М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті - Материалы отфильтрованы по дате: Воскресенье, 14 Январь 2018
Понедельник, 15 Январь 2018 00:00

КОМАНДА ФНГиМ СНОВА ПЕРВАЯ

 

 

В ТарГУ им.М.Х.Дулати завершилась традиционная спартакиада «Здоровье», среди ППС и сотрудников университета. В течение недели шла острая борьба за первенство. Участникам предстояло состязаться в 20 видах спортивной программы.

Опубликовано в Новости

 

 

Закончилась спартакиада "Денсаулык",  которая проходила с 4 по 15 января 2018 года. Перетягивание каната был последним видом соревнований в программе спартакиады, где участники смогли продемонстрировать свою силу и удаль.

Опубликовано в Новости

 

 

 

wet tilderi kafedrasy 1

 

 

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Шет тілдері» кафедрасының оқытушылары мен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті маманымен бірлесе отырып Жамбыл ауданы В.Чкалов атындағы орта мектеп базасында «Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін инновациялық технологиялар арқылы жетілдіру, әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Семинар-практикум барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Шет тілдері» кафедрасының оқытушылары тарапынан бірнеше тағлымы мол тәжірибелер көрсетілді.
Кафедраның аға оқытушысы Берденова С.Л. оқытудың халықаралық бағдарламасы «Академиялық ұтқырлық» жайында баяндама жасаса, Алтынбекова Д.А. кәсіби бағыттау жұмыстарына байланысты факультет мамандықтары бойынша бейне-үзінді келтірді.
Шет тілдерін оқыту барысында интернет ресурстарын тәжірибе жүзінде іске асыру негізінде кафедраның аға оқытушылары Садуахасова М.Б., Тортаева Э.Қ. және Грибенюк М.А. «Eclipse Cross, Kahoot, Quizlet» бағдарламаларының қолданылу жолдарын тәжірибеде көрсетті.
Мұғалімдердің біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасу мақсатында доцент Новожилова М.В. мен аға оқытушы Лошкова И.Г. шет тілдерін оқытуда интерактивті әдістерді «Mini-project, Portfolio» аясында қолдану жолдарын өз сабақтарында қолданып жүрген әдістер арқылы көрсетіп, мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіруде өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, CLIL пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту жүйесі тақырыбында аға оқытушы Рахимова Ю.С. презентация жасады.
Аталған іс-шара барысында мектеп мұғалімдері өз тәжірибелеріне қатысты заманауи әдіс-тәсілдердің қолданылу мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана алатындай көмек алды деуге болады…


оқытушы Алтынбекова Д.А.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
«Шет тілдері» кафедрасы