Asanov

 

Жаңа ақпараттық технологиялары орталығының директоры
Асанов Ақылбек Аманқайтұлы

Мекен жайы: Төле би көш.,60,
2.2.104 кабинеті
Байланыс тел.: 8(7262) 45-79-85
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.;

 

 

Жаңа ақпараттық технологиялар орталығы (ЖАТО) университеттің отыз бес жылдық тарихы бар құрылымдық бөлімі. Орталық білім беру және әкімшілік қызметтеріне ақпараттық технологияларды еңгізу үшін арналған. 
ЖАТО мақсаты - университеттің өндірістік процесінде жаңа ақпараттық технологияларды еңгізу, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Цифрлық университет» моделіне ауыстыру концепциясын жүзеге асыру Жол картасының орындалуына қатысу, сонымен қатар:

• университетте бірыңғай ақпараттық кеңістік жасау, телекоммуникациялық желімен қоса ақпаратты жіберу жүйесінің жұмыс жасауын қамтамасыз етіп дамыту; 
• университеттің барлық құрылымдық бөлімшелер (деканаттар мен кафедраларды қоса) және компьютерлік кластарда техникалық қызмет көрсету, компьютерлік техниканы жөндеу және жаңарту, бағдарламаларды орнату, профилактикалық жұмыстар жасау;
• компьютерлік кластардың материалды құндылықтарын сақтау мақсатында қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету, студентермен қызметкерлерге қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқау беру;
• «Платон» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмысын бағдарламалық және техникалық сүйемелдеу;
• қабылданған Жол картасы аясында университетте «QYZMET_TARSU» жобасын іске асыру бойынша жұмысты жалғастыру; 
• электрондық құжат айналымы жүйесінің жобасын іске асыру;
• әр түрлі аудиторияларға оқу процесін қамтамасыз ету үшін түрлі оқу жабдықтарын: стационарлық мультимедиялық кабинеттерді, лингафон зертханаларды, бейне, конференциялық байланыстарды, акустикалық жүйелерін орнату;
• оқу процесінде қолдануға арналған мультимедиялық материалдарды: фильмдер, аудио-видео дәрістер, цифрлық оқу құралдарды жасау, университет қызметі туралы жарнамалық материалдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын құру; 
• белсенді желілік жабдықты, VPN, Wi-Fi қосылымын икемдеу;
• талшықты-оптикалық байланыс желілерінің жаңа түйіндерін жобалау;
• Wi-Fi желісін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру, орындау және бақылау. Деректерді табыстайтын жаңа түйіндерін жоспарлау, әзірлеу және орнату. Желінің құрылымы мен деректерді табыстау түйіндерінің техникалық құжаттамасын құрастыру және сүйемелдеу;
• IT - қауіпсіздікпен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
• кабельдік және сымсыз желілер жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және регламенттік жұмыстар жасау;
• нұсқаулыққа сәйкес компьютерлік және кеңсе жабдықтарына жобаланған сақтық, жөндеу және профилактикалық қызмет көрсету;
• компьютерлік техниканың тоқтап қалу мен жаңылуларын тіркеу және талдау, техникалық қызмет көрсету әдістерін жетілдіру;
• компьютерлік жабдықтың жұмысындағы ақауларды уақтылы жою мақсатында келісілген кестеге сәйкес жабдыққа сынақ тексерулерін жүргізу;
• компьютерлік техниканың техникалық құжаттарын сақтауды ұйымдастыру
• барлық деңгейдегі компьютерлік техниканы жаңғырту
• жаңадан келген компьютерлік техниканы қабылдау, орналастыру және пайдалануға беру жұмыстарына қатысу;
• жұмыс орнында техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына қатысу.

  

ЖАТО екі бөліммен бес сектордан тұрады:
Бағдарламалық қамтамасыз етуді даярлау және қолдану бөлімі:
• Программалық жабдықтауды енгізу және сүемелдеу секторы;
• Web-дизайн және желілік технологиялар секторы;

• Техникалық кешен:

• Техникалық қызмет көрсету секторы
• Мультимедиа секторы
• Компьютерлік және интерактивті кластардың жұмысын қамтамасыз ету секторы

Top