М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті - Items filtered by date: Тамыз 2019
Жексенбі, 01 Қыркүйек 2019 00:00

БІЛІМ АЛАҢЫНДАҒЫ САЛТАНАТ

 

 

Жаңа оқу жылының басталуына арналған   жиын, білімпаздар мерекесі   жыл сайын   қалыптасқан дәстүрге сай   Бас ғимаратқа өрлейтін баспалдақтар   бойында, ұлы баба - М.Х.Дулати ескерткіші орналасқан     көркем безендірілген алаңда өтеді. Биыл да солай болды. Алайда биыл бұл алаң жаңартылып, жаңғыртылып Білім алаңы деген ғажап атқа ие болды. Сөйтіп Жастар Жылына орай құрылған Жастар Аллеясының ең бір көрікті, мазмұнды бөлігіне айналған еді.   Осы жерге жазғы демалыстан оралған студенттер, бірінші курсқа қабылданған   өрімдей жастар,   сол жастарға   мейірлене қараған ұстаздар қауымы,   білім саласының қуанышын бөлісуге келген Тараз тұрғындары,   құрметті қонақтар жиналды.   Олардың   жүзінен тебіреніс пен     толқуды , қуаныш пен үмітті, мейірім- шапағатты   сезуге болар еді.   Жастардың білім дариясына ерекше құлшыныспен құлаш ұрарына көңіл сеніп тұр.

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 29 Тамыз 2019 00:00

АТА ЗАҢҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН

30-тамыз – Конституция күні қарсаңында бас ғимараттың Тұңғыш Президент атындағы мәжіліс залында «Қонституция – Қазақстан Республикасының дамуының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ата заңға арналған жиынды университет ректоры М.Н. Сарыбеков өз алғысөзімен бастады. Басты заң – Конституцияның қабылданғанына биыл 24 жыл толғанын, бұл күн еліміздің барша азаматы үшін атаулы күн екенін баса айтты. Басты құжаттың осы уақытқа дейін бірнеше рет өзгеріп, толықтырулар енгізілгеніне тоқтала келе, әр азаматтың өз құқықтары мен міндеттерін білуінің маңыздылығын айтты.

Келесі кезекте «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Рахат Тобажанұлы «ҚР-ның Конституциясының даму кезеңдері» тақырыбында баяндама жасап, Ата заңның барлық кезеңдеріне тоқталып өтті.  «1995 жылғы Конституция және оның Қазақстанның саяси-құқықтық дамуындағы тарихи маңызы» тақырыбында «Философия және

DSC 0420

 саясаттану» кафедрасының аға оқытушысыРежеп Баярисов, «Қазақстан Республикасының заңнамасында Конституция ережелерін іске асыру мәселелері» тақырыбында «Заң» факультетінің деканы, з.ғ.к., доцент Зәуре Тұрғанбайқызы, «Конституция – тұрақтылық кепілі»тақырыбында «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі Ерлан Асқарұлы, «ҚР Конституциясы – тәуелсіздігіміздің тұғыры, тұрақтылығымыздың тірегі» тақырыбында «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі Серік Балтабайұлы және  «Қазақстан Республикасының Конституциясында халықаралық құқық нормаларының жүзеге асырылуы» тақырыбында «Халықаралық құқық» және «Конституциялық құқық» кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі Мадина Нұртай баяндама жасады.

Жиын соңында университет басшысы оқу ордасына еңбек сіңірген тоғыз ардагерді мереке қарсаңында Құрмет грамотасы мен бір айлық есептік көрсеткіште қаржылай сыйлықпен марапаттады.

Медиа-қызмет

Бөлім:  Жаңалықтар
Сейсенбі, 20 Тамыз 2019 00:00

ТІРШІЛІК КӨЗІ – СУ ЖАЙЫ СӨЗ БОЛДЫ

 

 

Апта басында оқу ордамыздың бас ғимаратында АҚШ-тың Небраск-Линкольн университетінің ғалымдарымен кездесу өтті. Басқосуда ғалымдар «Қазақстанда жер үсті және жер асты суларын жерді суландыру үшін пайдалану, саны мен сапасы» тақырыбы аясында сөз қозғады. Шетелдік ғалымдардың кездесудегі негізгі мақсаты халықаралық байланысты нығайту екендігін жеткізді.

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 19 Тамыз 2019 00:00

Бейнебақылау

ссылка на просмотр

Для Windows 

            Шаг №1 Запускаем IntenetExplorerпрописываем в браузере http://89.218.231.6:8080/ нажимаем Enter

11111

            Шаг №2 Нажать для скачивания WebPlugins (вэб-плагина). Скачиваем и устанавливаем его. Он необходим для просмотра изображений с камер видеонаблюдения.

            Шаг №3 Обновляем страницу в IntenetExplorer или проделываем Шаг №1 в открывшемся в поле

имя пользователя ent2019                    

пароля нету (без пароля)

            Шаг №4 в левой стороне выбираем камеры и находим нужную аудиторию

 

 

Скачать подробную инструкцию

 

ссылка на просмотр

Бөлім:  Жаңалықтар