М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті - Items filtered by date: Қыркүйек 2019

 

Оқу ордасында  жастар зерттеу  мен Жамбыл облысы әкімдігі «Діни мәселелерді зерттеу орталығы» комитетінің  тапсырысы және қолдауы бойынша брифинг өтті. Брифингке бұқаралық ақпарат құрал өкілдері қатысты.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сейсенбі, 01 Қазан 2019 00:00

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, «Мұнай, газ және механика» факультетінің, «Мұнай-газ ісі» кафедрасының келесі студенттерін, «KAZENERGY» қауымдастығының гранттарының жеңімпазы атануымен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2019 00:00

Болашаққа жол өзіңнен басталады

2019 жылдың қыркүйек айының 25-і мен 26-сы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесіне 2-ші және 4-ші курс студенттері "Болашаққа жол өзіңнен басталады" семинар-тренингіне қатысты. Игі дәстүрге айналған Елбасы кітапханасының іс-шарасына жастар риза.

Бөлім:  Жаңалықтар

М.Ф.Үркімбаев атындағы Жастар Сарайында Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы мен М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Еңбек күніне орай «Еңбекке жастан – өнерге бастан!» атты конференция өткізді.

Бөлім:  Жаңалықтар

  Кеше «Экономика және бизнес» факультетінде студенттерге арналған салтанатты рәсім өтті. Факультет әкімшілігі мен студенттері концерттік бағдарлама дайындап, «Баян сұлу» би ансамблі мен студент қатарындағы әншілер өз өнерін көрсетіп, факультет белсенділері флэш моб биледі. Сауық кеші залында жиналған студенттер салтанатты түрде ант еткен соң, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Марина Кенжебаева және «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты Жаңагүл Назикова құттықтау сөзін айтты.

  Деканның тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Теңізбаева Жазира университет табалдырығын жаңадан аттаған студенттер арасында викторина өткізіп, дұрыс жауап бергендерге университет буфетінде тегін тамақтану купонын табыс етті. Іс-шара соңында факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сабыржан Қадырбай сынақ кітапшалары мен студент билеттерін топ старосталарына салтанатты түрде ұсынды. Кештің ең қызық сәтінде бірінші курс студенттеріне бір-бір балмұздақтан таратылды.

Медиа-қызмет

Бөлім:  Жаңалықтар

18 қыркүйек күні Алматы қаласында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ университеті мен Малайзиялық PETRONAS Технологиялық университеті арасында меморандумға қол қойылды.

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019 00:00

РЕКТОР ФАКУЛЬТЕТ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Күні кеше университет ректоры М.Н.Сарыбеков гидро кешенде Су шаруашылығы, экология және құрылыс факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен, магистранттар және студенттермен кездесті.

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019 00:00

ТАРМУ ҚҰРАМАСЫ БІРІНШІ ОРЫНДА

   Технологиялық кешенде Денсаулық күніне орай облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Зор қымыз» ЖШС-нің ұйымдастыруымен Денсаулық фестивалі өтті.

  Іс-шараның ашылу салтанатында университет ректоры п.ғ.д., профессор М.Н. Сарыбеков сөз алды. Адам өмірінде спорттың алар орны ерекше екенін, ТарМУ қабырғасында биік белестерді бағындырған саңлақтар түлеп ұшқанын тілге тиек етті. Чемпиондардың жеңістерін мақтанышпен жас жеткіншектерге үлгі етіп айтты.

  Сайыс түрінде өткен фестивальға ТарМУ, ТарГПУ және ТИГИ студенттерінің құрама қомандалары қатысты. Олар кіші футбол, асық ату, ләңгі тебу, қол күресі, арқан тарту және кір тасын көтеруден бақтарын сынады.

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019 00:00

ЕҢБЕК МАУСЫМЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ

Студент жастарды жұмысқа орналасу және адал  еңбегімен қаражат табу негізінде ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап университет тарапынан студенттер арасында жүргізілген түсіндіру жұмысының нәтижесінде, 2019 жылы жазғы еңбек маусымында Студенттік құрылыс жасақтарында жұмыс істеуге өз еркілерімен 335 студент ниет білдіріп, медициналық тексерудің қорытындысы бойынша 289 студент жұмысқа жарамды деп танылды. Жамбыл облысы бойынша Студенттік құрылыс жасақтарында жұмыс істеуге  М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің студенттерімен 100% қамтамасыз етілді.

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019 00:00

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Байзақ ауданы Дихан тірек мектебіне MEGABOOK виртуалды оқу залын, яғни, классикалық, көркем әдебиет және мультимедиялық, тақырыптық топтамалар жиынтығын  қамтитын ресурсқа қолжетімділік мүмкіндігін орнатты. Осы виртуалды оқу залы арқылы Дихан тірек мектебінің мұғалімдері мен білім алушылары универсиеттің кітапхана қорын пайдалану құқына ие болды.

Бөлім:  Жаңалықтар
«В началоАртқа12АлғаВ конец»
Страница 1 из 2