"ҰСТАЗ" ИНСТИТУТЫ

Қабылдау телефоны: 8 (7262) 51-40-13

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 16А

Институт жайлы

ХХІ ғасырда еліміздеадам капиталын дамытуға кәсіби үлес қосатын бәсекеге қабілетті және белсенді азаматтық ұстанымға ие педагог тұлғасын қалыптастыру.

Директорат

Ақпарат өңделуде! Кейінірек тексеріп көріңіз.

Материалдық-техникалық базасы

Институт білім беру бағдарламаларын дайындау үшін барлық оқу процесіне қажетті оқу-материалдарымен қамтамасыз етілген. Институттың ғимараттары санитарлық нормалар мен өртке қарсы қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Оқу аудиториялары, лабораториялық базалар, оқу кабинеттері, жатақхана және басқа да орындар, спорттық кешендер бекітілген нормалар мен тәртәпке сай. Институтта 6 оқу ғимараты, 1 жатақхана, 1 агростанция, 15 арнайы аудиториялар бар.

Білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасы жаңарту және жетілдіру мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

Институтта 21 компьютерлік класс, 2 лингофон кабинеті және 2 электронды оқу залы бар. Сондай-ақ 47 заманауи интерактивті проектор және 7 мобильді LED жүйемен жабдықталған.

Институт жетістігі

Ақпарат өңделуде! Кейінірек тексеріп көріңіз.

Түлектерімізбен мақтанамыз

Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы

1978 жылы филология факультетін бітірді.

ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.

Миразова Аягүл Төреқызы

1972 жылы математика факультетін бітірді.

Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназияның директоры


Буданбеков Дамир

Филология факультетін бітірген, атақты спорт шебері.

ҚР бокстан құрама командасының бас жаттықтырушысы, бірнеше шет елдерде спорт шеберлерін дайындаған жаттықтырушы.

Жұмаділов Болат

Әлем біріншіліктерінің жеңімпазы және жүлдегері, екі дүркін олимпиада ойындарының жүлдегері, еңбегі сіңген спорт шебері, Құрмет және Парасат ордендерінің иегері, ІІМ ішкі әскери капитаны,


Ниязымбетов Болат

Боксшы. 1996 жылы Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері. Көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері.

Шәріпова Феруза

Әйелдер арасында кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы.


Досымжан Таңатаров

Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткер. Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

Кұрмаш Махан

Композитор, әнші


Тахмина Әшімбекова

Әнші, XIII халықаралық “Азия дауысы” фестивалінің лауреаты

Бейбіт Сейдуалиева

Әнші

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Институт ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу жұмысының саясаты жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық-педагогикалық ғылымдары саласында іргелі, ізденіс және қолданбалы жұмыстарды жүзеге асыруға бағытталған.

Жұмыс берушілермен бірлесіп орындалған ҒЗЖ және СҒЗЖ нәтижелері ЖОО білім беру үрдісіне белсенді түрде енгізілуде. ҒЗЖ және СҒЗЖ өз алаңында белсенді зерттеу және жоба қызметіне дайын талантты жастарды біріктіреді.

Институтта ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша 5 ғылыми жоба қаржыландырылған. Соңғы жылдары институт ғалымдары тарапынан 22 монография басылып шыққан. 750 ғылыми мақала, оның ішінде 94 халықаралық басылымдарда, сонымен қатар нөлдік импакт-фактор журналдарында оқытушы-профессорлық құрамның 58 мақаласы жарық көрген.

Білім беру үрдісіне ғылыми және оқу орталықтарының жұмысы тартылған: «Бауыржантану» ғылыми орталығы, Ж. Баласағұн атындағы Түркістан аймағын зерттеу орталығы, «Жерұйық» этно-инновациялық орталығы, Өзін-өзі тану орталығы, Балалардың тіл дамуын түзету және қолдау орталығыжәне т.б.

Институтта құзіретті педагогикалық маман қалыптастыруға бағытталған кәсіби мектептер қызмет етеді: профессор М. Б. Мұратбековтің Жас математиктер мектебі, студенттер мен қызметкерлердің «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мектебі, «Шешендік өнер» мектебі, «Әдептілік және көркемдік» мектебі.

Институттазаманауи Робототехника мен кибернетика зертханасы қызмет етеді. Робототехника зертханасы мектептердің оқу үрдісіне робототехникамен байланысты элективтік курстарды ендіру бойынша консалтингтік қызмет көрсетеді.

Оқу-әдістемелік жұмыстар

Институтта 33 бакалавриат, 13 магистратура, 9 PhD докторантура бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламалары мазмұны әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілердің сұраныстарына бағытталған.

Институтта «Тарих», «Информатика», «Математика», «Химия», «Биология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие», «Физика», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламалары бойынша үш тілді маман даярлау қолға алынған, үш тілде барлығы 400-ден аса студент білім алуда.

Студенттер контингенті 4317 адамды құрайды (грантта оқитындар саны 1145 адам).

Институт ПОҚ-ы алдыңғы қатарлы шетел, республикалық ЖОО және орталықтарында жыл сайын біліктілерін жоғарылатады: New Castle университеті (Ұлыбритания), Вильдау қолданбалы ғылымдар университеті (Германия), Ұлы Витаутас университеті (Литва), Senior Expert Service, НЗМ ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» БАҰО АҚ, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және т.б., ғылыми-әдістемелік конференцияларына, семинарларына, тренингтерге белсенді түрде қатысады.

Институтта дуалды оқытудың элементтері бірқатар білім беру бағдарламасымен іске асырылуда. «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша тәжірибе бөлімі «Тараз-Арена» спорт-кешенінде, «Дизайн», «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша - «Аспара», «Асыл-Дизайн» колледждерінде, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» бойынша - «Інжу» балабақшасы мектепке дейінгі білім мекемесінде және №33, №35 орта мектептерінде өтеді.

Қазіргі уақытта институттың жұмыс берушілерімен тиімді қарым-қатынас жасасуы үшін дуалды оқыту бойынша оқу, ғылыми зерттеулер мен студенттердің кәсіби тәжірибелері өтетін мекемелер мен ұйымдарда кафедралардың 35 филиалы қызмет етеді.

Тәрбие жұмыстары

Институттың басты міндеттерінің бірі жастардың бойында жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымын, патриоттық сезімі мен жауапкершілігін жоғары жастарды тәрбиелеу іс-шараларының кешенін жүзеге асыру.

Институтта студенттер мамандықта және өмірде өз орнын табу үшін қажетті білімдер мен кәсіби дағдыларын меңгереді.

Институт мақсаты – тек Жамбыл облысы аумағында ғана емес, Қазақстан бойынша еңбек нарығын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ететін педагогикалық мамандарды даярлаудың ғылыми-әдістемелік орталығы болу.

  • Қанат Көркемжан – «Жылдың жүз үздік ғылыми жобасы» атты республикалық байқауының I орын иегері. Облыстық «ЖЫЛ СТУДЕНТІ» номинациясының иегері.
  • Абылай Ғалия – «Үздік ғылыми жоба авторы» төсбелгісінің иегері. Облыстық «Үздік ЖАС ҒАЛЫМ» номинациясының иегері.
  • Алпысбай Ақнұр – «Үздік волонтер» номинациясының иегері.
  • Нүсіпжанов Ерсұлтан – «Үздік SMM студент» номинациясының иегері.
  • Ермек Мейіржан - Тараз қаласының көркеюі мен дамуына үлес қосқаны үшін Тараз қаласының әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
  • Аязбек Элизат - Самбодан Азия чемпионатының жеңімпазы, әлем чемпионатының қола жүлдегері.
  • Д.Туленді, Н.Абдрахман, А.Қуаныш – «Зеренді» жаздық лагерінде арнайы жоба бойынша I ойынды иеленді.
  • Кадралиев Айбек - Облыс бойынша - үздік жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы номинациясы, республика бойынша жүлделі үшінші орынды иеленді.
  • Тараз мемлекеттік педагогоикалық университеті - Қазақстан Студенттер Альянсының ұйымдастыруымен өткен республикалық жастар форумында «Ең үздік оқу орны» номинациясына ие болды.
  • «Раян-Нұр» жайдарман тобы - Әулиата ашық лигасының чемпионы
  • «Джокерс» жайдарман тобы - ЖОО арасында «Ең үздік Жайдарман командасы» номинациясының иегерлері болды.
Top