ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

DSC 0148

 

КӨБЕЕВА ЖАНАР ӨМІРБЕКҚЫЗЫ
«Қаржы-экономикалық қызметінің» бастығы, бас бухгалтер

Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-41-10
е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Сүлейменов көшесі 7, 1.2-100

                                 

 «Қаржы-экономикалық қызмет» - бухгалтерия, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті КЕ АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 Қаржы-экономикалық қызметтегі бастығы - бас бухгалтер. Қызмет орындалатын жұмыс түрлерінің секторлары бойынша жұмыс істейді: жоспарлау бөлімі, жалақы есептеу секторы, стипендия есептеу секторы, тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу секторы, және оқу үшін төлемді есепке алу секторы.

ҚЫЗМЕТТІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

«Қаржы-экономикалық қызметінің» негізгі міндеттері  «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ-ның шаруашылық қызметін жоспарлау, есепке алу, бақылау және талдау болып табылады. Жоспарлы-қаржылық бағыттың міндеттері болып табылады:

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне, Білім және ғылым министрлігіне ұсынылатын мемлекеттік тапсырыс және университеттің өз қызметі бойынша сметалар жобаларын уақытында құрастыру.
  • Тиісті оқу жылына университеттің кірістері мен шығындарын жыл сайын жоспарлау, университеттің жоспарлау және қаржыландыру жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлеу, «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ қызметкерлерін көтермелеу
  • Қабылдау комиссиясының жұмысы кезінде талапкерлермен де, оқу жылы ішінде білім алушы студенттермен де ақылы негізде келісім-шарттарды рәсімдеуге және қайта рәсімдеуге тікелей қатысу.
  • Контингентті ақылы негізде оқытуға ақшалай қаражаттың уақтылы түсуін бақылау.
  • Жыл сайын университеттің ПОҚ, ӘБП, оқу-көмекші және қызмет көрсету персоналдарының штаттық кестесін құру, тиісті оқу жылына ПОҚ тарификациялық тізімін құру.
  • «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес студенттерге, магистранттарға және докторанттарға олардың үлгеріміне сәйкес стипендия мөлшерін есептеу және беру.
  • Университеттің басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып, университетті қамтамасыз етуге республика бюджетінен бөлінетін еңбек және ақшалай қаражаттың, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражаттың дұрыс және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.
  • Бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалануға, мүліктің болуына және қозғалысына бақылауды қамтамасыз ету.
  • «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ-ның бухгалтерлік есеп стандарттарымен регламенттелген активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар туралы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтау.
  • Шаруашылық-қаржылық қызметтің жағымсыз құбылыстарын уақтылы ескерту және ішкі шаруашылық ресурстарын жұмылдыру.
  • Нормативтік құжаттарға сәйкес салықтық және статистикалық есепті жүргізу және бухгалтерлік есепті белгіленген мерзімде жоғары тұрған тиісті органдарға ұсыну.
Top