М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНА ТӨЛЕМАҚЫ БОЙЫНША

  1. Ата-анасы жоқбілім алушыларға, сондай-ақ I, II, III топтағы мүгедек білім алушыларға немесе бала кезінен мүгедектерге оқудың барлық мерзіміне жеңілдіктер беріледі:

1.1 Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім білім алушыларға - 100%.

1.2.Қамқоршылары бар жетім білім алушыларға  - 50%.

1.3. I топтағы мүгедек білім алушыларға немесе бала кезінен мүгедектер үшін - 50%,

       II топтағы мүгедек білім алушыларға - 40%,

       III топтағы мүгедек білім алушыларға - 30%.

Ескерту:ата-анасы мүгедек білім алушыларғада жеңілдік қарастырылады.

2.Университеттің қызметкерлері, профессор-оқытушылары мен жұмысшылардың балаларына (студент және магистрант):

  • әкімшілік басқару қызметкерлерінің балаларына-15%;
  • профессор-оқытушалардың балаларына-15%;
  • оқу-көмекші және жұмысшылар персоналының балаларына-30% жеңілдік беріледі.

3.Балалары 18 жасқа толмаған көп балалы жанұядан (4 және одан көп балалар) шыққан әр білім алушыға:

  • 4 балалы жанұяға-15%,
  • 5 балалы жанұяға-20%,
  • 6 балалы жанұяға-30%
  • 7 балалы жанұяға-40%
  • 8 балалы жанұяға-50%- жеңілдік беріледі.

4.Әлеуметтік жағдайлары төмен отбасынан шыққан білім алушыларға 20%-50% аралығында жеңілдік беріледі

5.Бір отбасынан (жанұядан) бір мезгілде бірнеше бала Дулати университетінің күндізгі бөлімінде төлемақы негізінде оқитын білім алушылардың әрқайсысына 20% жеңілдік беріледі.

6.Ата-анасы I-III топтардағы мүгедек білім алушыларға:

  • I топқа -30 %,
  • II- топқа- 20%,
  • III топқа -15% жеңілдік беріледі.
  • Ауған соғысының ардагері, Чернобыль атом станциясының зардабын жоюға қатысқан және Семей ядролық полигондағы ядролық сынақтың әсерінен ата-анасы зардап шеккен білім алушыларға-20% жеңілдік беріледі.

7.Ата-анасының біреуі қайтыс болған немесе ата-анасының біреуінің қамқорлығынсыз қалған білім алушыларға-15% жеңілдік беріледі.

8.Университеттің намысын қорғап жүрген спортсмен білім алушыларғатөмендегідей жеңілдіктер қарастырылады:

а)халықаралық жарыстардың жеңімпаздарына (универсиада, олимпиада, әлем, Азия чемпионаты және т.б.)

- 1 орын-100%

- 2 орын-80%

- 3 орын -60%

б) республикалық жарыстардың жеңімпаздарына(әртүрлі ресми біріншіліктер, универсиадалар және т.б.)

- 1 орын-60%

- 2 орын-50%

- 3 орын -40%

9.Олимпиадалық, әртүрлі интеллектуалдық және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздарына төмендегідей жеңілдіктер қарастырылады:

а)халықаралықдеңгейдегі жеңімпаздарға

- 1 орын-100%

- 2 орын-80%

- 3 орын -60%

б) республикалық деңгейдегі жеңімпаздарға

- 1 орын-60%

- 2 орын-50%

- 3 орын -40%

  1. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бастамасымен мектеп оқушылары арасында өткізілетін әртүрлі интеллектуалдық және олимпиада конкурстарының жеңімпаздарынатөмендегідей жеңілдіктер қарастырылады:

   - 1 орын немесе гран-при-100%-барлық оқу кезеңіне (ректордың гранты)

   - 2 орын-75%-барлық оқу кезеңіне (ректордың гранты)

   - 3 орын -50%-барлық оқу кезеңіне (ректордың гранты)

11.Облыстың, қаланың, университеттің қоғамдық-саяси, әлеуметтік өміріне қатысып, университеттің дамуына нақты үлес қосып жүрген белсенді білім алушыларғафакультет декандарының тәрбие жұмысы бойынша Кеңесімен бірігіп берген ұсынысы бойынша белсенді білім алушыларғатөмендегідей жеңілдіктер қарастырылады:

   - 2 курс  білім алушыларына-10%

   - 3 курсбілім алушыларына  -20%

   - 4-5 курс білім алушыларына-25%

       Білім алушылардың барлық санаттары үшін (1 тармақты қоспағанда) төлемақы бойынша жеңілдіктер тек бір оқу жылына, оның ішінде жазғы (қосымша) семестрге, егер сессияға емтихандардан себепті жағдайлармен өтпесе ғана беріледі.

       Білім алушыларға жеңілдіктердің бірнеше категориясы сәйкес келген жағдайда үлкен мөлшердегі жеңілдік беріледі.

       Емтихан сессиясының нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз бағалары барбілім алушылар, сонымен қатар Университеттің ішкі тәртібін және «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушылары, қызметкерлері мен студенттерге арналған Академиялық адалдық ережелерін» бұзған жағдайда келесі оқу семестрінен бастап жеңілдіктерден айырылады. Бұл талаптар 1-тармақта көрсетілген білім алушыларға қолданылмайды.

      Білім алушы төлемақы бойынша жеңілдікке берген өтінішін, себепті жағдайларын растайтын құжаттар алғаш деканаттарда қаралып, аталған ереже талаптарына сәйкес болған жағдайда, университеттің арнайы комиссиясына ұсынады. Құжаттарды қабылдау әр оқу жылының 5-19  қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Факультет декандарының ұсынысы және білім алушылардың өтініштері негізінде

төлемақы бойынша жеңілдікке үміткерлер тізімі арнайы құрылған комиссияда талқыланып, ректордың бұйрығымен жыл сайын рәсімделеді.

УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҚҮНДІЗГІ БӨЛІМІНЕ ШАРУАШЫЛЫҚ ЕСЕБІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАНҒАН БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНА ТӨЛЕМАҚЫ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІКТЕР БЕРУ ҮШІН БЕРІЛЕТІН ӨТНІШТЕРГЕ ТІРКЕЛЕТІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

Төлемақы бойынша жеңілдік сұраған әрбір білім алушы төменде көрсетілген құжаттарды өткізеді:

- университет ректорының атына өтініш;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

-әр-түрлі жағдайларды дәлелдейтін анықтама.

  • Ата-анасынан айырылған тұл жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандығын дәлелдейтін құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
  • Білім алушылар I-III топтардағы мүгедек болса, соны дәлелдейтін құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
  • Ата-анасының біреуі университет қызметкері немесе жұмысшысы болса жұмыс істейтіндігі туралы анықтама.
  • Балалары 18 жасқа толмаған қөп балалы жанұядан шыққын білім алушылар болса,  соны дәлелдейтін отбасы құрамы  туралы анықтама.
  • Әлеуметтік жағдайлары төмен отбасынан шыққан білім алушылардыңәр түрлі жағдайларға байланысты анықтама, (көп балалы отбасы және ата-анасының біреуі жоқ, не болмаса ата-анасының екеуі де мүгедек, т.с.с.).
  • Бір от басынан бір мезгілде 2-3 бала университеттің күндізгі бөлімінде төлемақы негізінде оқитын  білім алушылардың әрқайсысының оқитындығын растайтын анықтама.
  • Ата-анасының біреуі I-III-топтардағы мүгедек немесе қайтыс болған болса, соны дәлелдейтін құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі; ата-анасының біреуінің жұмыссыздығы туралы анықтама.
  • Олимпиадалық ойындарда, халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарда Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы қысқы және жазғы Универсиадасында университеттің намысын қорғап, жеңімпаз және жүлделі орындарды иеленген белсенді спортшы-білім алушылар (Қазақстан, Азия және Әлем чемпионатының) жеңімпаздары екендігін дәлелдейтін құжаттардың қөшірмесі.
  • Өтінішке жеке дара отбасы жағдайына байланысты, қажет болғанда білім алушының әр түрлі жағдайына байланысты құжаттардың нотариалды куәландырылған қөшірмелері және тағы басқа да құжаттар қосымша тіркелуі мүмкін.
Top