"Тараз университеті" баспасы қызметкерлері туралы мағлұмат

1 

Қосбол Сәрсенғали Мінәжәтдинұлы 
«Тараз университеті» баспасының директоры,

ұялы тел.: 87711368434

 
 2  

Алдыкеева Гүлназ Маханбетқұлқызы  
«Тараз университеті» баспасының редакторы,

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 3  

Күзембаева Нүрзипа Бейбітқызы
«Тараз университеті» баспасының сектор жетекшісі,

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 4  

Дәуірбекова Гүлзия Нұрпапақызы
«Тараз университеті» баспасының маманы,

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 5  

Қошқарбаев Нұрдаулет Қайратұлы  
«Тараз университеті» баспасының маманы,

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 6 Сыдығалиева Айнұр Тұрысбайқызы  
«Тараз университеті» баспасының маманы
 7  

Юсупова Назира Абдумажитқызы
«Тараз университеті» баспасының маманы,

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

«Тараз университеті» баспасының қызметі.

«Тараз университеті» баспасы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемле-кеттік университетінің оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және арнайы әдебиеттерді, сондай-ақ, сұранысы жоғары бұрын шығарылған әдебиеттерді қайта басып шығаратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады. «Тараз университеті» баспасы 2002 жылы құрылған. Баспа қызметінің құқығы ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Академиясы президиумының №3, 06.10.2000ж. шешімі бойынша берілген.
«Тараз университеті» баспасының негізгі мақсаты оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін университеттің Ғылыми Кеңесінде бекітілген жылдық тақырыптық жоспар бойынша мемлекеттік білім беру стандартына сай оқу құралдарын, оқу-әдістемелік әдебиеттер, ғылыми жұмыстар, анықтамалар, ақпараттық-жарнамалар және т.б. әдебиет түрлерін, сонымен қатар М.Х. Дулати атындағы ТарМУ ПОҚ ғылыми деңгейін жоғарылату мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспарына енгізілген ведомствалық әдебиеттерді басып шығару болып табылады. Басылымдар орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде шығарылады.
«Тараз университеті» баспасы мерзімді басылымдар – «ТарМУ хабаршысы», «Технологиялық процесстерді механикаландыру және үлгілеу» ғылыми журналдарын дайындап баспадан шығарады.
Бүгінде М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің баспасы - Жамбыл аумағындағы жоғары оқу орны баспасының көшбасшысы ретінде танымал. ТарМУ баспасының жоғары беделі, ең алдымен жұмыс нәтижелілігімен көрінеді.
Сонымен қатар университет баспасы қолжазбадан бастап, өнімнің шығарылымына дейін әдебиеттің толық басылып шығарылуын қамтамасыз етеді. Өз қызметінің қалыптасқан негізгі бағытын, атап өтетін болсақ, оқу және әдістемелік әдебиеттерді, монографиялар мен ғылыми жарияланым-дардың жинақтарын сақтай отырып, баспа публицистикалық, мемуарлы және басқа әдебиеттерді шығаруда нәтижелілік танытуда.
Бұл бағытта алдына қойылған міндеттерді мүлтіксіз орындау үшін университетте барлық қажетті жағдайлар жасалған. Бүгінде “Тараз университеті” баспасында компьютерлік беттеу және дизайнын жасайтын мамандар мен редакторлық-корректорлық бөлімі бар. Жедел басылым секторы түрлі жоспардағы баспа полиграфиялық, сондай-ақ басылғаннан кейін шығарылатын барлық қажетті жұмыстар жүргізілетін түптеу құралдарымен жабдықталған. Баспаның полиграфиялық базасы сапалы өніммен ТарМУ-тін ғана емес, басқа да тапсырыс берушілерді қамтамасыз етеді.
Бүгінде “Тараз университеті” баспасының базасы айтарлықтай күшейтілген. Баспаның техникалық базасы қазіргі заман талабына сай, әрдайым жаңартылып отырылады.
Сонымен бірге, ректорат тарапынан баспа қызметінің мәселелері бойынша және өңделген техникалық, кадрлық қайта жабдықтауда көрсеткен көмегінің арқасында басылып шығару мерзімі қысқартылып, полиграфиялық қызметтің сапасы жоғарылады, сондай-ақ басылып шығарылатын әдебиеттердің көлемі ұлғайды.
Айтакететін жағдай, жылдан-жылға қазақ тілінде шығарылатын оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдары және арнайы әдебиеттер, әсіресе техника мамандықтарына арналған кітаптар саны артуда. Университеттің қашықтықтан оқыту бағдарламасында бірнеше жыл бойы қатысуына байланысты университетте басылып шығарылған баспа жұмыстарының электрондық мұрағаты жүргізілуде. Бүгінде бұл мәліметтерді қашықтықта оқыту үшін, университеттің электрондық кітапханаларында қолдануға болады; сондай-ақ бұл мәліметтер университеттің интернет сайтында көрсетілген.
Озық әдіс-тәсілдерді; баспа қызметінің технологияларын; оқу құралдарының мұқабаларын, жарнамалық буклеттердің, монографиялардың және баспа өнімдерінің өзіндік әрлендіруін өндіруге мүмкіндік беретін қазіргі заман талабына сай бағдарламалық қамтамасыз етуді ендіру бойынша жұмыс жасалуда. Баспа қызметінде қолданылатын жаңа бағдарлама өнімдерін меңгеру бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіліп жатыр.

Top