РЕКТОРДЫҢ ҮНДЕУІ

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті – жарты ғасырлық шежірелі бай тарихымен, көпжылдық білім және ғылым саласындағы тәжірибесімен ерекшеленген Қазақстан Республикасының Оңтүстік аймақтағы ең ірі білім және ғылым орталығы. Бүгінде университетте 10000-нан аса студенттер білім алуда. Бірақ, басты көрсеткішіміз студенттердің санында емес ТарМУ-дың оларға білім беру қызметін әлемдік деңгейде көрсетіліп жатқандығында. Қазіргі таңда ТарМУ-дың білім беру сапасы білім кеңістігіндегі әлемнің ең үздік тәжірибелеріне толық сәйкес келеді.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 2004 жылы кредиттік оқыту технологиясын енгізіп, бүгінде осы технология бойынша көшбасшы болып отыр. Университет базасында оқытудың кредиттік жүйесін енгізу бойынша Республикалық консалтингтік орталық жұмыс істейді. 2005 ж. университет аудиттен өтіп, «Русский регистр» СА сертификатын және IQNet ұйымының халықаралық үлгідегі сертификатын алды. Университеттегі СМЖ екі рет СМЖ нәтижелі жұмыс істеуіне сәйкестігі туралы «Русский регистр» СА инспекциялық аудитінен нәтижелі өтті. 2005 жылдан бері университет 3 ресертификаттық аудиттен өтіп, ЖОО басқару жүйесінің сәйкестігін бернеше рет сәйкестік сертификаттармен дәлелдеді.

Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан ЖОО арасында тұңғыш жоғары оқу орындарының бірі болып Болон қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. 2006 жылдан ТарМУ Хартия Коллегиясының толық мүшесі саналады.

Болон үдерісінің өлшемдерін жүзеге асыру үшін университет білім беруді интернационалдандырудың 2020 жылға дейінгі Стратегиясын жасады. Университет шетелдік ЖОО-мен өзара түсіністік туралы Меморандум жасаған, ол өз кезегінде, соңғы екі жылда бакалавриаттың 21 студентін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға және өндірістік іс-тәжірибеден өтіп келуге мүмкіндік берді. «Үйдегі интернационалдандыру» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, университет Европаның ең үздік 500 университетінің қатарына кіретін Корольдік технологиялық университеті, Лорейн университетінің, Франция, Швеция, Англия, Германия, Беларусь, Ресей Польшаның алдыңғы қатарлы университеттерінен 16 профессорды дәріс оқуға және бірлескен ғылыми жобалар жүргізуге шақырды.

Соңғы 5 жылда Тараз мемлекеттік университеті аймақ пен республикаға қажетті 13000-нан астам маман дайындады. Бітірушілердің сапасы мен қажеттілігі олардың барлығының жұмыспен толық қамтылуынан көрінеді. 2014 жылы 1219 бітірушілердің 1074-і жұмысқа орналасқан, яғни жұмысқа орналасу көрсеткіші 88,16% құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,16% жоғары болды.

Университеттегі мамандар дайындау сапасы халықаралық дәрежеде де дәлелденген. 2013 ж. «Webometrics Ranking of World Universities» зерттеу тобының халықаралық рейтингісіне сәйкес  (www.webometrics.com), М.Х. Дулати атындағы ТарМУ отандық 112 ЖОО-ның арасында 35-орында, ал аймақтық ЖОО-ның ішінде 8-орында тұр.

Бүгінгі таңда М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Сіздерге алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын білім және ғылым ордасы. Университет құрамында 10 факультет, 45 кафедра, сонымен қатар әскери кафедра қызмет атқарады. Университете жалпы көлемі 73924,4 шаршы м. құрайтын 14 оқу-лабораториялық ғимарат және жаңа өлшеу құралдарымен жабдықталған 155 лаборатория бар. Студенттер 1 ҚР ҰҒА академигінен, 42 ғылым докторлары мен профессорлардан, 257 ғылым кандидаттарынан, 296 магистрлерден, 21 PhD докторларынан тәлім-тәрбие алады.

Біз, тәжірибе жүргізу мен студенттер алмасуда және заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыруда әлемнің ең ірі 49 халықаралық жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастық орнаттық.

Біз, отандық және халықаралық өлшемдерге сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті, заман талабына сай жаңаша ойлайтын және отансүйгіштік бағытта тәрбиеленген мамандарды дайындап жатқандығымызды нық сеніммен айта аламыз.

Бүгінде ТарМУ-дың түлектері Қазақстан қоғамының элитасын құрастырады және Егеменді Қазақстанның Даму Стратегиясының қалыптасуына ықпал етеді. Бұл ТарМУ-дың нәтижесі, мақтанышы!

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне қош келдіңіздер!

 

Құрметпен М.Х. Дулати атындағы ТарМУ ректоры М.САРЫБЕКОВ