшыларға алғыс білдіру және қолдау көрсету мақсатында Универсиада ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, спортшылардың ата-аналары мен бапкерлеріне (Ғалымжан Джегельдиев, Олег Почивалов) Алғыс хаттар табыс етті. 

- Бүгін Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін көтеруге және қазақстандық спортты дамытуға жеке үлес қосқан талантты жас спортшылармен кездесіп отырмыз. Осы жыл "Жастар жылы" деп жарияланғаны белгілі. Қазақстан Республикасының көк туын жоғары көтерген қазақстандық жас спортшылардың жеңісі қазақстандық спорт пен қазақстандық жастардың дамуына жарқын серпін береді. Универсиадаға 115 жоғары оқу орындарының ішінен тек 62 университет қана қатысты. Менің ойымша, бұл өте аз. Осыған байланысты, мен ЖОО-ларды осы бағыттағы жұмысты күшейтуге және студенттерді спортпен айналысуға тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауға шақырамын. Мен біздің студенттеріміз жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жеңімпаз атанғаны үшін тағы да шын жүректен алғысымды білдіремін, - деді Министр.

Естеріңізге сала кетсек, Дүниежүзілік жазғы универсиада ойындары 3-14 шілде аралығында Италияның Неаполь қаласында өткізілген болатын. Оған әлемнің 118 елінен алты мыңға жуық студенттер қатысты. Біздің еліміздің абыройын 94 спортшы қорғап, Универсиада қорытындысы бойынша жеті жүлделі орынмен оралды. Жалпы командалық есепте Қазақстанның студенттік құрама командасы 25-ші орында, ел құрамасының қоржынында 7 медфаль: алтын - 1, күміс - 5, қола - 1. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті Ғалымжан Қырықбай XXX Дүниежүзілік жазғы Универсиадасында ел қоржынына түскен жалғыз алтын медальдің иегері болып табылады. Сонымен қатар, Ғалымжанның есімі ел тарихында дзюдо күресінен ең алғашқы Универсиада чемпионы деп сақталатын болады.

2   3

Бөлім:  Жаңалықтар

 

ТарМУ-дың белсенді жастары студенттік құрылыс жасақтарына жаз айларында уақыттарын босқа өткізбей, елді мекендерге барып, ауылды көгалдандыруға, әлеуметтік нысандар құрылыстарына атсалысуға аттанды. Жастар еңбек ету үшін шағын қалаларға, аудан оталықтарына, ауылдарға барып, сан алуан мекемелер мен мектептер, ауруханалар мен балабақшалардың және басқа да әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне атсалысып жатыр.

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 22 Шілде 2019 00:00

БҮГІНГІ СТУДЕНТ – ЕРТЕҢГІ ОФИЦЕР

 

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің өңірдегі жоғары оқу орындарынан бір ерекшелігі әрі мақтанышы әскери кафедра деуге болады. Әскери кафедра азаматтық оқу орны студенттеріне өзі таңдаған мамандықпен қатар әскери мамандық алып шығуға мұмкіндік беретін бірден бір оқу орны.

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 22 Шілде 2019 00:00

АРЫСҚА ҚОЛДАУ

 

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Маxметғали Сарыбековтың бастамасымен Арыс қаласынан 50 оқушыны лагерге жіберді. Балалар Меркі ауданында орналасқан "Жұлдыз" балаларды сауықтыру лагерінде 10 күн демалатын болады. Шараға бөлінген арнайы қаржы ТарМУ "Түлектер ассоциациясы" қорынан қарастырылып отыр. 

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 12 Шілде 2019 00:00

ОҚУ АҚЫСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өңіріміздегі ЖОО-ның 2019-2020 жылдарға арналған оқу ақысы мен білім гранттары төңірегінде баспасөз-конференциясы болып өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 10 Шілде 2019 00:00

ҒАЛЫМЖАН ЖЕҢІСІН ЕЛІНЕ АРНАДЫ

 

 

 

Универсиада Халықаралық студенттік спорт федерациясының ұйымдастыруымен екі жылда бір бір өтетін бәсі жоғары бәсеке. Аталмыш аламанға 17 мен 28 жас аралығында жастар қатыса алады. Бір жылы қысқы спорт түрлеріне өтсе, екінші жылы жазғы ойындардан ұйымдастырылды.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 10 Шілде 2019 00:00

ҮЗДІК ФИРМАЛЫҚ СТИЛЬГЕ БАЙҚАУ!

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 5 номинация бойынша үздік фирмалық стильді әзірлеуге байқау жариялайды
1 Үздік атау
2 Үздік логотип
3 Үздік гимн
4 Үздік слоган
5 Үздік талисман

Толығырақ

Бөлім:  Жаңалықтар

 

 

Университетіміздің бас ғимаратында «Әулиаата – киелі мекен ІІІ» экпедиция аясында «Хантау металургтері» қалашығындағы қазба жұмыстары басталды.

Бөлім:  Жаңалықтар