CHERNYAVSKAYA NATALYA

 

ЧЕРНЯВСКАЯ НАТАЛЬЯ ПЕТРОВНА,
Тіркеу офисі директоры, техника ғылымының кандидаты

Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-95-95
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Төле би көшесі, 60, ауд.: 2.3.104, 2.3.105, 2.3.101

 

 

 

2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Тіркеу офисінің директоры - Чернявская Наталья Петровна.
Чернявская Н.П. – Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының түлегі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген, 2006 жылы 25.00.36 - «Геоэкология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
Тіркеу офисінде 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Университеттің оқу үрдісінде бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу, бөлім және университеттің нормативтік-әдістемелік базасын жетілдіру, Тіркеу офисінің рөлін күшейту мен үйлестірудің тікелей және белсенді қатысушысы болып табылады.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 2003 жылы оқытудың кредиттік технологиясын (ОКТ) енгізуде алғашқылардың бірі болып тәжірибеге қосылды. Алғашқыда бір факультетке ғана инновациялық жүйе енгізіліп, 2004 жылдың қыркүйек айында оқуға түскен барлық студенттер толығымен оқытудың кредиттік жүйесіне көшірілді. Қазақстан үшін серпінді жобаны ойдағыдай жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмыс топтарына университет қызметкерлерінің қатысуы, Индиана штатының (АҚШ) серіктес университетімен бірлескен жобаны жүзеге асыру, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша ұлттық семинарға қатысу (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2003 ж.), жақсы материалдық-техникалық және әдістемелік база алғышарттардың бірі болды. ОКТ ережесіне сәйкес 2004 жылы университетте жаңа құрылымдық бөлім – тіркеу офисі құрылды.
Тіркеу офисі қызметінің негізгі мақсаты - оқу процесін ұйымдастыру, басқару, жүргізуде сенімділіктің, тиімділіктің және жауапкершіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Бастапқыда Тіркеу офисі тек академиялық жазбаларды сақтау және тіркеу секторларын ғана қамтыды, ал қазіргі кезде бөлім өзара ауысып отыратын қызметкерлермен байланысты 7 сектордан тұрады.
Қазіргі уақытта Тіркеу офисі міндеттеріне оқу процесін ұйымдастыру, жоспарлау мәселелерін шешу және білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау бойынша бірқатар жұмыстар кіреді; оқу үдерісі туралы ақпараттарды басқару; университеттің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдеріне, студенттерге және олардың ата-аналарына кеңес беру көмегін көрсету; техникалық және технологиялық қызмет көрсету, мазмұнды жоғарылату және университеттің сайты мен студенттер порталында ұсынылған мазмұнды кеңейту, тиісті бағдарламалық жасақтаманың қолданылуын жоғарылату, тиісті құрылымдық бөлімшелер мен студенттердің академиялық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде 2018 жылдың 12 қаңтардан бастап «QYZMET_TARSU» білім алушыларға қызмет көрсету орталығы (БҚКО) қызмет атқара бастады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жетістіктерді қолдану негізінде «бір терезе» қағидаты бойынша білімгерлерге қол жетімді және сапалы, уақтылы және тиімді қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында орталық құрылды.
Қазіргі уақытта орталық білім алушыларға 5 қызмет түрін көрсетеді: оқу орнынан анықтама, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына анықтама, транскрипт, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті білім алушыларының ауысу және қайта қабылдау өтініштерін қабылдау.
Тіркеу офисінің жұмысы барысында бөлек және басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесе отырып, университетте білім беру үрдісін ұйымдастырудың нормативтік және әдістемелік негіздерін реттейтін бірқатар құжаттар әзірленді, оның ішінде:
- «Элективті пәндер каталогын қалыптастыру туралы ереже»;
- «М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аудиторлық қорын басқару туралы ереже»;
- «М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқытушылары, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелері»;
- «Оқытушының электронды журналы» модулімен жұмыс жасау бойынша жұмыс нұсқаулығы;
- «Университетте жазғы семестрді ұйымдастыру туралы ереже» (05.05.16 жылғы ректордың №206 бұйрығымен бекітілген).

Тұрақты негізде мынадай құжаттар белсенді рөл атқарады:
- «М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-де оқу үрдісін ұйымдастырудың академиялық ережелері»;
- «М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті оқытушысының ар-намыс кодексі»,
- «Білім алушылардың аралық аттестациясын ұйымдастыру мен өткізу технологиясы» және т.б.

Мыркалыков Бауыржан – материалдарды бақылау-өлшеу секторының жетекшісі, PHD доктор. Емтихан билеттерін және тест тапсырмаларын кафедралар бойынша Тіркеу офисіне заманауи және сапалы қадағалау арқылы дайындалып өткізілуіне жауапты. Сонымен қатар, оқу үдерісіне енгізу, өңдеу технологиясы процесін үйлестіру әдістемесін әзірлеу және бақылау-өлшеу материалдарына жауапты.
Сыдыкова Гульсара - тіркеу секторы жетекшісі, техника және технология магистрі. Оқу үрдісін қалыптастыру үшін тіркеу, қайта тіркеу, академиялық ағымдарды қалыптастыру және кестені үйлестіру бойынша рәсімдерді ұйымдастыруға жауапты.
Турарова Балжан – академиялық жазбаларды сақтау секторының жетекшісі, ақпараттық жүйелер магистрі. Ақпараттық ағындарды басқаруға, барлық курстағы білім алушылардың аралық бақылауларын жүргізу және академиялық қарыздарды жою процестерін ұйымдастыруға жауапты.
Орынбаева Ақмарал – емтихандарды жүзеге асыру және ұйымдастыру секторының жетекшісі, заң ғылымдарының магистрі. Емтихан нысандарына сәйкес емтихан кестесінің үйлестірілуін жүзеге асырып, емтихандардың жүзеге асыру технологияларын қадағалап және ұйымдастыруға жауапты.
Манапбаев Марат - оқу процестерін ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі, ақпараттық жүйелер магистрі. Құрылымдық бөлімшелерде ОР компьютерлік бағдарламалық модульдерінің үзіліссіз жұмыс істеуіне және ақпараттық ағындарды басқаруға жауапты.
Мусабаева Сандуғаш - оқу үрдісін үйлестіру секторының жетекшісі, экономика және бизнес магистрі. Оқу мен емтихан кестелерін жасау және ұйымдастыруды бақылау, кафедраларда ОСӨЖ графиктерін жасауды үйлестіруге, сонымен қатар аудиторлық фондтарды үйлестіруге, оқу мен еңбек тәртібіне іріктеме бақылау жасауға жауапты.
Бекболатов Самат – «QYZMET_TARSU» БҚКО сектор жетекшісі, техника ғылымдарының магистрі. «Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша студенттерге уақытылы және тиімді қызмет көрсетуге жауапты.

Тіркеу офисінің командасы – DREAM TEAM команда!

CENTR KROVI OFIS REGISTRATORAҚан орталығы, «Жақсылық жаса» акциясы

DETSKII DOM OFIS REGISTRATORA22 наурыз 2016 жыл К.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйі, қайырымдылық акциясы 22 наурыз 2017 жыл

JANA JYLDYK KOORPORATIVЖаңа жылдық корпоратив

KOMANDA ADMINISTRACII CHEMPION PO ARMRESTLINGU

27 желтоқсан 2016 жыл «Әкімшілік» командасы –
армрестлинг бойынша жеңімпаз, 2018 жыл

       

Top