М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті - Items filtered by date: Сәрсенбі, 09 Қаңтар 2019
Бейсенбі, 10 Қаңтар 2019 00:00

ДНЕВНИК СПАРТАКИАДЫ: АСЫК АТУ

 

 

Асық ату - это увлекательная национальная игра казахов. Основной нужный предмет в игре - асыки – кости. Асык ату развивает в игроках такие качества как зоркость, ловкость, меткость, точность, координацию движений. Завершились соревнования по асык ату. Наилучшим образом, в этой увлекательной игре показала себя команда «Служба безопасности», набрав наибольшее количество костей -18, тем самым заняв первое место. 14 асыков собрала команда ФЭБ, завоевав второе место. Третью позицию заняла команда ФНГиМ, в их активе 12 костей. Несмотря, на достойный возраст, отличную игру показал игрок Аширбек Жакаш из команды ФИТАТ. Состязания проходили интересно и азартно.

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 10 Қаңтар 2019 00:00

ДНЕВНИК СПАРТАКИАДЫ: ШЕКЕМТАС

 

 

Завершились соревнования по шекемтас.

Бөлім:  Жаңалықтар

 

kazak jane oristili metod1

 

Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы былтырғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспеттес. "Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу жəне болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы" -деп аяқтаған Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жастар арасында үлкен серпіліс туындатқаны рас. Тарихты, технологияны жетік білетін білім алушылар алдында ілгері білігімізбен, толыққанды ақпаратпен, сапалы біліммен, заманауи әдіс-тәсілдерімізбен ғана өз мақсатымызға жететінімізді ескеруіміз қажет. Жыл санап болашақ ұрпақтың ойлау қабілетінің ұлғайып жатқаны байқалады. Осыған сәйкес білім беру үрдісі мен білім саласындағы мамандардың білім сапасы жоғары болуы тиіс. Сонымен қатар 2019 жылды президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың "Жастар жылы" деп қоюында да үлкен мән бар.
Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінде 04.01.19 мерзімінде жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен ұстаздарына арналған "Ұлы дала жастарына кәсіби білім берудің әдістемелік қырлары" аймақтық оқу-әдістемелік семинары өткізілді. Кіріспе сөзді "Қазақ және орыс тілдері" кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Г.А.Алтаева ашып берді. "Филология және журналистика" кафедрасының доценті, ф.ғ.к. З.А.Құламанова "Жаңа оқыту бағдарламасының әдістемесі" тақырыбында өз тәжірибесімен бөліссе, Сарыкемер мектеп-гимназиясының жоғары санатты мұғалімі Садуова Зауре Сапарбековна "Внедрение элементов технологии развития критического мышления на уроках русского языка" тақырыбында баяндама оқып, өзінің оқу процесінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, ашық сабақ үлгілерін көрсетті. Сонымен қатар "Шет тілдері" кафедрасының аға оқытушылары К.Испанкулова мен М.Садуақасова, "Шетел филологиясы және аударма ісі" кафедрасының аға оқытушысы Т.Шим, "Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар" факультетінің инновациялық жұмыстар бойынша менеджері Л.К.Омарқұлова өз электронды жұмыстарымен таныстырып, қатысушыларға көптеген жаңа бағдарламаларда жұмыс жасау жолын көрсетті. Семинарға Сарыкемер мектеп-гимназиясы, Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің ұстаздары мен университетіміздің оқытушылары қатысып, сертификаттар берілді.


«Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушысы
Л.К.Омарқұлова

 

 

 

kazak jane oristili metod1

 

 

 

Статья Главы государства «Семь граней Великой степи» является логическим продолжением программы «Рухани жаңғыру». Статья Президента РК Н.Назарбаева «Семь граней Великой степи», которая заканчивается словами: «Убежден, у народа, который помнит, ценит, гордится своей историей, великое будущее. Гордость за прошлое, прагматичная оценка настоящего и позитивный взгляд в будущее – вот залог успеха нашей страны» создала мощный импульс среди молодого поколения. Следует помнить о том, что в процессе работы с обучающимися, знающими историю, владеющими различными технологиями, мы можем достичь целей только передовыми качественными знаниями, владением полноценной информацией, современными методами и приемами. С каждым годом мыслительные способности подрастающего поколения улучшаются. В соответствии с этим образовательный процесс и качество знаний специалистов в сфере образования должны быть на высоком уровне. К тому же нужно учитывать и тот фактор, что 2019 год объявлен президентом Н.А.Назарбаевым годом Молодежи.
04.01.2019 году на факультете гуманитарно-социальных наук был проведен региональный учебно-методический семинар для преподавателей и учителей высших и средних специальных учебных заведений на тему «Методические грани профессионального образования молодежи Великой степи». Работу семинара вступительным словом открыла заведующая кафедры «Казахского и русского языков», к.ф.н. Г.А.Алтаева, к.ф.н., доцент кафедры «Филология и журналистика» З.А.Куламанова выступила с докладом «Методика обновленной образовательной программы». Учитель высшей категории школы-гимназии Сарыкемер Садуова Зауре Сапарбековна прочитала доклад на тему "Внедрение элементов технологии развития критического мышления на уроках русского языка", показала различные методические приемы и средства, которые она применяет в учебном процессе, продемонстрировала фрагменты своих открытых занятий. Старшие преподаватели кафедры «Иностранные языки» К.Испанкулова и С.Садуакасова, старший преподаватель кафедры «Иностранная филология и переводческое дело» Шим Т.В., менеджер факультета гуманитарно-социальных наук по инновационным технологиям старший преподаватель Л.К.Омаркулова показали присутствующим свои электронные работы, продемонстрировали возможности работы с различными новыми программами. В работе семинара приняли участие учителя школы-гимназии Сарыкемер, средней школы имени 40-летия Казахстана, преподаватели факультета гуманитарно-социальных наук. По окончании семинара участникам были вручены сертификаты.


Старший преподаватель кафедры «Казахский и русский языки»

Л.К.Омаркулова

 

 

 

 

Елбасымыздың 2018 жылдың 21 қарашасында жарияланған «Ұлы даланың Жеті қыры» атты мақаласын іске асыру және жастар арасында насихаттау мақсатында 2018 жылдың 14 желтоқсанында М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде Технологиялық факультеттің «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасының ұйымдастыруымен «ЗАМАНАУИ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР» сән көрсетілімі өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – «Ұлы даланың Жеті қыры» атты мақаласын жастар арасында насихаттау, жастарды азаматтық борышқа тәрбиелеу, Қазақстандық патриотизм сезімін нығайту және Қазақстан халқының тарихи мұрасы мен мәдени құндылықтарын құрметтеу, ұлттық мәдениетті сақтау және дәріптеу, талантты жастардың шығармашылық жетістіктерін сән көрсетілімінде көрсету.

 

san korsetilimi dizain 1

 

Сән көрсетілімі келген қонақтарды «16 желтоқсак – Тәуелсіздік күнімен» құттықтап, 4 курс студенті Сейтжан Әсельдің орындауында «Халқым-ай» әнімен басталды.
Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз, тарихымыз. Осы орайда, Елбасымыз өз мақаласында атап өткен, бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері – «Алтын адамды» және ежелгі сақтардың киімдерін аталып өтілді және «ЗАМАНАУИ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР» сән көрсетілімін тарихымыздан сыр шертетін «Томирис» коллекциясы ашты.
Ұлы Даламыздың Жеті қырының бірі, әлемдік экономиканың өркенденуіне септігін тигізген – Ұлы Жібек жолы жүйесі еліміздің аумағында орын алған тарихи жәйт қана емес, сонымен қатар әрбір Қазақ үшін де аса қымбат құндылық болып табылады. Қазақ даласына сонау, Ұлы Жібек жолы арқылы әкелінген барқыт, дүрия, маржан, жібек, атылас, парша сияқты маталардан тігілген сәнді киімдер - қазақ қыз-келіншектерінің сәніне-сән, көркіне көрік қосқан. Ұлттық киімдеріміз халықтың салт-дәстүрін сақтап, өзінің әсемдігімен көз тартып, тәлім-тәрбиелік қасиеттің тамаша үлгісін көрсетеді. Қазіргі заман ағымына түсіп, кімге және қай ұлтқа еліктерін білмей жүрген жастарымыз осы бір асыл қазыналарымызға көңіл қойып, зер салып, жақсы жақтарынан үлгі алса деген мақсатпен, кеш қонақтарының назарына қазақы ою-өрнектермен әшекейленген «Заманауи ким үлгілері» көрсетілді.
Гүл өссе – жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі», - дегендей табиғаттың ажары жер бетіндегі құлпырып өскен гүлмен кірсе, ел сәні, елдің көркі қырмызы қыздармен шырайланатыны шындық. Арудың ажары мен ақылын, әдебі мен инабатын арқау еткен дүниелер «Шығыс ханшайымы» коллекциясында көрініс тапты.
Кеш барысында жан тебірентер әндерімен 1 курс студенті Қайсарбек Мұхтар өз өнерін көрсетсе, «Қимыл шіркін келіссе, барлық қимыл би болар» - демекші, «Жас талант 2018» байқауының «Мың бұралған биші» номинациясының иегері Таласбаева Ақерке және Технологиялық факультетінің белсенді студенті Баратова Арайлым керемет қазақтың ұлттың биін мың бұрала билеп берді.

Сонымен қатар, Қазақ халқының өнерін бағалай білуге, әсемдікке, ұқыптылық, шеберлікке, баулу және эстетикалық талғамын дамыту мақсатында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Сарсенбек Жанар, «Жас талант 2018» байқауының «Қылқалам шебері» номинациясының иегері Арсенова Ажар және басқа да өнерлі жастарымыздың көркем туындылары қойылды.
Іс-шараның маңыздылығын ұғынған өнерлі жастардың орындауындағы әсем ән-жырлар, кештің көркін келтіріп, жиналған қауымға көтерінкі көңіл күй сыйлады. Мазмұнды әрі танымды кеш болды.

 

 

Ұлттық киімдерді сәндену салтына айтар сын да, мін де жоқ. «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі» - деген ұлы адамдар. Ұлттық киім, ол – ұлтымыздың болмысы! «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болатын Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған ұсыныстары мемлекетіміздің нығаюына септігін тигізетініне толық сенімдіміз. Өйткені, тарихын білген ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып жетістіктерге жетеді.


«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн»

кафедрасының аға оқытушысы Пернебаева Роза,
оқытушы Астанова Балжан

Бейсенбі, 10 Қаңтар 2019 00:00

«ДІН ЖӘНЕ ҚОҒАМ»

 

 

«ЖӨБТК және дизайн» кафедрасының оқытушылары, Раева Б.Ө. және Астанова Б.Д. 12.12. 2018 күні сағат 13.00 «Дін және қоғам» тақырыбында кураторлық сағаты бірлесе отырып жүргізілді. Жоспарды түрде «Философия және саясаттану» кафедрасынан ф.ғ.к. доцент Спанов Мейрхан Жантайұлы 1,2 курс студенттеріне дәріс оқуға шақырылды.

 

din jane kogam teh dizain1

 

Дәрісті түсіндіре кетсек, «Бір жылдығын ойлаған ел бидай егеді, он жылдығын ойлаған ел ағаш егеді, мәңгілігін ойлаған ел ұрпағының жүрегіне ізгіліктің дәнін егеді» демекші кез-келген елдің ел болып қалыптасуы өзінің негізі болады ол негіз жері, діні, тіл, мәдениеті, салт-дәстүрі екені түсіндіре кетті. Қазіргі таңда ең өзектісі дін екені баршаға аян. Дін бұл руханият, адамгершілік, морал, этика. Дінсіз адам болсада, дінсіз қоғам болған емес. Сол секілді қазақтың ақын, жазушысы М.Мақатаев
Дін – ғылымның анасы,
Дін – ғылымның әкесі.
Ғылым – діннің баласы,
Дін – ғылымның көкесі
деп діннің адам, қоғам үшін маңыздылығын бір өлен шұмағымен айтты.

Дәрістің соңында кафедра ұжымы мен студенттер қауымы ф.ғ.к. доцент Спанов Мейрхан Жантайұлына алғыстарын айтып, бүгінгі қоғам жастарына тәрбиелік мәні бар дәрістердің көптеп оқылса деген жылы лебіздерін білдірді.
Ф.ғ.к. доцент Спананов Мейрхан Жантайұлымен студенттер арасында тақырыпқа сай пікір талас өтіп, жақсы қарым-қатынас орнады.

 

оқытушы, магистр Раева Б.Ө.
оқытушы, магистр Астанова Б.Д.

 

 

Бейсенбі, 10 Қаңтар 2019 00:00

БІЗ ҰЛЫ ДАЛА МҰРАГЕРІМІЗ

 

 

“Жеті атасын білмеген жетесіз ”- деген сөз бар қазақта. Жеті қазына , жеті ата , жеті жарғы тағысын тағы. Қазақта жеті- киелі сан ретінде саналады. Елбасымыздың мақаласын оқып отырсақ, қазақилықтың иісі аңқып тұр. Аталмыш мақаланың тақырыбына көңіл аударсақ, қазаққа тән дәстүр мен түр сақталғаны байқалады. Әр заманның өз нар тұлғасы бар . Сонау 17 - ғасырда билік еткен Тәуке ханның “ Жеті жарғысы” , міне бүгін елбасымыздың “ Ұлы даланың жеті қыры” атты халқына арнаған үндеуі іспеттес.
“Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес.” –деп Елбасымыз айтпақшы тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және сол өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады. Ел бостандығы, ұлт тәуелсіздігі біздің халық үшін еш уақытта да ұмытылтаған, ұмытылмайды да. Елбасымыздың мақаласын оқып отырсақ, жалпы екі үлкен тарауға бөліп қарастырған.
1 . ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ
2 ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ
1-ші бөлімде :
1. АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ
2. ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯ
3. Аң стилі
4. Алтын адам
5. ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕСІГІ
6. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ
7. ҚАЗАҚСТАН – АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ
2-ші бөлімінде бір қатар алға қойылған жоспарлар мен тапсырмалар негізге алынған.
1. АРХИВ – 2025
2. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ
3. ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ГЕНЕЗИСІ
4. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЕЖЕЛГІ ӨНЕР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МУЗЕЙІ
5. ДАЛА ФОЛЬКЛОРЫ МЕН МУЗЫКАСЫНЫҢ МЫҢ ЖЫЛЫ 6. ТАРИХТЫҢ КИНО ӨНЕРІ МЕН ТЕЛЕВИЗИЯДАҒЫ КӨРІНІСІ «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы баспасөзде жарияланғаннан кейін , қазақстандық қоғамда үлкен жаңалық болғаны мәлім. Соңғы 20 жылдан астам уақытта біз қоғам өмірінде барлық оқиғаларында өте жоғары қарқынмен дамып келеміз.Рухани сипаттағы осы құнды дүниемен танысуға түркі әлемі, қызығушылық пен ынта-ықылас танытары сөзсіз. Тарихшы-ғалымдар мен саясаттанушылар, бірқатар республикалар, этнографтар мен археологтар, зиялы қауым өкілдері өз ойларын ортаға салуда.Мақаланың алғашқы жеті тарауында
бабаларымыздың өз заманында жеткен жетістіктері мен технологиялық жаңалықтарын, Еуразияның Ұлы даламыз – Шығыс пен Батыстың арасындағы өркениеттер жайлы айтылған. Әлемдік сауда жүйесінің дамуына тікелей ықпал еткен Ұлы Жібек жолының біздің жерімізден өтуі тегіннен тегін емес. Ежелгі металлургия, атқа міну мәдениеті, Ұлы Жібек жолына баса назар аударылады. Сондай-ақ, «Архив-2025», «Ұлы дала есімдері» және «Дала фольклорының антологиясы» сияқты ірі жобалар бойынша жұмысқа кірісуді ұсынады. Сондықтан да біз қазақ халқының мәдениеті мен өркениетіне үндеу, халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы мен құндылықтарын насихаттау арқылы қоғам құруға барынша ұмтылуымыз қажет. Ал, мақаланың екінші бөлімі алдағы уақыттың еншісіне қалдырған. Елбасы төл тарихымызды бағалап, оны ары қарай дәріптеу үшін 6 тапсырма көзделіп, келешекте соған мейлінше көңіл бөлуді тапсырған. Оның ішінде «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау, Түркологтардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу міндеттер бар. Мемлекет басшысы айтқандай: «тарихи сананы жаңғыртып, көтерілген мәселелерді ой елегінен өткізіп, терең зерделеу қажет». Әлемнің бүкіл архивтеріндегі өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатқан шындықтарға із салу керек...
Ұлы даланың жеті қырының кез келгені – Қазақ елінің тарих парақтарындағы жаңа қыры. Елбасы анықтап берген сол басымдықтарды іске асыруға қоғам болып жұмылу. Ел дамуы мен тарихымызды танудың жаңа кезеңін бастан кешірудеміз. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына
қосуға барлық жағдайды жасап жатыр. «Ұлы даланың жеті қыры» – ұрпақтар мақтанатын төлқұжат. Енді осы мақаланы толықтай зерделеп, Қазақстан тарихын танытып қайта жазуға болады.
Өскелең ұрпақты тәрбеиелеуде ұлы даланың ұлы тұлағалары өте маңызды. Сол ұлы тұлғаларымыздан үлгі-өнеге алу арқылы мемлекетіміздің көркеюіне өз үлесімізді қосу отан алдындағы борышымыз.Қазақ елі- түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады. Әрбір қазақ азаматының елінің сан ғасырлар бойында жиналған тарихын зерделей отырып, көкірегінде еліне деген мақтаныш сезімі оянары хақ деп білем

 

«Тамақ өнімдері мен қайта өңдеу өндірістері
технологиясы және биотехнология»
кафедрасының оқытушысы, магистр А.Б Саршаева.

 

Бейсенбі, 10 Қаңтар 2019 00:00

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ - ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

 


Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртып, олардың тарихи танымдық мәні мен мазмұнын даралап көрсету мақсатында «Тамақ өнімдері мен қайта өңдеу өндірістері технологиясы және биотехнология» және «Тоқыма өнеркәсібінің технологиясы және материалтану» кафедраларының ұйымдастырумен технологиялық кешенінің фойесінде көрме өткізілді. Көрмеде «Ұлттық тағам - ұлт мақтанышы» демекші студенттердің және магистранттардың ғылыми жұмыстарына арқау болып жүрген, заманауи ассортиментте дайындалған халқымыздың ұлттық тағамдары: бауырсақ, жент, құрт, ірімшік, қымыз, сүт қышқылды сусындары қойылды.
Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәріненде жоғары қойған. Қазіргі таңда тамақ рационының теңгерімсіздігіне байланысты маңызды міндеттердің бірі – табиғи өсімдіктектес шикізаттарды қолданып, жоғары құндылыққа ие ұлттық тамақ өнімдерін жасау болып отыр. Ұлттымыздың қай тағам түрін алсақта - өте дәмді, дәрумендер мен ақуыздарға бай, тағамдық құндылығы жоғары, құнарлы болып келеді. Соның ішінде сүт қышқылды сусындарымыз: қымыз, дәнді дақылдар негізінде дайындалған «Шалап» сусыны, Ешкі сүтіне мейіз қосылып дайындалған сусындарын атап айта кету керек. Бұл сусындар өте шипалы жаздың күндері шөлді басатын, адам ағзасында зат алмасуды қалпына келтіріп және имунитетті көтереді және де ешқандай консерванттар қосылмай табиғаи таза өнімдерден дайындалған.


«Тамақ өнімдері мен қайта өңдеу өндірістері технологиясы және биотехнология»

кафедрасының аға оқытушысы

Умирбекова А.С.

 


М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың профессорлар, оқытушылар мен қызметкерлерінің арасындағы дәстүрлі «Денсаулық» атты спартакиадасында ұлттық ойынымыз шекемтастан жарыс өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 10 Қаңтар 2019 00:00

«ДЕНСАУЛЫҚ» СПАРТАКИАДАСЫ:АСЫҚ АТУ

 


М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың профессорлар, оқытушылар мен қызметкерлерінің арасындағы дәстүрлі «Денсаулық» атты спартакиадасында ұлттық ойынымыз асық атудан жарыс өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар
Страница 1 из 2